57
Психикалық қалыптар
ситуативті және
тұлғалық болып
бөлінеді.
Ситуативті қалып – оқиға туындаған
жағдайларға тәуелді болған
психикалық іс-әрекеттің уақытша өту ерекшелігімен сипатталады. Олар
тұлғаның жалпы әрекет-қылықтық
белсенділігін анықтаушы жалпы
қызметтік және іс-әрекет пен мінез-құлықтық күрделі жағдайларындағы
психикалық күйзелісті, сонымен қатар дау-дамайлы,
жанжалды
психикалық қалыптарға ажыралады.
Тұлғаның тұрақты психикалық қалыптары келесідей:
ұтымды
және
күйзелісті қалыптар,
аралық қалыптар (психопатия, невроздар,
ақыл-ес кемістігі); бұзылысқа түскен сананың психикалық қалпы.
Жалпыланған негізгі психикалық қалып – бұл ой, сана
сергектігі.
Сергектік қалып – бұл сананың жарқын да айқын ұтымды қалпы,
адамның саналы іс-әрекетке қабілеттілігі.
Шаршап –шалдығу қалпы – уақытша жұмыс қабілетінің кемуінен,
физиологиялық қызметтерде болатын қалыптан тыс өзгерістерден және
жедел әрі ұзақ мерзімді іс-әрекет салдары ізімен туындайтын шаршау
сезімдері тобындағы субъектив түйсінулерден пайда болатын ағза
қалпы.
Психикалық күштену (напряжение) қалпы – іс-әрекеттің
күрделенген жағдайларындағы интеллектуалды және эмоциялы – еріктік
құбылыстары.
Тұлғаның дағдарысты қалпы – адамның психикалы бұзылысқа кел-
тіруші жағдайларға жауап қатынасы, әрекеті. Бейімшіл тұлға, әдетте,
өз
ұстанымдарын қорғаныс бағытында қайта жасап, өзгерістерге
келтіре алады. Психикалық жарақаттан болатын жандүниелік күйзеліс,
жөнсіздік қайта түзеуге келген рет-тәртіптілікпен оң бағытқа түседі,
ал адамның ішкі жан әлеміндегі кейде орын алатын жалған тәртіптілік
(псевдоупорядоченность) тұлғаның әлеуметтік ортадан аласталып, мұңды
қиялға (грезы) батуына, ал
кейде ішімдікке, нашақорлыққа берілуіне
себепші болады.
Достарыңызбен бөлісу: