Лекция : 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны: 2 (60 балл)



бет2/9
Дата24.02.2016
өлшемі1.52 Mb.
#12827
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9


5. Оқу жоспарынан көшірме.

Курс


Апта саны

Уаќыт бюджетін бµлу

Ќорытынды

Саѓат саны

Лекция

Обсөж

Сөж

Курстыќ жұмыс

1

2

3

4

5

6

7

8

4




90

30

30

30




Емтихан


6.Оқу Сабақтарының құрылымы:
Лекция студентке тақырыпты игеруде неге назар

аударуына бағыт береді

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру,

тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап әдіс – тәсілдерді меңгеруі керек



СӨЖ студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген

тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді



ОБСӨЖ оқытушының бақылауындағы студенттің

өзіндік жұмысы. Материалды сабақ үстінде

оқытушының көмегімен оқып меңгеру. Оқытушы

тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін

тексереді, бақылайды.
7. Студентке арналған ережелер (rules);


  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтілінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі


8. Оқу түріне байланысты оқу сағаттарының бөлінуі.





Лекция тақырыбы

Сағат саны

Лекция

Обсөж

СӨЖ

1

Кіріспе

2

2

2

2

Әлемдік қазіргі кезеңдегі экологиялық мәселелер.

1

1

1

3

. Әлемдік қазіргі кезеңдегі экологиялық мәселелер

1

1

1

4

Соғыс әрекетінің қоршаған ортаға экологиялық жағдайына ықпалы.

1

1

1

5

Соғыс әрекетінің қоршаған ортаға экологиялық жағдайына ықпалы.

1

1

1

6

Соғыс әрекетінің қоршаған ортаға экологиялық жағдайына ықпалы.

2

1

1

7

Экологиялық апат зоналары.

1

1

1

8

Халықтың денсаулығы және табиғи ортаның экологиялық сапасы.

2

2

2

9

Халықтың денсаулығы және табиғи ортаның экологиялық сапасы.

1

1

1

10

Ауа бассейнінің экологиялық жағдайы.

1

1

1

11

Ауа бассейнінің экологиялық жағдайы

2

2

2

12

Топырақ ресурстары мен олардың экологиялық жағдайы.

2

2

2

13

Топырақ ресурстары мен олардың экологиялық жағдайы

2

2

2

14

Су ресурстары олардың экологиялық жағдайы.

2

2

2

15

Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері.

1

1

1

16

Өсімдіктер әлемінің экологиялық жағдайы.

2

2

2

17

Өсімдіктер әлемінің экологиялық жағдайы

2

2

2

18

Жануарлар әлемінің экологиялық жағдайы.

1

1

1

19

Экологиялық мәселелерді шешуді ұйымдастыру.

1

1

1

20

Экологиялық мәселелерді шешуді ұйымдастыру

2

2

2




Барлығы:

30

30

30



Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Ә.С. Бейсенова, Ж.Б. Шілдебаева, Г.З. Сауытбаева. Экология. Алматы. “Ғылым” 2001ж.

  2. Радкевич В.А., Экология. Минск. 1983ж.

  3. Чернова Н.М., БыловаА.М. Экология 1981ж.

  4. Ә.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева. Экология Алматы. «Ғылым» 2001ж.

  5. Алпатьев А.М. Развитие, разнобразие и охроно природной среды. Л. 1983ж.

  6. Бродський А.К. Краткий курс общей экологии. С.Пб. 1982ж.

  7. Одум Ю. Основы эколгии. М. 1975ж.

  8. Г.С.Ос панова Г.Г. Бозшотаева Экология Алматы 2002ж.

  9. А.Ж.Ақбасова Г.Ә. Сайынова Экология Алматы 2000ж.

  10. Биғалиев А.Б. Қазақстан топырақтары және оның экологиясы. Алматы. 1995ж.


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Сырдария” университеті


Гуманитарлық білім” факультеті


География және қоғамдық пәндер ” кафедрасы
“ТМД және Қазақстанның қазіргі экологиялық мәселелері”

пәні бойынша

“050116- География” мамандығының студенттері үшін

Лекцияның қысқаша курсы



Жетісай – 2008
Лекцияның мазмұны.
Лекция № 1–2
(2 сағат)
Тақырыбы: Кіріспе.
Жоспары:


  1. Пәнді оқытудың мақсат міндеттері.

  2. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы.

  3. Ғылыми- техникалық прогресстің қоршаған ортаға әсері.


Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Ә.С. Бейсенова, Ж.Б. Шілдебаева, Г.З. Сауытбаева. Экология. Алматы. “Ғылым” 2001ж.

  2. Радкевич В.А., Экология. Минск. 1983ж.

  3. Чернова Н.М., БыловаА.М. Экология 1981ж.

  4. Ә.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева. Экология Алматы. «Ғылым» 2001ж.

  5. Алпатьев А.М. Развитие, разнобразие и охроно природной среды. Л. 1983ж.

  6. Бродський А.К. Краткий курс общей экологии. С.Пб. 1982ж.

  7. Одум Ю. Основы эколгии. М. 1975ж.

  8. Г.С.Ос панова Г.Г. Бозшотаева Экология Алматы 2002ж.

  9. А.Ж.Ақбасова Г.Ә. Сайынова Экология Алматы 2000ж.

  10. Биғалиев А.Б. Қазақстан топырақтары және оның экологиясы. Алматы. 1995ж.


Лекцияның мәтіні.
Экология (грекше оікоз — үй, тұрак, мекен, Іо§оз — ғылым) "мекен еткен табиғи орта туралы білім" деген мағынаны білдіреді. Шынында да экология коршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Қазір экология кешенді ғылымдар ретінде дамып отыр. Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш 1866 жылы "экология" терминін неміс биологі Э.Геккель ұсынып, оның аныктамасын берген.

Экология — тірі организмдердің бір-бірімен карым-қатынасын коршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бұл анықтама казір ғылыми-техникалық прогреспен және адамның іс-әрекетімен байланыстырыла айтылып, оның аясы кеңейе түсуде.

Егер біз байыптап карасақ, адам баласы ерте кезден бастап-ақ өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауласының, көшесінің тазалығына көңіл бөлген. Осының бәрі барлык халықтың салт-дәстүрінде қалыптасқан жағдайлар. Бертін келе жер шарында адам саны өсіп, ғылымы мен білімі дами бастады. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын (орман, су, топырак, қазба байлықтар, т.б.) барынша игеруге тырысты. Елді мекендер еркендеп, қалаға айналды. Ғылым мен білім дамып, ғылыми-техникалық прогресс карқындап өсе бастады. Жер шарында жаңа дамыған мемлекеттер пайда болып, олардың арасында табиғат байлықтарын бөлісу, азық-түлік жетіспеушілігі, жер үшін күрес, т.б. әлеуметтік-экономикалық проблемалар туды. Табиғат ресурстары жоспарсыз пайдаланылды. Осының бәрі 2000 жылдың ішінде Жердің "бет-бейнесін" — табиғатын мүлдем өзгертіп жіберді. Осы жағдайларды болдырмау адамдардың үлесіне тиді. Ендігі жерде қоршаған ортаның өзгеруін зерттейтін, биосферадағы барлық тіршіліктің тұрақтылығын сақтайтын ғылым жүйесі қажет болды. Осыдан келіп, экология ғылымының мақсаты мен міндеттері және нені зерттейтіні айқындала бастады.

Енді экология ғылымының қазіргі кезеңдегі зерттеу бағытына токталайық. Олар:



  • тірі организмдер тіршілігіндегі тұрақтылықтың сан және сапа жағынан өзгеру себептері;

  • табиғи бірлестіктер, популяциялар және экожүйелер;

  • тіршілік ортасындағы өзгерістер және оған әсер етуші
    факторлар;

  • антропогендік факторлардың зардабы және оны тұрақтандыру шаралары;

  • жергілікті және аймақтык экологиялык. проблемалар;

  • дүниежүзілік экологиялық проблемалардың туу себептері;

  • коршаған ортаның ластану факторлары және оны болдырмау;

  • адам - қоғам - табиғат арасындағы үйлесімділікті тұрақтандыру;

  • коршаған орта және адам денсаулығы, т.б. мәселелер.
    Экология ғылымының мақсаты - барлық тіршілік атаулының

табиғи ортасын тұрақтандыру, бүлінуге, ластануға жол бермеу, табиғат қорларын тиімді пайдалану, болашак, ұрпақтың салауатты өмір сүретін ортасын қалыптастыру.

Экология биология ғылымының бір саласы ретінде XIX ғасырдың орта шенінде айқындалғанымен, жеке ғылым ретінде сол ғасырдың соңында ғана қалыптаса бастады. Әйтсе де, алғашқы экологиялық зерттеудің элементтерін біз көне дәуір окымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз. Табиғат күбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршіліғіндегі морфологиялық бейімделушіліктерді, олардың табиғи ортаға тәуелділігін экологиялык. тұрғыдан қарастырған.


Экология ғылымының калыптасуы негізгі 3 кезеңнен тұрады.

I кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің алғашқы кезеңі. Бұл кезең XVII ғасырдың басынан XVIII ғасырдың соңына дейінгі уақытты қамтиды. Мәселен, К.Линней (1707—1778), Ж.Ламарк (1744—1829), А.Гумбольдт (1769—1859), Н.А.Северцов (1827— 1885), А.Н.Бекетов (1825—1902), Ш.Уәлиханов (1835—1865), Ч.Дарвин (1809—1882), Э.Геккель (1834—1919), В.В.Докучаев (1846—1903), т.б. табиғат зерттеуші биологтер, систематиктер, географтар экологиялық сипаттағы ғылыми зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін косты.

II кезең. Экологияның жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э.Геккель, Е.Варминг, К.Мебиус сияқты шетелдік және Ресей табиғат зерттеушілерінің есімдерімен байланысты. Бұл кезең XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70—80-жылдарыы қамтиды. Атап айтқанда, Мәскеу университетінің ғалымдары Н.А.Северцов, М.А.Мензбир, Б.М.Житков, Д.Н.Кашкаров, Л.С.Берг, Н.П.Наумов, А.Н.Формозов, Н.И.Калабухов, т.б. жан-жақты экологиялық зерттеулер жүргізсе, Қазан университетінде Н.Ф.Леваковский өсімдіктер экологиясын зерттеумен айналысты.

ІІІ кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология бүкіл ғаламдык ғылым мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қамтитын деңгейге жетіп отьф. Осыған орай экология ғылымының колданбалы багыты дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялык және практикалык зерттеулер жүргізілуде. Олардың қатарына А. Гиляровтың "Популяциялық экология" (1990), М.Захарченконың "Экогигиенаның қазіргі проблемалары " (1995), Н.Реймерстің "Экология" (1994), А.Израэльдің "Экологиялық мониторинг" (1995), Н.Реймерсгің "Экологаяландьіру" (1993), Г.Сидоренконың "Экологияның казіргі заманғы проблемалары" (1993), т.б. еңбектерін жатқызуға болады.

Экологая ғылымының қалыптасуына қазақстандық ғалымдардың қосқан үлесі де мол. Шын мәнінде, бүкіл тіршілік-тынысы табиғатпен етене байланысты болған, табиғат аясында көшіп-қонып өмір сүрген казақ халқы табиғатты тиімді пайдалана да, қорғай да білген. Оны біз аты аңызға айналған Асан Қайғы мен Қорқыттың өсиеттері мен табиғатқа деген сүйіспеншілікке толы сөздерінен көреміз. Ата-бабаларымыздың жер-су аттарын кадір-леуге, орман-тоғай, өзен-көлдерін қастерлеуге, аң мен құстарын қорғауға бағытталған жырларынан, мақал-мәтелдерінен және нақыл сөздерінен туған жерге деген сезімдері күшті болғанын білеміз. Қазак халкының төрт түлік малды өсірудегі жайылымды (қыстау және жайлау) экологиялық жағынан сауатты пайдала-нуы — осының айғағы.

Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Қүнанбаев еңбектерінде табиғатка деген көзқарастың ғылыми-теориялық негіздері жатқандығын байқау қиын емес. Олардың экологиялык тұрғыда зісазылған ғылыми түжырымы бар еңбектері де жоқ емес.

Қазақтың ақын-жазушылары С.Сейфуллин, М.Жүмабаев, І.Жансүгіров, Қ.Аманжолов, М.Әуезов өз еңбектерінде табиғаттың кіршіксіз тазалығын, әсемдігін сипаттай келіп, көпшілік қауымды оны қорғауға, аялауға әрі адам мен табиғат арасындағы байланыстың қалпын сақтауға шақырады.

Қазақ жеріндегі экологиялық бағыттағы зерттеулер XX ғасырдың орта тұсында Қазақ КСР Ғылым академиясының ашылуымен байланысты түбегейлі ғылыми жолға қойылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының география, зоология, ботаника, геология, т.б. ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары экология ғылымының озық тәжірибе-лерін меңгере отырып, Қазакстан табиғаты туралы іргелі зерттеулер жүргізді. Олар: Қ.Сәтбаев, А.Машанов, Д.Қонаев, А.Голузо, Е.Гвоздев, И.Байтулин, т.б.

Қазақстанның жоғары оқу орындарында 1970 жылдан бастап "Экология" жөне "Табиғат қорғау" курстары оқытылса, ал 1991 жылдан бастап эколог мамандарын арнайы дайындау үшін факультеттер ашыла бастады. Қазақстанда тұңғыш Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде "Үздіксіз экологиялык білім мен тәрбие беру түжырымдамасы" (Ө.Бейсенова) жазылып, 1991 жылы география-экология факультеті ашылды. 1991 жылдан бастап көпшілікке экологиялык білім беру бағытында жаратылыстану пәндерінде экологиялық тәрбиені калыптастыру іске асты. Сонымен бірге оқу құралдары, сөздіктер, түсіндірме сөздіктер, журналдар мен газеттер жарык көре бастады. Мәселен, Г.Сағымбаевтың "Экология негіздері", "Экология жөне экономика", А.Биғалиев пен Е.Жамалбековтің "Қазақстан топырағының экологиясы", А.Быковтың "Экологиялық сөздік", В.Фурсов пен Т.Ерғалиевтың "Жалпы экология", С.Тілеубергеновтің "Адам экологиясы", Ж.Жатқанбаевтың "Биосфера", осы оқулық авторлары Ә.Бейсенова мен Ж.Шілдебаевтың "Экология негіздері", "Экология", Ж.Шілдебаевтың "Қызықты экология" деген және т.б. ғалымдардың еңбектері жарык көрді.

Экология ғылымының қазіргі кездегі құрылымы өте күрделі. 1-сызбанұсқада оның қарапайым құрылымы ұсынылып отыр.



Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы адам мен қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын күрделендіріп жіберді.

Пайдалы қазба қорларының тиімсіз пайдаланылуы, жер бетіндегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің көп түрлі-ліғінің азаюы және табиғи ортаның шектен тыс ластануы күрделі экологиялық проблемаларды тудыруда. Кейбір өндіріс орындары-нан бөлінген зиянды қалдықтардың шектен тыс көбеюі қоршаған орта жагдайының нашарлауына, адам денсаулығының бүзылуына апарып соғуда. Осының бөрі қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және қалпына келтіру жүмыстарымен айналысуға, сондай-ак оның ресурстарын тиімді пайдалануға итермелейді. Сондықтан жыл сайын жерді суландыру, орманды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен ақаба суларды тазарту-дан өткізу, топырақтың қүнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу жүмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Табиғаттағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді. Ал ондағы өзін-өзі реттеу мен калпына келтіру процестері үзаққа созылады. Адамның зиянды істері де бірден байқалмайды, оны адамдар көбінесе үзақ жылдар өткен соң ғана байқайды да, түзету жүмыстары күткендей нөтиже бере қоймайды.

Өткен кезеңдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, табиғатқа үқыптылықпен қарап, әр істің нөтижесін бақылап, болашақта апатқа айналмауын ескеріп отыру керек.

Табиғаттың заңдылығына селқос қараудың зардапты мысалдары қазіргі кезде баршаға белгілі.

XX ғасырдың ортасында Қарабұғазкөл Каспий теңізімен бөгет арқылы жалғасқан болатын. Бүл теңіз деңгейінің бір қалыптылы-ғын сақтау үшін істелген еді. Көптеген ғалымдар бұғаз суын бөлу теңіз деңгейінің уақытша төмендеуін токтатады деп есептеді.

Кейін Каспий теңізі деңгейінің темендеуі бұғазбен байланысты еместігі, оның жердің эволюциялық даму заңына бағынышты екендігі анықталды. Мұндай құбылыс 1929, 1933, 1941 жылдары байқалған. Сөйтіп, бұғазды теңізден бөлуге байланысты ағат шешім үлкен экологиялық-экономикалық зиян келтірді. Егістердің және мал шаруашылығының өнімділігі азайып, халық арасында өлім-жітім мен ауру көбейіп кетті.

Кезекті геологиялық ырғақтың қайталануына байланысты 1978 жылдан бастап Каспий теңізі деңгейі көтеріліп, жағаларды су баса бастады. Енді бөгетті тосқауылды алып тастап, теңіз суын қайтадан бұғазға жіберу туралы шешім қабылданды.

Табиғат дамуының заңдылықтарын білмеу, кейде оларды есепке алмау бос шығынға, адамдардың өмір сүру жағдайының және табиғи ортаның нашарлауына алып келеді. Мұндай жағдай Арал теңізінің тағдырына да тән. Мақта және басқа егістіктер көлемінің артуына байланысты, Арал теңізіне күятын өзендердің суын пайдалану мақсатымен, көптеген су қоймалары мен суару каналдары салынды. Мұндай су жүйелері өзендер суының азаюына, түптеп келгенде, оның көлемінің шүғыл тартылуына алып келді.

Қазір теңіз деңгейінің күрт төмендеуі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің жүтаңдануъш, т.б. экологиялық проблемаларды тудырып отьф.

Еліміздегі Арал апаты ғаламдық сипат алып, оның зиянды әсері қазірдің өзінде көптеген мемлекеттерде байқалуда. Сондықтан АҚІП, Жапония, т.б. мемлекеттер Аралды қүтқаруға байланысты шараларға қатысуға келісімдерін беріп отыр.

Қазіргі кезде Арал теңізін қүтқарудың жаңа жоспарлары жасалып, ғалымдардың ұсыныстары талқылануда (мысалы, Кіші Арал туралы). Мүмкін, Аралды қүткаратын күн де алыс емес шығар.

Келтірілген мысалдар адамзаттың табиғатқа жауапсыз қарауға болмайтындығын дәлелдейтін, қоршаған ортамен карым-қатынас кезінде өз іс-әрекетінің салдарына көңіл бөліп, әрдайым дұрыс жолды таңдау қажеттілігін көрсетеді.

Дүние жүзінде адамның іс-әрекетінен болатын экологиялық зардаптар мен дағдарыстар көп-ақ.

Мысалы, жидек тергенде, аң аулағанда немесе егіс алаңын тазартқанда табиғатқа белгілі бір мөлшерде зиян келтіріледі. Адамның бүл әрекеті аз мөлшерде болғандықтан, табиғи орта ретке келтіріліп, орнын толтырып отырған, Яғни табиғаттың тепе-теңдігі сакталғандықтан, өзгеріс көп елене коймайды.

Ал мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына пайдала-нылатын алқаптардың жыртылуы, ормандардың кесіліп, өртелуі, каналдар мен жолдардың ойластырылмай салынуы көп мөлшерде сол жерлердегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне зиян келтіреді.

XX ғасырдың екішпі жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының жаңа бір саласы — алып өндіріс орындары көптеп бой көтере бастады.

Зауыттар мен фабрикалардың еселеп өсуі барған сайын шикізат түрлерінің мол пайдаланылуына, энергия шығынының өсуіне, қазба байлықтардың қарқынды игерілуіне алып келді.

Ғылыми-техникалық прогрестің табиғатқа тигізетін кері әсері дауыл, су таскыны, жанартаулар, жер сілкіністері сияқты апатты кұбылыстардың зардаптарымен теңбе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға жетті. Мұның өзі табиғи ортаның қалып-тасқан заңдылығын бүзып, биосферадағы энергия мен табиғи зат алмасуға теріс әсер етті.

Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті экологиялык жағ-дайлардың тууына алып келді. Атап айтқанда, біріншіден, Екінші дүниежүзілік соғыска дейін өнеркәсібі дамымаған мемлекеттер соғыстан кейін индустриялды даму жолына түсті. Осы максатта адамдар табиғи ресурстарды игеріп, жаңадан зауыт, фабрикалар және жолдар сала бастады. Өнеркәсіптің жаппай дамуы табиғатқа тиетін кері әсер ауқымын кеңейтіп, жаңа кен орындарының ашылуына және игерілуіне үлес косты. Бүл коршаған ортаның ластануын күшейтті.

Екіншіден, дүние жүзіндегі демографиялық жағдай күрт өзгерді. Жер шары халкының саны тез өсіп, 1700 жылы 620 млн адам болса, 1850 жылы оның саны 1200 млн-ға жетті, яғни екі есеге артты. 1950 жылы жер шарындағы халық саны 2500 млн-ға жетсе, 1986 жылғы санак бойынша халық саны 5 млрд-қа өсті. Біріккен Үлттар Үйымының (БҮҮ) есебі бойынша, 2050 жылға қарай дүние жүзі халқы 11,9 млрд болады деген болжам бар.

Халық санының жылдам өсуі табиғат байлықтарына деген сұранысты тудырды. Қазірдің өзінде табиғат ресурстары (су, топырақ, пайдалы казбалар, отын қорлары) өзін-өзі қайта калпына келтіре алмайтындай деңгейде пайдаланылуда. Бүл табиғаттың тозып, бүлінуіне соқтырады.

Үшіншіден, қалалар мен олардың тұрғындарының саны тез өсуде. Егер 1900 жылы қалаларда 300 млн адам тұрса, 1950 жылы олардың саны 700 млн-ға, 1980 жылы 1800 млн-ға, ал 2000 жылы шамамен 3300 млн-ға жетті. Соңғы 100 жылдың ішінде халықтың жалпы санының қалаларға тиесілі бөлігі 20%-дан 51,5%-ға өсті.

Осынша адамның шағын аумақта тіршілік етіп, қоршаған ортаға кері әсерді үлғайтуы қала мен оған жақын жерлердің қатты ластануына себепші болады.

Әрине, адамзат коғамының дамуы табиғат қорлары есебінен болуы әбден мүмкін. Алайда бүл процестер ғылыми тұрғыда реттеліп, зиянсыз болуы керек.

Адамзат әр уақытта табиғатқа бағынышты болып, оның ресурстарын өз қажеттілігіне жүмсап келген. Сонымен бірге адамдарда үнемі табиғатқа "қожайындык ету" арманы болған.

Адамзаттың табиғатқа, табиғи ортаға деген көзқарасы болашак ұрпақ мүддесі үшін тиімділікті, саналылықты керек ететін көзқараспен қатар жүруі кажет.

Табиғат ресурстарына баю мен пайда табу көзі ретінде карамау керек. Аз уақыттық табыска бола оларды ретсіз жүмсауға, коршаған ортаны адамдар мен барлык тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайды.

Ғылыми-техникалық прогресс адамдарды табиғи ортаға әсер етудің ауқымды мүмкіндіктерімен және құралдарымен жарақтан-дырып қана коймай, сонымен бірге бүл ортаны сақтау мен қалпына келтірудің тәсілдері мен жолдарын көрсетіп береді.

Ғылым мен техниканың жетістіктері адам баласына табиғи ортаны сақтау мен оның ластануына жол бермеудің мынадай мүмкіндіктерін ұсынады:


  • ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін қалдықсыз техно-
    логияны енгізу;

  • ортаның ластануын барынша азайту;

  • су шығынын едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін өндірістік
    суды тазартып, қайта пайдалану;

  • топырақтың ылғал жинауына және ауадағы атмосфералық
    газдардың тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беретін орман
    алқаптарын сактау және қалпына келтіру;

  • жылу мен энергияны табиғи көздерден өндіру;

  • жаңа технологияны пайдалану.

Адамзат баласы мұндай әдіс-тәсілдерді қолданған жағдайда жер шарының тыныштығы мен байлығын сақтауға мүмкіндік аламыз.

Ендігі қоғам алдында тұрған мақсат — адамдардың бұған дейін қалыптасқан табиғатқа немқұрайды карау көзқарасын өзгерту. Шындығында, табиғат бізсіз тіршілік ете алады, ал біз одан тыс өмір сүре алмаймыз. Осы қарапайым ғана шындықты түсінетін уақыт жеткен сияқты.

Ендігі жерде өндіріс көлемін үлғайтуда қалдықты аз бөлетін және қалдықсыз технологияға көшу, кен орнын кешенді түрде өндіру, өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану мен түтыну, табиғи ортаны ластаудың алдын алу, энергия мен шикізаттың дәстүрлі түрлерін қазіргі заманғы экологиялык таза түрге ауыстыру қажет.

Барлық уакытта қоршаған ортаға үкыптылықпен карау ата-жұртсалты. Алайда бүл дұрыс экологиялық көзқарас материалдық игілікті өндіру кезінде не оны қажетке жарату туралы сөз болғанда үмытылып кетеді. Осы қарама-қайшылыктардан шығатын дұрыс жол таппаған коғам мен адам табиғат мүддесін аяққа басып, оны "құрбан" етеді, оны қорғай алмайды. Мұндай кезде "бәрі солай істейді" дейтін көзқарас көрініс табады. Өрине, басқалардың келеңсіз тәжірибесі мен табиғи ортаны бүлдірудің жалпылама сипатына сілтеме жасау — сөзсіз қателіктерге әкеледі. Гүлдеп тұрған алаңқайдың қоқысқа, әдемі көлдің батпаққа, шұрайлы шалғын мен жайылымның көшпелі күмға айналуына табиғатты тиімсіз пайдаланатын қоғам мен адам кінәлі. Табиғатты қалпына келтіретін адам басқалардан осыны күтпей, өзі бастауы керек. Көп жағдайда зауытта немесе фабрикада су көзін немесе ауаны ластап жатса, бұған көп алаңдамайды. Осылайша қат-қабат мораль көрініс тауып, табиғатқа жаны ашымау түсінігі қалыптасады.

Мамандар арасында да экономистер мен экологтерді қоса алғанда, экологиялық проблемаларға деген ортак түсінік жок. Бір ғана әрекеттің нәтижесін бағалау кезінде қарама-кайшы, бір-бірін жокка шығаратын пікірлер көп. Көбінесе техникалық-экономи-калық көрсеткіштерді талдау мен талкылау әдетке айналған, ал бағдарламаның немесе жобаның экологияға қатысты жағын анықтауға келгенде — құлық жоқ. Табиғаттың үйлесімді құрылған дүние екендігін және онда жүріп жатқан процестерге араласуға болмайтындығын адамзат баласы түсінген болса, табиғатпен ең жақсы карым-қатынас орнату тәсілін табуға болатын еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет