Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Мінез бітістерінің асқынуы –



Pdf көрінісі
бет84/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   97
Психология негіздері

Мінез бітістерінің асқынуы – міне здің қа лыпт ан тыс 
жағдайлары, жалпылай мінез тұрақтылығына ие болумен бірге 
кейбір әсер – ықпалдарды көтере алмауы (әзілге шыдамсыздық, 
сын көтермеу және т.б.).
41. Темперамент: қасиеттері мен типтері
Темперамент – тек өкілінің психикалық белсенділігінен көрінетін 
психодинамикалық қасиеттерінің бірлігі, яғни психикалық жауап 
әрекеттерінің жеделдігі, шапшаңдығы, қарқыны.
Академик И.П.Павлов темпераменттің физиологиялық негіз-
дерін талдай отырып, бұл психикалық қасиеттің жүйке жүйесі типіне 
тәуелділігін, бас миы қызметінің жеке жүйке үдерісі – қозу мен теже-
луге байланыстылығын дәлелдеді. Жүйкенің қозу мен тежелу күші, 
тепе-теңдігі және қозғалмалылығы тумадан, әр адамда әрқилы.Осы 
қасиеттердің ара қатынасына орай И.П.Павлов жоғары жүйке қызметінің 
 типін ажыратты: «ұстамсыз» ( жүйке жүйесі күшті, қозғалмалы, қозуы 
басым – холерик темпераментіне сәйкес) ; «тіршең» (жүйке жүйесі 
күшті, қозғалмалы, қозуы мен тежелуі тең – сангвиник темпераментіне 


88
сәйкес); «байсалды» (жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, селқос
флегматик темпераментіне сәйкес); «әлсіз» (жүйке жүйесі нашар, 
тежелуі басым, қозғалысы кем – меланхолик темпераментінің негізі).
Темперамент атауларын ғылымға алғаш ежелгі грек дәрігері  Гип-
пократ (60-377ж. б.э.д.) енгізген. Ол темперамент түрлерін адам 
ағзасындағы әрқилы сұйықтықтардың басымдылығына қарай ажыратқан: 
қаны (сангвис) басым – сангвиник (қайратты, жылдам, өмірі шуақ, 
көпшіл, қуанышқа да , күйзеліске де бірдей төзімді; сары өті (холэ) – хо-
лерик ( ашушаң, шыдамсыз, қызбалы, ұстамсыз, күйгелек, көңіл кейпі 
ауыспалы; шырышы( флегма) басым – флегматик (байсалды, жайсаң, 
ұстамды, бір істен екіншісіне ауысуы қиын, жаңа жағдайларға бейімделуі 
ауыр); қара өті (мелайнахолэ) басым (запыранды) – меланхолик (тұйық, 
ұяң, көңілшек, тартыншақ, тез шаршайды, қиындыққа төзімсіз).
Темпераментте біріге көрінетін жүйкелік қасиеттер тобы тек өкілінің 
бірнеше психикалық ерекшеліктерін береді: 
. Психикалық үдерістер шапшаңдығы мен жеделдігі, психикалық 
белсенділік, бұлшық ет – моторлы қимыл, қозғалыстар түрі.
. Сыртқы ауыспалы жағдайларға бейімділік, икемшілдік не бір -
беткейлік.
3. Әрекет-қылықтың бір тарапты сырттай әсерлерге басыбайлылығы 
(экстраверсия) не адамның өз ішкі дүниелік сезімдері мен ұғымдарына 
тәуелділігі (интроверсия).
. Сезімталдық, көңілшектік, қабылдағыштық, көңіл қызбалығы мен 
шарпулылығы және олардың тұрақтылығы.
Кейбір темперамент түрлерінде аталған сапалар жеке адам болмысына 
орай «араласа» көрінеді.
Әрқилы өмір жағдайларына байланысты туындайтын психикалық 
қалыптар адам темпераментіне тәуелді келеді. Алайда, адамның 
әрекет-қылық мәдениеті темпераменттен болмай, тәрбиеге тәуелді 
қалыптасады.
Құбылыстарға, өмір міндеттеріне, төңіректегі адамдарға қатынасының 
шама, деңгейіне орай әр адам өз мейлінше күш-қуат жұмсап, өзінің 
төзімділігін нығайтуға қабілетті, өз әрекеттерінің жеделділігімен жұмыс 
қарқынын өзгерте алады.
Адам мінезінің ерекшеліктері, яғни оның әрекет-қылықтарының 
мәнері (стилі) – тікелей темпераментке тәуелді. Осыдан, темперамент 
мінезге тиісті жеке қасиеттерді өрбітуші, адамның айырым қабілеттерін 
дамытушы табиғи негіз.


89
Адамдар әрқилы жол, тәсілдерді пайдаланумен өздерінің «әлсіз» 
тараптарына психикалық толықтырулар беру арқылы бірдей табыстарға 
жетуі мүмкін.
Өмір жағдайларының әсерінен холерикте селқостық, шабандық, 
енжарлық, ынтасыздық туындап жатса, ал меланхолик қайратты да 
табанды болып шыға келеді. Тұрмыстық тәжірибе мен адам тәрбиесі 
оның темпераментіне әрдайым «бүркеме» қызметін атқарады. Деген-
мен, тосын, аса күшті ықпалдардан, қатерлі жағдайлардан, бұрыннан 
қалыптасқан тежеулі жауап әрекеттер қозу қалпына келіп, жаңа сапаға 
көтерілуі мүмкін. Холериктер, меланхоликтер шыдамсыздық пен 
психикалық ұстамсыздыққа бейім келеді. Алайда, тұлға қылығы мен 
жалпы адамдардың әрекеттік болмысын түбегейлі бір тума, табиғи ере-
кшелікке байланыстыра бағалау ғылыми тұрғыдан қате.
Сонымен, адамның өмір және іс-қызмет шарттарына тәуелді оның 
қайсы бір темпераменттік қасиеттері күшейе түссе, енді біреулері бәсең 
дәрежеде білінеді. Табиғи шарттылығына қарамастан, темпераментті 
тұлғалық сапа ретінде қарастырған жөн, себебі онда адамның табиғи да, 
әлеуметтік игерілген де қасиеттері көрініс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет