Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



Pdf көрінісі
бет22/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   97
Психология негіздері

10. Психика және іс-әрекет
Адам психикасы оның іс-әрекетінде қалыптасады әрі көрініс береді.
Іс-әрекет – жалпы адамзаттық тәжірибе негізінде саналы белгі-
ленген мақсаттарға жету арқылы болмысты игерудің адамдық әдіс-
тәсілдері.
Адамның қандай да әрекеті белгілі сеп-түрткілерден болады 
да нақты мақсатқа бағдарланады, сонымен бірге ол арқылы түрлі, 
мәселелер шешімін табады әрі адамның қоршаған ортаға болған қатынас, 
көзқарасын танытады. Іс-әрекет сананың барша қызметін, толықтай 
көңіл-күй толғаныстарын өз ішіне қамтиды. Әрбір адамдық қарапайым 
әрекет, яғни адамның нақты тән-денелік әрекеті – міндетті түрде 
қайсы бір психологиялық әрекетпен, әрекеттегі адамның басқаларға
қоршаған ортаға қатынасын білдіруші ауқымды күйзеліс-қуаныштары 
және бағаларымен бірлесе жүреді.
Психика Іс-әрекетте қалыптасып, мінез-құлықта белгі береді.
Өзіндік іс-әрекеттің дерек-мәнін түсіну оның орындалу шарт, 
жағдайларына өзгерістер ендіреді, нәтижеде оның жалпы жүрісі мен 
сипаты жаңа өң алады; іс-әрекет сыртқы тітіргендіргіштерге жауап 
қимылдардың қарапайым бірігімі болып қалмастан, ол енді басқаша 
реттелуге түседі: іс-әрекет өзіне арқау болған физиология заңдылықтары 
тұрғысынан түсіндірілмей, психологиялық заңдылықтар биігінен 
айқындалуды қажет етеді.
Сана адам іс-әрекетін сырттай басқаратын тысқы орта күші емес. Ол 
іс-әрекеттің алғышарты, сонымен бірге оның нәтижесі де.
Сананың әрқилы денгейлері мен типтері сонымен бірге әрекет-
қылықтың да түрлі деңгейлері мен санқилы типтерін білдіреді (бейсана 
жауап қимылдар, түсінімді әрекет, әдет қылықтар). Сана дамуындағы 
сатылар әрекеттің не мінездің қылықтық ішкі табиғатындағы 
өзгерістерді аңдатады, ал ішкі табиғи өзгеріс іс-әрекеттің сырттай 
шынайы өту психологиялық заңдылықтарына ықпал жасап, оларды 
өзгерістерге келтіреді. Осыдан, сана құрылымын өтіп жатқан әрекеттің 
сыртқы, шынайы көрінісімен анықтауға, түсіндіруге болады.


5
Сонымен, сана мен іс-әрекеттің не мінездің қылықтық бірлігі сана 
мен болмыстың не тұрмыстың, субъект пен объекттің бірлігіне негізде-
леді. Ал сана осы бірліктің мазмұнын жанама күйге келтіреді. Нысанға 
деген бір қатынастың өзі санаға да, әрекет-қылыққа да себепші болады, 
бірі – психикалық бейне (ой) пайда етсе, екіншісі – заттасқан әрекетке 
жұмылдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет