В.В. Докучаевтің еңбектері.
ХІХ ғ. аяғында география ғылымы өзінің дамуындағы ең қиын кезеғге түсті. Жалпы география әртүрлі жекелеген салаларға бөлінуі күшейп, климатология, геоморфология, биогеография т.б. ғылымдардың пайда болуына алып келді. Осы ғылымдардың даму себебінен география ғылымы зерттеу объектісін жойтты деген пікір пайда болды. Осы кезеңдегі географияның жағдайы туралы әртүрлі ой-пікірлер, таластар пайда болды. Бір қатар хорологиялық концепцияны (бетке) үстаған ғалымдар бойынша география жалпы жер бетіндегі заттардың орналасу заңдылықтарына мән бермей тек жазбаша сипаттаумен шектелуі тиіс деп есептеді. Бүл концепцияның көрнекті жақтасы неміс географы А. Геттнер (1859–1941) еді. Кейбір географ-ғалымдар географиялық ортаның материалдық мәдениетке, қоғам тарихына, тіпті саясатқа қалай әсер ететінімен шұғыл даму керек деп есептеді.
Осындай қиын уақытта Ресейде күшті географиялық мектеп қалыптасады. Оның негізін қалаушы - В.В. Докучаев (1846–1903). Петербург университетінің профессоры, ғылыми топырақтанудың негізін қалаушы. В.В. Докучаев бойынша топырақ дегеніміз бүкіл географиялық компоненттердің, яғни аналық жыныстардың, жылудың, ылғалдының, жер бедерінің және тірі организмдердің қарым-қатынасы негізінде пайда болған.
1898 ж. В.В. Докучаев өлі мен тірі табиғаттың барлық компоненттері арасындағы қарым-қатынастары және өзара әрекеттесу туралы, олардың бірге даму заңдары туралы жаңа ғылымды қалыптастыру туралы идеяға келді.
1898 – 1900 ж.ж. аралығында жарық көрген мақалаларда В.В. Докучаев табиғат немесе табиғи-тарихи зоналар туралы ілімнің негізін қалады. Бұл еңбектерде бірінші рет - зоналылық дүние жүзілік заң ретінде қарастырылды. Оның түсінігі бойынша зона – табиғи кешендердің ең жоғарғы сатысы болып келеді.
Теориялық зерттеуден басқа В.В. Докучаевтың географияға қосқан үлесі жаңа ғылыми мектебі. Оның экспедициялары, кейін атақты болған көптеген ғалымдардың мектебі болды, солардың ішінде А.Н. Краснов (1862-1914), Г.Ф. Морозов (1867-1928), Г.Н. Высоцкий (1865-1940), Г.И. Танфильев (1857-1928), Н.Н. Сибирцев (1860-1900), В.И. Вернадский (1863-1945), К.Д. Глинка (1867-1927), одан басқа оның атақты ізбасарлары Л.С. Берг (1876-1950), С.С. Неуструев (1874-1928), Б.Б. Полынов (1877-1952).
Достарыңызбен бөлісу: |