Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе


Илемдеу. Илемдеу процесінің мәні



Pdf көрінісі
бет8/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
Илемдеу. Илемдеу процесінің мәні 
Илемдеу – ол кезде кесек немесе дайындама үйкеліс күштерінің әсерінен илемдік 


15 
орнақтың айналатын пішім біліктері арасындағы саңылауға тартылатын процесс және қимасы 
азайтылып олармен илемді деформацияланады. Илемдеудің негізгі түрлері келесідей: бойлық, 
көлденең және көлденең-бұрандалық (3.12-сурет).
Бойлық илемдеу кезінде (3.12-сурет, а) параллель осьтері бар біліктер 1 әр түрлі жаққа 
айналады, ал пішім біліктер осьтеріне перпендикуляр орын ауыстыратын дайындама 2
көлденең қима ауданының азаюымен және ұзындығының ұлғаюымен қысылады. 
Көлденең илемдеу кезінде (3.12-сурет, б) параллель осьтері бар біліктер 1 пішім біліктер 
бетінің бойында илемді деформацияланатын дайындаманы 2 айналмалы қозғалысқа келтіріп, 
бір жаққа қарай айналады. 
а – бойлық; б – көлденең; в – көлденең-бұрандалық; 
1 – біліктер; 2 – дайындама; 3 – қобылағыш 
3.12-сурет – Илемдеудің негізгі түрлері 
Көлденең-бұрандалық илемдеу кезінде (3.12-сурет, в) біліктер 1 бір-біріне бұрышпен 
орналасқан және бір жаққа қарай айналып, дайындамаға 2 бір мезгілде айналмалы және үдемелі 
қозғалыстар береді, осының салдарынан дайындама біліктер арасындағы саңылауға тартылады. 
Бұл сұлба құбырларды, доңғалақтарды және т.б. өндіргенде қолданылады. Дайындамадағы 
тесікті жылжымайтын құрал білікте бекітілетін қобылағыш 3 орындайды. 
Бойлық илемдеу (3.13-сурет) оны әр түрлі бағыттарда бірдей жылдамдықпен айналатын 
пішім біліктер арасында өткізгенде дайындама металын илемді деформациялаудан тұрады. 
Сонымен бірге пішім біліктер арасындағы саңылау өңделетін дайындаманың қалыңдығына 
қарағанда аз болуы тиіс. Бойлық илемдеу кезінде дайындаманың (жолақтың) қалыңдығы 
азаяды, ал ені мен ұзындығы ұлғаяды, яғни ол қысылады, кеңейеді және созылады. 
Дайындаманы илемдеу процесі мынамен сипатталады: 
абсолют қысумен, яғни оның алғашқы h
0
және соңғы h
1
қалыңдықтары арасындағы 
айырыммен: 
Δh = h
0
 – h
1

салыстырмалы қысумен – абсолют қысудың жолақтың алғашқы қалыңдығына 
қатынасымен: 
ε = Δh/h
0
абсолют кеңейтумен – жолақтардың соңғы b
1
және алғашқы b
0
ендері арасындағы 
айырыммен: 
Δb = b
1
 – b
0
және созу коэффициентімен – жолақтың илемдеуден кейінгі ұзындығының l
1
алғашқы 
ұзындыққа l

қатынасымен, яғни μ = l
1
/l
0

Илемдеу процесінде металдың көлемі өзгермейтіндіктен, онда: 
h
0
b
0
l
0
= h
1
b
1
l
1

Бұдан: 
μ = l
1
/l
0
 = h
0
b
0
/(h
1
b
1
) = f
0
/f
1

мұнда f
0
және f
1
– илемдеу алдындағы және одан кейінгі дайындаманың көлденең қималарының 
аудандары. 


16 
Сонымен, илемдеу кезінде жолақтың ұзындығы оның көлденең қимасының азаюына 
пропорционал ұлғаяды. Әдетте μ шамасы μ = 1,1…1,6 шегінде болады. Біліктердегі жолақты 
қысқан кезде оның ені біршама ұлғаяды. Берілген қысу коэффициенті болғанда ε = h
0
/h
1
жолақты тарту және кеңейту коэффициенті b
1
/b
0
 өзара байланысқан: 
h
0
/h
1
 = μ(b
1
/b
0
). 
Бұдан шығатыны, металды қысу шамасы тұрақты болғанда, тарту неғұрлым аз болса, 
кеңейту соғұрлым үлкен және керісінше болады. Илемдеу кезінде деформацияланатын металл 
пішім біліктерді қысады. Осының нәтижесінде өңделетін дайындамаға өңделетін дайындамаға 
біліктер арасында пайда болатын және металмен өңделетін үйкеліс күштері ғана емес, сонымен 
бірге әрбір пішім білік беттері тарапынан радиал бағытталған күштер әсер етеді. Сұлбада (3.13-
суретті қараңыз) осы күштердің тең әсер ететін реакциялары N және жоғарғы пішім білікті 
қармау доғасында нүктеге түсірілген, тең әсер ететін үйкеліс күштері F көрсетілген. Илемдеу 
кезінде дайындаманы қысу сыртқы күштердің Q
1
және Q
2
тік құраушылары есебінен жүзеге 
асырылады. Үйкеліс күштерінің көлденең құраушылары Р өңделетін металды пішім біліктер 
арасындағы саңылауға тарту үшін, ал радиал бағытталған реакциялардың көлденең 
құраушылары S оған кедергі келтіреді. Егер металл пішім біліктермен қармалса, илемдеудің 
мүмкін болатынын практика көрсетеді. 
 
 
1 – дайындама; 2 – біліктер; Р – илемдеу күші; S – илемдеуге кедергі күші;
N – радиал күш; F – үйкеліс күші; Q
1
және Q
2
– дайындамаға қысым күштері 
3.13-сурет – Жолақты илемдеу сұлбасы (а) және негізгі қолданылатын күштердің бағыты (б) 
Сонымен бірге Р > S шарты сақталуы тиіс. Илемдеу кезіндегі деформация ошағының 
сұлбасы 3.14-суретте көрсетілген.
Металл қармау бұрышы деп аталатын, α бұрышына сәйкес келетін доға бойындағы пішім 
біліктердің әрқайсысымен жанасады. Металдың қармау доғаларымен АВ, жолақтың бүйірлік 
қырларымен, металдың АА кіру және металдың олардан шығу ВВ жазықтықтарымен шектелген 
көлемін металл деформациясының ошағы деп атайды.
Осы ошақтың ұзындығы l мынаған тең: 
l =
h
R


мұнда R – біліктің радиусы. 
Қармау бұрышын мына формула бойынша анықтайды: 
соs α = 1 – (h
0
 – h
1
)/2R = 1 – Δh/D. 
Бұл формула қармау бұрышы α, қысу Δh және пішім біліктер диаметрі D арасындағы 
тәуелділікті өрнектейдіЫстық илемдеу кезінде α = 15…24
о
, суық илемдеу кезінде α = 2…10
о
.


17 
 
D – пішім білік диаметрі; l – деформация ошағының ұзындығы 
3.14-сурет – Бойлық илемдеу кезіндегі деформация ошағының сұлбасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет