9. Психикадеңгейлерінің өзара байланысы Адамның психикалық іс-әрекеті және оның психикасы бірдей уақытта
үш өзара байланысты деңгейде қызмет етеді. Мұндай деңгейлер ғылымда
келесідей аталған: бейсана, астар сана және ашық сана. Психикалық іс-әрекеттің бейсана (бессознательный) деңгейі адамда,
жалпы жануарлар әлемінде тума инстинктті – рефлекторлы қалыптасады.
Бұл деңгейдегі барша әрекет – қылықтар ой түсінімінде жоқ, ойластыруға
келмейтін биологиялық тетіктер арқылы басқарылып, реттеледі. Олардың
бәрі биологиялық қажеттерден туындайтын әрекеттер, яғни – организмнің
және тек өкілінің өз тіршілігін сақтауы, жалғастыруы (қоректену, қорғану,
ұрпақ қалдыру).
Алайда, адам әрекет-қылығының (генетикалық шартты) бағдарламасы
түптен дербес емес, ол дамудың соңғы кезеңдерінде қалыптасқан ми
құрылымдарының бақылауында болады. Дегенмен, кейбір сындарлы
жағдайларда (адам басына қауіп-қатер төнгенде) бейсана психика өзінен
өзі іске қосылып, тіршілік сақтау, қорғану әрекеттерін реттеп, басқарады.
Тек өкілінің (индивидтің) бұл көңіл-күй және бей-берекет (импульс)
әрекеттері аймағы ми жарым шарларының таламус және гипоталамус
бөліктерінде орналасқан.
Психикалық іс-әрекеттің астар сана (подсознательный) деңгейі -
жеке тұлғаның тәжірибесінде жалпыланып, автоматтық күйге енген оның өз әрекет-қылығының тұрақтанған формалары – ептіліктері, дағдылары, әдеттері, сезімдік көрегендігі (интуиция). Тек өкілінің
мұндай әрекет-қылықтарының негізі оның алғашқы даму кезеңдерінде
қалыптасқан. Бұлар қатарына бас миының қабық асты (лимбикалық)
жүйесінде құрылымдық орын тепкен импульстік-көңіл-күйлік (импуль-
сивно-эмоциональные) әрекеттері аймағы да кіреді. Осы психикалық
аймақта тек өкілінің өзі сезбейтін ұмтылыстары, ниеттері, құмарлықтары
мен ұстанымдары қалыптасады. Бұлардың бәрі тұлғаның ырықсыз
аймағы, «адамның екінші табиғаты» немесе дағдылы жеке қылық-
әрекеттерінің «көзі», бойға біткен мінез әдеттері.
Астар сана көп деңгейлі құрылым: төменгі деңгейде ол –
автоматтасқан дағдылар және олардың бірігімдері, ал жоғары деңгейде
бұл – сезім көрегендігі (интуиция).