Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Шығармашылық. Шығармашыл ойлау



Pdf көрінісі
бет48/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   97
Психология негіздері

24. Шығармашылық. Шығармашыл ойлау
Шығармашылық іс-әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа, қалыптан 
тыс ізденістерге дем беріп, қоғамдық дамудың ілгерілеуін қамтамасыз 
етеді.
Шығармашыл ойлау – жаңа идеяларға, қоғам жаңалықтарын ашу 
мен жаңа шешімдерге қол жеткізіп, проблемалардың түбегейлі, бұрын-
соңды болмаған жолдарымен анықталып, өріс алуына мүмкіндік беретін 
ойлау әдіс-әрекеті.
Әдетте, психологтар шығармашылдыққа кедергі болар төрт
психикалық жәйтті атайды:
Конформизм (еліктегіштік)  адамның басқаға ұқсап бағу ниеті.
Адамдар өзгелер ортасында бөлектеніп көріну қаупінен өздерінің 
жаңалықты идеяларын айтудан тартынады. Олардың мұндай қатерленуі 
көбіне балалық шақтағы ересектер мен құрбыларының түсініспестігі мен 
мінеуіне ұшырап, опық жегенінің салдарынан.
Цензура (тыйым салу) - өз идеясына болған ішкі сын. Қатаң ішкі 
цензуралы адам проблеманың өз бетінше шешілуін күткенді абзал 
көреді, немесе шешім жауапкершілігін басқаға аудара салғанды мақұл 
тұтады. Мұндай ынтасыздық, әдетте, әміршіл-әкімшіл тәрбиені ұстанған 
және көрінген нәрсені сылтау етіп сынағанды, кейіп жекігенді әдетке 
айналдырған ата-ана балаларында қалыптасады.
Ригидтік (кертартпалық) – бір үйреншік көзқарастан, пікірден 
басқасына ауысу қиыншылығы. Ригидтік дайын шешімдерді жетілдіру-
ге, таныс, қалыптағы заттар мен құбылыстардағы тосын жаңалықтарды 
сезінуге мүмкіндік бермейді.
Шұғыл жауап табу ниеті. Шұғыл жауап табу - әркімде бола бермей-
тін қасиет. Әдетте, ең «әдемі» шешім «шығармашылық үзілісі» кезінде,
адамның шешілуі тиіс проблема үстінде қадалып отыра бермей, зейінін 
одан ауыстырып, босаңсыған дем алыс шағында ойға түседі.
Шығармашыл тұлғалар психологияда нонконформистер деп 
аталған. Мұндай адамдар қоршаған орта талаптарын өз ұстанымдарына 
сәйкес келсе ғана, қабылдайды. Олардың өмір, қоғам, төңіректегі дүние 
жөніндегі дүниетанымы қалыптан тыс, жұрт ойындағыдай емес. Бұл 
адамдар идеологиялық құрсаудан азат. Шығармашыл тұлғалардың интел-


50
лекті бірігімді (синтетичен): олар әрқилы құбылыстар арасында байла-
ныстар түзуге құштар. Сонымен бірге мұндай тұлғалардың ойлау әрекеті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет