Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары



бет104/109
Дата02.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#453482
түріЛекция
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   109
Хандық дәуір әдебиеті. Лекциялар мәтіні

4. Лекцияның мазмұны:

1. Абыл ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы деректер, зерттелуі.

Абыл - Маңғыстау, Атырауды жайлаған Байұлы Адай руының Жары ұрпағынан шыққан суырып салма ақын. 1777 жылы туылып, 1864 жылы 87 жасында дүниеден өткен. Маңғыстау түбегін қыстап, жаз шыға Арқаға көшіп, қазіргі Ақтөбе облысы өңірінде жайлап қайтып отырған мал бағып көшпелі тұрмыста тіршілік еткен малшылар отбасынан шыққан, аты әйгілі ақын. Ата қонысы - Бозашы түбегі. Бейіті Қаратөбе зиратында.

Абыл Тілеуұлы суырыпсалма ақындығымен кезінде бүкіл Маңғыстау аймағына, көршілес түркі елдеріне де танылған. Ол – өзі тұстас ақындармен кездесіп, ақындық жарыстарда жүлде алған жүйрік. Батыл сөзді өжет ақын, импровизатор.

Абыл – жыр сапарымен Каспий алқабы, Хиуа хандығындағы қарақалпақ, түрікмен ауылдарын да көп аралаған. Ол «Ноғайлының қырық батыры» жырын жырлап, келер ұрпаққа жеткізушілердің бірі болды.

Абыл кезінде атақты қазақ жыраулары Қазтуған, Шалкиіз, Жиембеттердің дәстүрін жалғастырған дарынды жыршы, сол кезде халыққа қысым жасаған хан, би, сұлтандарды тайынбай сынаған ер жүрек ақын санатында, арлы азамат тұлғасында танылады. Халық санасында ғасырлар бойы сақталған «Қарасай-Қази», «Қырымның қырық батыры» сияқты эпикалық туындыларды жырлаған. Бұл сияқты көлемді халық мұрасы оның өнеге алған шәкірттері Нұрым, Қалнияз арқылы жалғаса келіп, кейін Қашаған, Ақтан, Нұрпейіс, Мұрындардың жырлауымен баспа жүзінде жарияланып, халық игілігіне айналды.

Абылдың бізге жеткен шығармалары ақынның өмірінің соңғы кезінде шығарған әркімдерге айтқан арнау-толғаулары және нақыл сөздері мен термелері, халықтық салт үлгісіндегі өлеңдері. Жасырақ кезіндегі шығарған туындылары бізге жетпеген.

Өмірі мен шығармашылығы туралы деректер кейінгі ақын, жыршы, жыраулар шығармаларында кездеседі. Абылдың терең ойлы, сұлу суретті термелер толғаған ақындардың алыбы екенін өзінен кейінгі шәкірттері дәріптей жырлаған. Мысалы, Қашаған жырау «Атамекен» сынды тарихи дастанында:

Көзім көрген адамда

Абыл, Нұрым, Ақтаным,

Осылар еді тақтағым.

Осылай деп маған үйреткен,

Тарихтың ескі аспарын, -

деп өзіне Абылдың ақындық, білімдік жөнінен ұстаз болғанын мақтан ете еске алады. Ал Ығылман Шөреков «Қазақ ақындары» деген толғауында:

Ақын болып кім өтті

Адай, Нұрым, Абылдан.

Кеуделері кең еді

Сөз жібегі табылған, -

деп Абыл сөздерінің жібектей жұмсақ, сұлу екенін сүйсіне жыр етеді.

Ғалым Қ.Сыдықов 1965 жылы Сәттіғұл ақыннан Абыл ақынның өміріне қатысты деректер мен екі-үш толғауын жазып алған. Ақынның бізге белгілі жырлары түгелге жуық 1967 жылы «Ертедігі әдебиет нұсқаларында», одан кейін «Ақберен» жинағында басылып шықты. Кейінгі жылдары «Бес ғасыр жырлайды» (1984, 1989), «XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985), «XIX ғасырдағы қазақ ақындары» (1988), «Ай, заман-ай, заман-ай» (1991), «Екімыңжылдық дала жыры» (2000), «Жеті ғасыр жырлайды» (2004), «Он ғасыр жырлайды» (2006) жинақ кітаптарында жарияланды. Ғалым Х.Сүйіншәлиевтің қазақ әдебиетінің тарихына арнап жазған «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1997), «ҮІІІ – ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» оқулықтарында (1989) Абыл ақынның белгілі шығармаларына біршама талдаулар жасалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   109




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет