60
ғана
құбылыс емес, ол әрқилы
психикалық сатыларды қамтып, түрлі
қызметтерді орындайды. Ми белсенділігіне байланысты «жай ұйқы»
және «шапшаң,
әдеттен тыс, ұйқы» - ажыралады.
Хартман болжамынша, ұйқы мезетіндегі адамның сыртқы ортадан
ажыралуы күні бойы жинақталған ақпаратты өңдеу үшін қажет.
Ұйқы кезіндегі көретін түстеріміз біздің сеп-түрткілеріміз
бен ни-
еттерімізді бейнелейді. Түс көру адамның
орындалмаған тілектерінің
символдық іске асуын қамтамасыз етеді, бітпей қалған істен не қатерлі
ойлардан болған қозу ошақтарына басу береді.
Фрейд пікірінше, түс көру күні бойы
жинақталған эмоционалдық
күйзеліс, күштенуді азайтып, психологиялық жайлылық (комфорт) бе-
реді, осыдан адам қанағаттану сезімін алып, бойын жеңілдетеді.
Фаулкс
зерттеулері көрсеткендей, түс көру, ұйқы кезіндегі мидың жедел қызметі
адамға ұйқы мезетінде оның проблемаларын шешуге жәрдем беру немесе
адамды күйзелткен ниеттер мен толғаныстарды басу қасиетіне ие.
Достарыңызбен бөлісу: