Лекция № Ландшафттану тұжырымының қалыптасу тарихы. Геожүйе туралы түсінік


Екінші Дүние жүзілік соғыстан кейінгі ландшафттану



бет5/5
Дата06.04.2024
өлшемі55.67 Kb.
#497846
түріЛекция
1   2   3   4   5
2 лекция




Екінші Дүние жүзілік соғыстан кейінгі ландшафттану.


Соғыстан кейнгі жылдары ландшафттанудың дамуы ландшафттық кескіндеу түрінде жалғасты. Осы кезде жаңадан ғылыми бағыттардың негіздері салынды.
1944-1946 ж.ж. Б.Б. Полынов ландшафт геохимиясы деген ғылыми бағытының негізін қалады, яғни осы бағытта ландшафттағы химиялық элементтердің миграциясы қарастырылады.
1946 ж. А.И. Яунпутнинь материктерді физикалық-географиялық елдер мен секторларға бөлінген аудандастыру схемасын үсынды.
1947 ж. Ленинград қаласында ІІ Географиялық съезд болды, онда, Н.А. Солнцев МГУ ландшафтоведтердің дала жұмыстарының жалпы нәтижелерімен таныстырды, сонда ол Л.Г. Раменскийдің идеяларын дамыта отырып ландшафт және оның морфологиясы туралы аймақтық түсінікті негіздеді.
1947 ж. ҚСРО ҒА мамандары «ҚСРО табиғи-тарихи аудандастыруы» деген коллективтік монографиясын жариялады.
Осы жылы С.П. Сусловтың «ҚСРО физикалық географиясы (азиялық бөлімі)» деген үлкен еңбек жарияланды.
Осы жылдары В.Н. Сукачев биогеоценологияның негіздерін қалады, «биогеоценоз» термині қазіргі ландшафттың фациясына сәйкес келеді.
Қеңес Одағы кезінде фундаментальдық ғылыми бағыттарына көп көңіл бөлінген. Ландшафттық зерттеу жұмыстарын активизациялау үшін, 1955 ж. Ленинград қаласында өткен Ландшафттану бойынша Бүкілодақтық маслихат (совещание) маңызды роль атқарды. Осыдан кейін бірнеше жыл бойы ҚСРО-ң әртүрлі қалаларында осындай маслихаттарды өтті (1956, 1958, 1959, 1961, 1963 ж.ж.).
1963-1964 ж.ж. ҚСРО-ң жеке аймақтарының, облыстарының шолу ландшафттық карталар жасалынды. 1961 – 1964 ж.ж. аралығында Ленинград университетінде ҚСРО-ң масштабы 1:4 000 000 бірінші ландшафттық картасы шықты.
1965 ж. бірінші оқулық шықты (А.Г. Исаченко).
60-80-ші жылдары ҒТР-ң кері жағы туралы көптеген мәліметтер жинала бастады. Табиғатты оптимизациялау мәселесі географтардың алдына негізгі мәселенің бірі болып түсті. Сондықтан, ландшафттың динамикасын, функциолануын және құрылымын зерттеу мәселесі көтеріледі. Осы бағытта В.Б. Сочава (ҚСРО ҒА Сібір бөлімінің География институты) 1957 – 1967 жылдары аралығынла Шығыс Сібірде бірнеше ландшафттық стационарларды құрды. 1964 жылы География институты Курск қаласы жанында ландшафттық стационарды ашты. Осыдан кейін бірнеше ВУЗ-ң жанында осындай стационарлар ашылды, солардан ландшафттану теориясына ең маңызды үлес косқан Тбилиси университетінің Марткоп станционары.
60-80-ші жылдары ландшафттануда мөлшерлі зерттеулер, жаңа бағыттар бойынша зерттеулер дами бастады. Осы жылдары ландшафт геохимиясы бағытында М.А. Глазовская және А.И. Перельман көптеген еңбектері шықты, Д.Л. Арманд ландшафт геофизикасының негізін қалады. В.Б. Сочава геожүйе терминді еңгізді.
Қазақстанда ландшафттану бойынша 60-70-ші жылдары дами бастады, қазақстандық ландшафттық мектебінің негізін қалаған Ресейден келген мамандар, Чупахин В.М., Чигаркин А.В., Гельдыева Г.В., Веселова Л.К., т.б.

Шетелдік ландшафтоведттерден К. Троль, Э. Нееф, Ж. Бертран т.б. атап кетуге болады. Шетелдік авторларды басым көпшілігі қазіргі ландшафттық экология бағытында дамыған. Яғни, оларда ландшафттанудың қолданбалы бағыттары жақсы дамыған, оның негізгі себебі 60-70-ші жылдары батыс елдерде табиғатты қорғау бойынша өте қатаң заңдар қабылданды. Ландшафттанудың теориялық мәселелері басым кеңес авторларында жақсы дамытылған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет