Лекция : 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны: 2 (60 балл)



бет5/9
Дата24.02.2016
өлшемі1.52 Mb.
#12827
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Лекцияның мәтіні.
Жоғарыда келтрілген топырақтардың әлемдегі таралу заңдылықтары, Жер бетінің алтыдан бір бөлігін алып жатқан кеңбайтақ тәуелсіз мемлекеттер достығы елдеріне де тән. Бұл өзгерістердің терістіктен оңтүстікке қарай межелері анық байқалады. ТМД елдерінің негізгі бөлігі мұхиттардан алыс, ішкі құрлықта орналасқан. Жер көлемдері аса көп емес. Терістік жарты шардың бұл бөлігінде құрлық секторында терістіктен оңтүстікке қарай, яғни Арктикалық тундрадан бастап оңтүстіктегі құрғақ шөлдермен қатар ылғалды субтропикалық зоналық топырақтарға шейін түгел кездеседі. Топырақ түзуші факторлар зоналық тәртіпке бағынып, ретімен тарағандықтан, осы факторлардың әсерінен пайда болған, табиғат денесі – топырақ та осы тәртіпке бағынады.

Сонымен жазық территорияларда терістіктен оңтүстікке қарсы байланысты топырақтың да өзгеріп әр түрлі зоналарға бөлніп топырақтың көлденең (ендік) зоналығы дейді.

Ал биік таулы аймақтарда табиғат жағдайы жазық алқаптарға қарағанда өзгеше. Таулы аймақтардың ауа райы да, өсетін ағаш өсімдіктері мен жан-жануарлар дүниесі де басқаша. Бұл өзгерісін тау етегінен жоғары көтерілген сайын анық білініп, көзге түседі. Географиялық жағынан алып қарағанда таулы аймақтар алқапта орналасқанымен жоғары қарай өрлеген сайын табиғат климатының өзгешелігі байқала береді. Осындай өзгерістер топырақтан да көруге болады. Топырақтың былай өзгеріп, әр түрлі зоналарға бөлінуін топырақтың тік (белдеулік) зоналылығы деп аталады. Кеңбайтақ ТМД елдерінің әр аймақтарында топырақтардың көлденең зоналықтары да және олардың тік (белдеулі) зоналықтары тараған алқаптары кездеседі.

Дегенімен жер бетінде таулы алқаптардың аздығына байланысты негізінен топырақтың көлденең зоналық таралуы басым. Соған байланысты білдер ТМД елдерінің жазық территориясындағы негізгі зоналық (ендік) топырақтардың қысқаша сипаттамасына тоқталамыз. Бұны солтүстіктен оңтүстікке қарай келтірген ыңғайлы.

1. Полярлық белдеу. Тундра зонасы. Бұл зона Ресейдің солтүстік шеткі бөлігін алып жатыр. Оған Солтүстік Мұзды мұхиттағы кейбір арктикалық аралдар да кіреді.

Бұл зонаның көлемі 180 млн гектардай, яғни ТМД елдерінің барлық жер көлемінің 8,1% - ін алып жатыр. Бұл көлемге қосымша негізінен Сібір өңіріндегі таулы-тундралық топырақтар көлемі 150-160 млн гектар жерде қосылады. Геологиялық дәуірі жағынан алып қарағанда, бұл аймақ дәуірінен кейін босаған ең жас аймақ.

Біршама жерлерін әлі де мұз басып жатыр. Бұл Ресейдің суық зонасы. Қысы 7-8 айға дейін созылады да, жазы өте қысқа әрі салқын болады. Бұл зонадағы вегетациялық кезеңнің ұзақтығы небары 2-3 ай ғана. Ылғал аз түседі, жылына 150-300 мм, әрі күн суық, булану аз болады және топырақтың астын мыңдаған жылдан мәңгі тоң басып жатқандықтан, ылғалдық жерге сіңуі де жоқты қасы. Ылғалдық жер бетіне сіңуінің мардымсыздығынан аз түске ылғалдың өзі бұл жерде керекті мөлшерден артық. Батыстан қарай мөлшері азайып, оның есесіне күн суыта түседі.

Бұл аймақта қалыпты өмр сүруге қажет күн сәлесі жетіспейді, ауа райы суық, тіршіліктің дамуына қолайсыз. Күннің суықтығынан айырақ қабаттары ұзақ жылдар бойы жатады. Тек жылдың 2-3 айларында ғана топырақтың беткі жұқа қабаты еріп, арылады. Жалпы тундраның өзі терістіктен оңтүстікке қарай оңашаға бөлінеді: 1) арктикалық тунра; 2) кәдімгі тундра; 3) орманды тундра. Алғашқысы ең терістіктегі қар-мұз басқан жалаңаш тундыра. Екіншісі жөнді дамымыған батпақты – глейлі жапырақтар, біркелкі түзілмеген ойдым-ойдым бөлшекткерден орады. Булану аз болғандықтан, жер бетін ылғал басып, оның астына ауа бармағандықтан, онда анаэробтық құблыстар жүріп, шаңырақтағы темірлі қосылыстар тотықсызданып, топыраққа көкшіл-жасыл түс береді. Осындай топырақтарды глейлі жапырақтар депатайды. Жалпы "тундра" деген сөз жергілікті карель ішінде жөнді дамымаған, ормансыз деген түсініқті береді. Жөнді дамымаған, мәңгі мұзы мол топырақтар орманның өсуіне сөзсіз қалайсыз. Мұнда глегейлі-батпақты топыпраққа бейімделген батпақты шөптер, мүктер қыналар өседі. Ал оңтүстікке жылжыған сайын орманды зонаға шекаралас бөлігінде, әсіресе өзен бойларында орманды-тундра зонашасы орын алады. Табиғат жағдайына сай мұнда өсетін өсімдіктер де шамалы. Негізінен қына мен мүк, қышқыл өлең шөптер, бұталар, қара бүлдірген өніп өседі, ал оңтүстікке таман жылжыған сайын бал қайың, шілік және басқа ағаштар өсетін орманды-тундра басталады. Дегенімен бұл жерлердің де ағаштары мардымсыз.

Тундра топырағы тоңның әсерінен әр түрлі бөлшекке бөлінетін ыдырмалы, бетпақты-күлгінді болып келеді.

Бұл зонада негізінен бұғы шаруашылығы жақсы дамыған. Егіншілік жоқтың қасы. Кейбір жел тимейтін ықтасын жерлерге топырақты дұрыстап өңдеп, тыңайтқыштар енгізіп, көң төгіп, аз мөлшерде ерте пісетін көкөніс, басқа да дақылдар егуге болады. Ал жабық жылытқышы бар қондырғыларды көкөністерді жыл бойы өсіруге болады.

2. Бореалды белдеу. Орманды зонаның күлгінді және шымды күлгінді топырақтары. Тундраның оңтүстігіне қарай өте кең алқапты орманды (тайга) зонасы алып жатыр. Оның көлемі ТМД елдерінің негізінен Ресейдің территориясының 52%-ке жуық (11520 мың км2). Негізінен орманды тайга. Зонаның 20%-ке жуығы бетпақты жерде. Олар ойпатты Сібір, Беларус, Балтық бойы аймақтарын қамтиды. Бұл аймақта да өткен дәуірлерде де түгелдей мұз жатқан. Сондықтан мұз әскерінің қалдықтары әлі сақталған.

Бұл зананың да ауа райы салқын, дегенмен тундрдан жылы. Қысы ұзақ, әрі суық қатты болса, жазы қысқа, жылы желге 350-600 мм-дей мөлшерде ылғал түседі. Булану болғандықтан, түскен осы ылғалдың өзі мөлшердің артық болуы топырақ қабаттарындағы суға ерігіш және басқа заттар топырақ астына шайып әкетеді. Ал мұның өзі біраз жерлерді бетпақты аймақтардың пайда болуына әкеп соғады.

Кең алқапты зонаның батысынан шығысына қарай ауадан түсетін ылғал азайып, күн суыта түседі. Бұл заңдылық Қиыр шығыста, мұхит жағалауында бұзылып, мұнда ауадан түсетін ылғалда молайып, ауа райы да біршама жылынады. Дегенмен жалпы зона бойынша бір типке жататын топырақ түзіледі. Себебі, зонаның Батысы мен Қиыр шығысында ауадан түсетін ылғал молырақ болғанына қарай орташа температура жылырақ, булану мол болады. Әрине әр аймақтың табиғи климаттық ерекшеліктеріне сәйкес топырақтардың да жергілікті провинцияларды өзгешеліктері анық байқалады.

Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпал-әсерін тигізіп келеді. Егер де жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд. тонна деңгейінде антропогендік зат тектер (СО2 есептемегенде), гидросфераға шамамен 15 млрд. тасығыштар енгізіліп отырылыса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд. т. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында жерге жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд.тоннаға дейін көтерілген.

Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ладшафт алып жатыр. Ғылымдардың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де антропогендік. Антропогендік шөлдің аумағы жалдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн. км2 –ден асып отар, бұл бүкіл құрлықтың 7 процентін құрайды.

Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық болады.

Физикалық ластану радиоактивті заттектермен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәулелерін сұйық және қалдықтар қалады.

Биологиялық ластану – ауру тудыратын және де басқа жағымысз жағдайға итеретін микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқада ауру қоздырғыштар 2-3 тәулік бойында сақталса, ластағыштармен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аумаққа таралады.

Химиялық ластану – топыраққа тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.

Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары, көлік, ауыл шаруашылығында қолданылатын көп шөпжойғыштар мен минералды тыңайтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешені, атмосфералық жауын-шашын, апатты жағдайда ласталатын шығарындылар, әскери-өндірістік кешендері жатады.

Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металлдар алу процесстерінен шыққан өнімдермен және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топыраққа қорғасын мен басқа ауыр металлдардың мөлшері нормадан 10-20 есе асып отырған жерлер белгілі.

Ауыл шаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде, қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскридоз және т.б.) қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады.



Лекция № 18 –19
Тақырыбы: Топырақ ресурстары мен олардың экологиялық жағдайы.
(2 сағат)
Жоспары:


    1. Ауыл шаруашылығында химикатты пайдалануды қысқартудың жолы. Биологиялық күресу шаралары.

    2. Топырақ қорларын байыту қалпына келтіру мен сақтауға қатысты шаралар.


Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Ә.С. Бейсенова, Ж.Б. Шілдебаева, Г.З. Сауытбаева. Экология. Алматы. “Ғылым” 2001ж.

  2. Радкевич В.А., Экология. Минск. 1983ж.

  3. Чернова Н.М., БыловаА.М. Экология 1981ж.

  4. Ә.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева. Экология Алматы. «Ғылым» 2001ж.

  5. Алпатьев А.М. Развитие, разнобразие и охроно природной среды. Л. 1983ж.

  6. Бродський А.К. Краткий курс общей экологии. С.Пб. 1982ж.

  7. Одум Ю. Основы эколгии. М. 1975ж.

  8. Г.С.Ос панова Г.Г. Бозшотаева Экология Алматы 2002ж.

  9. А.Ж.Ақбасова Г.Ә. Сайынова Экология Алматы 2000ж.

  10. Биғалиев А.Б. Қазақстан топырақтары және оның экологиясы. Алматы. 1995ж.



Лекцияның мәтіні.
Қазіргі танда елішздің егін шаруашылыгы мен мал жайылымдарына көңіл белініп отыр. Мұндай шаруашылық типтерінің өркендеуі үшін ең алдымен үлкен зиян келтіріп отырған арам шөптермен күресудің маңызы зор. Себебі арамшөптердің қаптап өсуі егістікке зиянын тигізеді. Олар ылгалға, қоректік заттарга ортақ болып, егіннің түсімін, сапасын кемітеді, өніп-өсуіне жан-жакты кедергі жасайды. Арам-шөптер егін арасында өсетін дала өсімдіктері. Табиги шабындыктар мен жайылым шөбінің сапасын кемітетін улы және азықтык касиеті жоқ өсімдіктер де арамшөп катарына жатады. Арамшөптердің тұкымы желмен, сумен, жануарлардың жүніне, тұяғына, адамның киіміне жабысу арқылы жылдам таралады. Қазакстанда 360-қа жуык арамшөптің биологиялық топтары мен түрлері бар. Қоректену әдісіне қарай барлық арамшөптер паразиттер, жартылай паразиттер және паразит еместер болып бөлінеді. Мысалы, паразиттерге дала арамсояуы, үстірт арамсояуы жатады, жартылай паразиттерге сүңгыла туысының екілдері және паразит еместерге мысыккүйрық, алабота, карасұлы, т.б. жатады. Ал ендігі карантиндік арамшөптерге тоқталатын болсақ, Бұл топқа таралуы шектелген зиянды арамшөптерден қызғылт кекіре, күнбағыс арамшөбі, амброзия арамшөбі, т.б. жатады. Арамшөптердің ішіндегі адамға және жануар-ларга өте қауіпті болып келетіндері де бар. Олар — сасық мендуана, қүмайық, уқорғасын, қыздырма, т.б. Негізгі кең таралған арамшөптер ішінде укекіре, ақ мия, дала арамсояуы және жусан жапырақты амброзия бар.

Укекіре — күрделі тұқымдастарға жататын арамшөп. Оның отаны Кіші Азияның шөлейтті және далалы алқаптарымен қоса Иран, Ауғанстан өлкелері. Біздің елде ол Оңтүстік Қазақстанның шөл және шөлейт белдемінде таралған. Ол дәнді дакылдардың түсімін 3—4 есе төмендетеді және жайылымда жайылған малдарды уландырады.

Ақмия—бұршақ түқымдасына жататын өсімдік. Түқымдарының

қүрамында алколоидты заттар болғандықтан улы болып келеді. Ақ мияның отаны — Орталық Азия. Ал бізде ол Қызылорда және Оңтүстік Қазакстан облыстары аумақтарында таралған. Қаптап өсетін ак мияның құрамында 0,04%-ға жуык улы зат бар. Бұл өсімдікпен күрес өте қиын. Дегенмен күресу шараларының ішіндегі бірден-бір тиімдісі— мия егілетін жерді 25 см етіл бойлата жырту және тамырларын жинап, отап күртқан жөн.



Дала арамсояуы—бір жылдық арамшөп. Не жапырағы, не тамыры болмайды. Негізгі таралған жері: Австралия, Англия, Венгрия, Польша, Франция, Оңтүстік Америка және Африка. Бізде батыста, шыгыста, оңтүстік облыстарда таралған. Дала арамсояуы өсімдіктерде вирус ауруларын тугызады. Осы арамсояу аркылы темекі мозайкалық вирусын, астра өсімдігінің сары ауруларын, т.б. таратады.

Жусан жапырақты амброзия — күрделі гүлділер түқымдасына жататын біржылдық өсімдік. Гүлдері теріс конусты. Отаны Солтүстік Америка. Біздің республикамызға түрлі жолдармен келген. Ол Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында шөлейт және шөл белдем-дерде таралған. 1934 жылы осы өсімдіктің бірнеше түбі Алматы каласындагы орталық саябақта табылған болатын. Содан бастап Бұл аса қауіпті арамшөп өрттей каулап тарай бастады. Карантиндік станциялардың жүргізген мәліметі бойынша қаламыздың 800-ден астам көшесі мен барлық мөлтекаудандарында кең таралып отыр. Сондай-ақ Алматы қаласына жақын жатқан Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіказак аудандарындағы 2000 га-ға жуық кұнарлы жерді алып жатыр. Оның гүлдері жоғары көтеріліп, ондаған километрге таралып, адамдардың тыныс алу жолдарына түсіп, кауіпті аллергиялық ауру туғызады. Ңазіргі кезде халық арасында олардың әсерінен туатын дерматит, коньюктивит және өкпе-тыныс жолдарының демікпе аурулары кең таралып отыр. Сонымен қатар біздің елімізге амброзия-ның 3 түрінің, алаботаның 2 түрінің еркін өсуі ете қауіпті жағдай тугызып отыр. Олармен күресудің ең тиімді әдісі — биологиялық әдіс. Бұл әдісті қазіргі кезде гылыми-техникалық прогрестің қаркындап дамуына сәйкес, ауаны, қоршаған ортаны ластамау, химиялық әдісті бара-бара азайту максатымен қолға алып отыр. Биологиялық әдісте арамшөптің табиғи реттеушілерін — ауру қоздырғыш жәндіктерді арамшөптерге қарсы пайдаланады. Химиялық әдісті колданған кезде коршаған ортаны ластап, көптеген пайдалы организмдер жойылып, жан-жануар, адамзат зиян шегетін болса, биологиялық әдістің артықшылыгы, керісішпе, қоршаған ортаға зиянсыз әрі экономикалық жағынан арзан болып келеді. Биологиялық күрес үшін пайдаланы-латын жәндіктер арамшөптердің қаулап есіп кетуіне жол бермей, олардың табиги мелшерін тежеп, тіптен жаппай қүртып жібереді. Біздің елімізде биологиялық күрестің алғашқы табыстары аса қауіпті болып саналатью египет сүңғыласына қарсы оның табиғи реттеушілері — фитомиза шыбынын колданудан бастады. Бұл шыбынның дернәсілдері аталған арамшөптің дәндерімен қоректеніп, олардың өсіп-жетілуіне мүрша бермейді. Бұл игі істер профессор П.И. Мариковскиийдің басшылығымен 1965 жылы басталған болатын.

Биологиялық күрес осы кезде Қазақстанда өте кең таралып отырған шырмауық, кекіре, мия, арамсояу сияқты арамшөптердің зиянкестерін іздеуден басталды. Кейіннен Қазақстан Ұлттық Рылым академиясы зоология ғылыми-зерттеу институтында арамшөптермен күрестің биологиялық жолына көп көңіл бөлініп, ғалымдардың кең көлемде зерттеулер жүргізуіне мүмкіндіктер туды.

Қорыта айтқанда, Қазақстан жерінде кең таралған арамшөптердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері және олардың ауыл шаруашылығындагы маңызы мен зиянына тоқталдык. Әрине арам-шөптер деп атау салыстырмалы түрде екенін айта кеткеніміз жөн. Шын мәнінде, арамшөптер де табиғатта өзіндік орны мен пайдасы бар өсімдіктер. Олардың көбісі қазір медицинада дәрі-дәрмек жасауда колданылады.

Арамшөптерді зерттеудің маңызы зор. Олардың жайылымдар мен егістіктерде көбейіп кетуі зиян екеніне көз жеткіздік. Қазіргі медициналық мәліметтерге сүйенсек қала түрғындарының аллергиямен ауыратындарының 50—60%-ының аллергиясы жусан жапырақты амброзия арамшөбінің тозаңынан болатыны дәлелденіп отыр. Аллергия туғызатын арамшөптерді—алжргенттер дейміз. Сондықтан арамшөптердің биологиясы мен экологиясы, онымен күресу жолдарын жүйелі зерттеуді жалғастыра отырып, олардың табиғаттагы және адам өміріндегі рөлін білудің маңызы зор.



Лекция №20-21
Тақырыбы: Су ресурстары және олардың экологиялық жағдайы.
(2 сағат)
Жоспары:


  1. ТМД мен Қазақстанның су ресурстарының сипаттамасы.

  2. Судың ластануының негізгі жолдары.

  3. Су қорғау белдемі.


Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Ә.С. Бейсенова, Ж.Б. Шілдебаева, Г.З. Сауытбаева. Экология. Алматы. “Ғылым” 2001ж.

  2. Радкевич В.А., Экология. Минск. 1983ж.

  3. Чернова Н.М., БыловаА.М. Экология 1981ж.

  4. Ә.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева. Экология Алматы. «Ғылым» 2001ж.

  5. Алпатьев А.М. Развитие, разнобразие и охроно природной среды. Л. 1983ж.

  6. Бродський А.К. Краткий курс общей экологии. С.Пб. 1982ж.

  7. Одум Ю. Основы эколгии. М. 1975ж.

  8. Г.С.Ос панова Г.Г. Бозшотаева Экология Алматы 2002ж.

  9. А.Ж.Ақбасова Г.Ә. Сайынова Экология Алматы 2000ж.

  10. Биғалиев А.Б. Қазақстан топырақтары және оның экологиясы. Алматы. 1995ж.

Лекцияның мәтіні.
1. Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің көбеюі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағдайынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы –Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металлдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттар-мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.

Су қоймалары мен бассейннің су ағыстарына түсетін негізгі ластаушыларға иондық ағыс (28 мың тоннадан астам 1994 жылы және 1995 жылы шамамен 23 мың тоннаға жуық), азотты органикалық қосылыстар (1,8 мың тоннаға жуық), фосфор қосылыстары (1994 жылы 1,3 мың тоннадан астам , 1995 жылы 800 тонна ), цинк (42,6 және 24,9 тонна 1995) жатады.

Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.

Каспий аймағының экологиялық жағдайы. Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1,2-2,2 млн. га қосылуына әкелуі мүмкін.

Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік- Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр. Су астында қалу қаупі төніп отырған 43 мұнай кен орындарының 32-сі Атырау, ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.

Каспий теңізі дүние жүзіндегі Бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес, ғаламдық мәселе болып табылады. Каспийдің биологиялық алуан түрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы. 1995 жылы Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады.

Арал теңізінің экологиялық мәселелері. 60- жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастады. Суды ауылшаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90 пайыздан астам қықартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6 млн. га кеміп, өзінің 60 пайыз көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200т тұзбен құм желмен 300 км арақашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.

2. Жер беті мен жер асты суларына зиянды заттектерді, микроорганизмдерді және жылуды енгізетін көзді ластаушы көз деп, ал судың сапалық нормасын бұзатын компаненттерді ластағыш заттар деп атайды.

Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық және физикалық –химиялық қасиеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді: физикалық күйіне байланысты –ерімейтін, коллоидты, еритін, табиғатына қарай-минералды, органикалық, биологиялық немесе бактериялық.



Минералды компоненттерге анорганикалық қосылыстар, яғни суда еритін және онда молекулалық пен иондық түрде болатын заттектер жатады. Табиғи суларда еріген түрде әртүрлі газдар (оттек, азот, көміртек диоксиді, күкірттігаз және т.б.) сонымен қатар еріген тұздар (натрийдікі, калийді, кальцийдікі, аммонийдікі, алюминийдікі, темірдікі, магнийдікі, марганецтікі және т.б. элементтердікі) болады. Бұлардың бар-жоғы химиялық әдістерді қолдану арқылы анықталады, себебі еріген қоспалар құмды және қағаз сүзгіштерімен ұсталмайды.

Органикалық компоненттерге өсімдіктерден немесе жан-жануарлардан, т.б. жолмен пайда болған органикалық заттар жатады. Өсімдіктен пайда болған заттарға олардың қалдықтары, өсімдік майлары, қағаз, т.б. ал жануарлардан пайда болған заттарға, мысалы, мал ткандары, желім заттар, қи және организмнен шығатын басқа да заттар жатады. Суда еритін минеральды және органикалық қосылыстардан басқа да заттар жатады. Суда еритін минералды және органикалық қосылыстардан басқа ерімейтін қалқыма немесе коолоидты бөлшектер (мысалы, құм, лай, т.б.) кездеседі

Биологиялық немесе бактериялық компоненттерге-бактериялар, вирустар, балдырлар, ең төменгі сатыдағы жәндіктер, құрттар, микробиологиялық зауыттардың қалдықтары, т.б. кіреді.

Суды негізінде ластайтын көздерге өнеркәсіптік және коммуналдық канализациялық ақаба сулары және де басқа өндіріс қалдықтары, құрамында әртүрлі агрохимикаттары (пестицидтері, тыңайтқыштары, т.б.) бар егістік жер қыртысының шайындысы, суармалы жүйенің дренажды суы, мал шаруашылығының ағындылары, су қоймаларында жауын-шашын арқылы әкелінетін аэрогенді ластағыштар жатады.

Әр түрлі мақсатта қолданылған судың 80-85 пайызыластанған ақаба су түрінде табиғатқа қайтып оралып отырады. Жыл сайын бүкіл әлемде 420 км қалдық сулар төгіледі, бұл сулар 7000 км таза суды ластандыра алады. Суды ластайтын заттектердің саны 500 мыңның үстінде, ал гидросферадағы ластағыштардың жалпы массасы шамамен 15 млрд. т/жылына, олардың ішінде ең қауіптілігі жоғары қосылыстар деп фенолды, мұнай мен мұнай өнімдерін, беттік активті заттар, ауыр металдардың тұздарын, радионуклидтерді, пестицидтерді және басқа да органикалық және апорганикалық улы заттарды, биогендерді атауға болады.

3. Қазақстанның су қорғау кодексі бойынша су обьектілерін экологиялық талаптарға сәйкестендіріп ұстау үшін, жер бетіндегі суларды ластанудан, былғанудан және азаюдан сақтап қалу мақсатында, сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктер әлемінің тіршілік ететін ортасын сақтау үшін су қорғау белдемі белгіленеді.

Су қорғау белдемі деп-арнайы пайдалану мен табиғи ресурстарды қорғау және басқа да шаруашылық іс-әрекеттерді жүргізу тәртібі белгіленген акваторияға жанасқан жерді жатқызады.

Көл, өзен, бұлақтардың айналасында белгіленген қорғаныс алқабында тыйым салынады.

-жерді жыртуға;

-авиациялық –химиялық жұмыстарды жүргізуге;

-пестицидтерді, дефолианттарды, басқа да улы химиялық заттектерді қолдануға;

-тыңайтқыш ретінде мал шаруашылығы кешендерінің сұйық ағындысын пайдалануға;

-мал шаруашылығының тұрақты және жазғы фермаларын құруға;

-орманды кесу мен ағаштарды тамырымен жоюға;

-улы химиялық заттектердің, минералды тыңайтқыштардың, жанар май, әртүрлі өндірістердің қалдықтарын сақтайтын қоймаларды орналастыруға.

Мұнда, әдетте, шаруашылық іс-әрекеттері шектелген немесе тыйым салынған және орманды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Жер үсті және жер асты суын ластанудан қорғау үшін су қоймаларын жағалай орман өсіру қажет, себебі ормандық төсеніштің, яғни шіріген жапырақтардан, қылқандардан, бұтақтардан және жануарлар қалдықтарынан жиналған қабаттың суды сіңіруге және оны топырақ арқылы сүзілуіне қосатын ролі зор.

Су қорғау белдеміндегі табиғи ресурстарды қорғауды, су көлем мен сапасын ұстап тұруды және де басқа шектелген шаруашылық іс-әрекеттерін қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер жүйесі.

Экологиялық белдемнің ең негізгілері: жағалық белдем (литораль), ашық теңіздік белдем (нелагиаль, батиаль) және тереңсулық белдем (абиссаль). Литораль дегеніміз ені 1 км-ге, кейде 10-15 км-ге жететін, түрлі су өсімдіктері өсетін, мұхиттардағы толысу кезінде су басатын және судың қайтуы кезінде құрғап қалатын жағалау бөлігі. Пелагиаль –мұхиттың бірқатар тік зоналарын қамтитын су қалыңдығы, бұл мұхиттың бірқатар тік зоналарын қамтитын су қалыңдығы, бұл мұхиттың түбіне байланыссыз гидробионттардың тіршілік ететін аймағы. Абиссаль-Әлемдік мұхит түбінің 75 пайыздан астам ауданын қамтитын тіршілік таралуының экологиялық белдемі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет