қыздыру жалынды пештерде қыздыруға қарағанда аса үнемді. Алайда оны кеңінен қолданады,
өйткені ол еңбек өнімділігін жоғарылатуға, процесті автоматтандыруға және оның жоғары
тұрақтылығын қамтамасыз етуге, еңбек жағдайларын жақсартуға және металдың (қалдық) от
қабыршық түзуіне шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Электрлік кедергі пештері
конструкциясы бойынша жалынды пештерге ұқсас, бірақ шілтерлердің орнына жұмыс
кеңістігінің ішінде олар арқылы электр тогы өткізілетін қыздыру элементтерін орнатады.
Табаны жылжымалы камералық пештің типтік конструкциясы сұлба түрінде 3.10-
суретте көрсетілген. Пеш табанының 1 арнайы жетектің көмегімен алдыңғы қабырғамен және
дайындамалармен 2 бірге пештен тыс шығып кету мүмкіндігі бар.
Сонымен бірге қыздыру элементтері 3 және пеш корпусы 4 жылжымайтын болып қалады,
бұл ірі дайындамаларды цехтық көтергіш-тасымалдау жабдықтарымен еркін тиеуге мүмкіндік
береді. Электр пештері оңай механикаландырылған және автоматтандырылған болуы мүмкін,
бұл оларды автоматтық ағынды желілерге кірістіруге мүмкіндік береді.
МҚӨ кезінде дайындамаларды қыздыру үшін, жалынды және электр пештерінен басқа,
электрмен қыздыру қондырғыларын (құрылғыларын) қолданады. Бұл құрылғыларда
дайындамаларды қыздыру жылдамдығы қыздыру пештеріне қарағанда 10…20 есе артық, ал
металдың қалдығы 0,5 % дейін азаяды. Индукциялық қыздыру құрылғылары аса кең таралған.
Индукциялық қыздыру кезінде (3.11-сурет) дайындама 1 тиеу құрылғысының 3 көмегімен
сумен салқындатылатын мыс түтік орамдарынан жасалған орауышты білдіретін, индукторға 2
орнатылады.
Айнымалы ток индуктор арқылы өтіп, магнит өрісін қоздырады, нәтижесінде
дайындамада оны жоғары температураға дейін қыздыратын құйынды токтар пайда болады. Ток
жиілігін дайындамалар диаметріне байланысты таңдайды: дайындама диаметрі неғұрлым үлкен
болса, қолданылатын токтың жиілігі соғұрлым аз болады. От қабыршығының түзілуін
болдырмау үшін қыздыру бейтарап газдар атмосферасында жүргізіледі.
1 – табан; 2 – дайындамалар; 3 – қыздыру элементтері; 4 – пеш корпусы
3.10-сурет – Табаны жылжытылатын камералық электр пеші
1 – дайындама; 2 – индуктор; 3 – тиеу құрылғысы
3.11-сурет – Индукциялық электрмен қыздыру құрылғысының сұлбасы
Достарыңызбен бөлісу: |