Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



Pdf көрінісі
бет26/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   97
Психология негіздері

Орындаушы іс-әрекетте субъект басқа да субъекттермен байланыс 
жсауымен шектелмей, еңбек затына тікелей ықпал жасайды, онымен 
қатынасқа түседі.
Басқару әрекетінде бір субъект өзге субъекттердің қызметін 
ұйымдастырады және олардың сатылы өзара бағыну деңгейлерін бел-
гілейді.
Қолданбалық тұрғыдан іс-әрекет тікелей және жанама типтерге 
бөлінеді.


8
Тікелей іс-әрекетте еңбек субъекті өңдіруге не өңдеуге, т.с.с, түскен 
затқа тікелей әсер-ықпал жасайды әрі оған байланысты ақпаратты нақты 
табиғи көзбен қолма-қол алады.
Жанама іс-әрекетте еңбек заты жөніндегі ақиқат адамға белгі
рәміз күйінде жеткізіледі (код, сұлба, формула, буклет, индикаторлық 
құралдар).
12. Негізгі психикалық үдерістер
Психикалық үдерістер – психикалық іс-әрекет көріністерінің 
жиынтығы. Әрбір психикалық үдеріс жалпы бейнелеу нысаны мен бір 
текті бейнелеу – реттеу ерекшелігіне ие. Мұндай үдерістер танымдық, 
еріктік және көңіл-күйлік болып ажыралады.
Танымдық үдерістер әрекет-қылықтың бағыт-бағдар негіздемесін 
қамтамасыз етеді және оның ақпараттық қорын қалыптастырады. Бей-
нелеу нысанына орай олар бес түрге бөлінеді. 
1. Сезімдік (сенсорлы) үдерістер болмыстық жеке қасиеттерін 
(физикалық, химиялық, т.б.) бейнелейді. Бұл үдерістердің психикалық 
нәтижесі түйсік деп аталады. Сенсорлы үдерістер түр ерекшелік-
терімен бір қатар жалпы психикалық заңдылықтарға жүгінеді: олар 
сезімталдықтың жоғары және төмен, айырма (дифференциалды) 
табалдырықтарымен шектелген, адаптация (бейімделу), сенсибилиза-
ция (сезімталдық), шұғыл айырма (контраст) және синестезия (қосарлы 
түйсік) заңдарына бағынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет