Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Ортақтасу түсінігі. Ортақтасу және сөйлеу



Pdf көрінісі
бет88/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   97
Психология негіздері

46. Ортақтасу түсінігі. Ортақтасу және сөйлеу
Ортақтасу (общение) – адамдар арасындағы рәміздік жүйе арқылы 
қоғамдық тәжірибе мен мәдени мұраны бірден бірге өткізуге және 
бірлікті іс-әрекет ұйымдастыруға бағышталған өзара әлеуметтік 
ықпалдасты қатынас түрі.
Ортақтасу әрекеті өзінің  мазмұны, қызметі және құрал-жабдықтары
бойынша ажыралады.
Ортақтасу мазмұны көп мәнді, оның мақсаттары атқаратын 
қызметтерімен байланысты келеді. Психологияда ортақтасудың төрт не-
гізгі қызметі аталады: ақпараттық – тілдесу (ақпарат қабылдау және 
жеткізу); реттеу-тілдесу (адамдардың өзара бірлікті іс-әрекеттерін 
ұйымдастыруға бағышталған интерактивті саналық қатынасы
қабылдау-тиімділік (адамдарды әлеуметтік нысан ретінде қабылдап, 


9
олардың көңіл-күй аймағына ықпал жасау); көңіл-күй – сезім шарпуы
(адамның өзіндік көңіл толғанысын сездіре білуі).
Қолданылған құрал-жабдықтарына орай ортақтасу тікелей және 
жанама, тура және қосымша, сөздік (вербалды) және ым-ишаратты
(паравербалды) болуы мүмкін.
Ортақтасу техникасы – психикалық байланыстар құру, ортақтасқан 
адамға ықпал жасау үшін әрқилы психикалық тәсілдерді қолдану; 
ортақтасу формасына сәйкес құрал-жабдықтар таңдау.
Ортақтасу формалары: іскерлік, кәсіби, тұрмыстың, жеке және 
көпшілікпен байланыс жасау. 
Сөйлесудің (коммуникация) негізгі құралдары – лексикалық және 
синтаксистік ұйымдасқан табиғи ауызша сөз. Сөйлесу барысында хабар-
лаушы айтатынын рәміздік (код) жүйеге келтіреді де ақпарат қабылдаушы 
оны рәміздік күйден ұғымға келтіреді (декодирование). Ақпаратты рәмізге 
түсіру, оны сөздік құрамға келтіру ақпараттың мән-мағынасын алдын 
ала ұғып алуға байланысты орындалады. Ал ақпаратты қабылдау сөздік 
сигналдардың  рәміздік шешімін табу (декодирование) және олардың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет