Акмеология – жас ғылым. Әйтсе де, қазіргі уақытта бұл ғылым саласы қарқынды дамуда. «Акмеология» ұғымына акмеолог ғалымдар төмендегіше түсініктемелер береді: әлеуметтік маңызы бар мәдениет, шығармашылық, әдебиет, ғылым, техника, білім салаларында және адамның өзінде жүзеге асатын, кәсіби шеберлік шыңына және жасампаздық әрекетінің өнімділігіне жетуге бағытталған өзіндік қозғалысында ересек адамдардың шығарма- шылық әлеуетінің өзіндік жүзеге асуына әсер ететін немесе кедергі жасайтын жағдайлар, факторлар мен заңдылықтар туралы ғылым (Кузьмина Н.В.); жаратылыстану, қоғамдық, гуманитарлық және техникалық пәндер тоғысында пайда болған, адамның ересектік даму кезеңін, әсіресе, оның бұл даму жолында жоғары дәрежеде жетістікке жету заңдылықтары мен құрылымдарын зерттейтін ғылым (Деркач А.А., Бодалев А.А.); Шоғырланған ғылым. Психологиядан айырмашылығы, адамның нәтижеге жетудегі жасампаздығының заңдылықтарын зерттейді. Оның қызметінің нәтижелілігін бағалау өлшемдерін тұжырымдайды, даму және өмір сүру жағдайларын зерттейді: ғұмырнамасы, шығу тегі, қоршаған ортасы, басқа адамдармен қарым-қатынасы (Кузьмина–Гаршина Н.В., Лунева Л.Ф.); ересек адамның жасампаздық әрекетінде өзін- өзі жетілдіру әдістерін және шығармашылық әлеует шыңына жету жағдайларын, тәсілдерін, жолдарын, заңдылықтарын зерттейтін шоғырланған ғылым (Хозяинова Г.И.); білім беру жүйелерін дамыту жағдайында педагогикалық үрдіс субъектілерінің өзін-өзі дамытуы туралы ғылым (Максимова В.Н.). Сонымен, «акмеология» дамуы және әрекет етуі барысында тұлғаның биікке шығуы туралы ғылым.
Қазақстанда акмеология саласының дамуына өте үлкен көңіл бөлінуде. Акмеология философия, психология, педагогика, социология ғылымдарымен тығыз байланысты. Жас ерекшелік психологиясында қарастырылатын ересектік кезеңде оқыту, білім беру, дамыту арқылы адамды кемелдендіру. Акмеологияда тұлғалық жетілуімен қатар кәсіби шыңдалуға баса назар аударылады. Қазіргі кезде кәсіптік бағдар беруді акмеология ғылымына жатқызуда. Себебі, өзіне сай кәсіпті таңдаған адам ғана, яғни кәсіптік қажеттілігін қанағаттандыра алған адам өз кәсібінде шыңға жете алады. Ересектік кезең – күш-қуаттың таситын кезеңі. Бұл кезеңде әрбір адам бір кәсіптің иесі ретінде қалыптасуы қажет.
Акмеология – жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық пәндердің түйісуінде пайда болған және адамның кемелдену сатысында дамуының заңдылықтары мен механизмдерін зерттейтін, әсіресе осы дамудың аса жоғары деңгейіне жетуін зерттейтін ғылым.
Елімізде қазіргі таңда қалыптасқан еңбек нарығы жоғары білімді, шығармашылық деңгейі жоғары, әрекеттің сан түрлі саласында өз білімі мен біліктілігін қолдана алуға қабілетті мамандардың кәсіби даярлығының деңгейіне, акмеологиялық тұғырына және сапасына қойылатын талаптарға өз әсерін тигізуде.
Кәсіби іс-әрекетте өзін-өзі жүзеге асыруы, тұлғалық және іс- әрекеттің жоғары кәсібилігіне қол жеткізуіне, жоғары нәтижелерге жетудегі мотивацияның жоғары деңгейінің болуы, акмеология негізінде кемел адам қалыптасады, өзін-өзі жетілдіреді (Сурет 1).
Сурет 1 – Акмеология негізінде кемел адамның қалыптасуы,
өзін-өзі жетілдіруі
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында білім беру мекемесінің міндеті білімгерлерге тек білімнің жиынтығын беру ғана емес, білімгерлердің өз бетінше білім алуына, өзіндік білім алудың тәсілдеріне үйрету де болып табылатындығы жайлы айтылған. Сондықтан білім беру, оқу үдерісін ұйымдастыруға деген көзқарасты қайта қарап, білім, білік және дағдыны меңгертуде Бoлaшaқ мұғалімдердің кәciби дaяpлығын білімдік үрдісте aқпapaттық тexнoлoгияларды пайдалану apқылы қaлыптacтыpу caлacындa opындaлғaн ғылыми еңбектер қатарына бoлaшaқ мaмaндapдың aқпapaттық жәнe зepттeу мәдeниeтiн қaлыптacтыpу (Е.Ы.Бидайбеков, P.Ч.Бeктұpғaнoвa, К.М.Бepкімбaeв т.б.) жәнe т.б. жатады.
Болашақ мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру жолдары туралы М.А.Кұдайкұлов, Ш.Т.Таубаева, Б.Кенжебеков, Б.А.Тұрғынбаева және т.б. ғалымдардың еңбектерінің осы оқу құралы үшін маңызы жоғары болды. Педагогикалық білім беру мазмұны, болашақ педагог-мамандарды кәсіби әрекетке даярлаудың қырлары, педагогтардың кәсіби қабілеттерін қалыптастыру, мұғалімдерді даярлаудың тарихына арналған зерттеулерді (Қ.Б.Сейталиев, Р.К.Бекмағамбетова, А.Д.Қайдарова) және т.б. жүргізген. Педагогтардың кәсіби дарындылығын дамыту мәселесіне Л.М. Нәрікбаева, ал болашақ маманның біліктілігін, шығармашылық әлеуетін дамыту Б.А. Тұрғынбаева, магистрлерді дайындауда зерттеушілік іс-әрекеттің рөліне Б.Ш.Баймұхамбетова- ның зерттеу жұмыстары арналған.
Болашақ мұғалімнің акмеологиялық дайындығын қалыптас- тыру категориясы педагогика ғылымында жеткілікті дәрежеде жарық көрмегендігі қазіргі жоғарғы және одан кейінгі деңгейлерде шығармашыл оқытушы үлгілерін қалыптастыруға жаңа талаптарға сәйкес келетіндей мүмкіндік бермейді. Сондықтан мәселені түбегейлі жаңаша қарау қажеттігі туындайды. Зерделенген ғылыми әдістемелік әдебиеттерде ЖОО болашақ мұғалімдерді кәсіби іс- әрекетке дайындау үдерісін акмеологиялық парадигма талаптарына сай қайта қарау, оның теориясы мен ғылыми-әдістемелік негіздерін жаңарту мәселесі арнайы қарастырылмағандығы анықталды.
Болашақ мұғалімдерді дайындаудың практикасы оқу орындарында әртүрлі пәндер бойынша беріліп жатқан білімнің бір- бірімен байланысының аздығынан болашақ мұғалімнің жоғары кәсібилік пен «акме» деңгейде еңбек етуге дайын болуын қалыптастыруға әлеуеті жеткіліксіз екендігін байқатты.
Болашақ мұғалімді акмеологиялық тұрғыда дайындауға деген қоғамдық сұраныс пен оған негіз болатын тұжырымдамалық тұғыр мен тиімді жолдарының айқындалмауы арасындағы; жоғарыдан кейінгі білім деңгейінде болашақ мұғалімдерді дайындаудың мазмұны мен білім алушылардың оқу әрекетінің негізінде әлеуметтік-педагогикалық тәжірибеге сүйенуі мен оларды болашақ
мұғалім құзыреттілігін дамытуға, білімгерге оқу ақпаратын беруде білімгерлердің күтілетін нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін оқу үдерісін жобалауға, білімгерлердің әр пәнді меңгеру икемділігін қалыптастыруға қарай өзгерту қажеттілігі туып отыр.
Заман талабы тұрғысынан алып қарастырсақ, бүгінгі жаһандану үдерісінде білімгерлердің жаңалық атаулыға жаны құмар, интеллектуалдық деңгейі әлдеқайда жоғары екеніне көз жеткізуге болады.
Білім беру үдерісінде енгізілген жаңалықтың қандай жағымды жақтары бар, ол қандай табысқа жеткізу мүмкін, кемшіліктері жоқ па, оның салдары қандай болуы мүмкін деген сияқты сұрақтар туындайды.
Білім беру жүйесінде жаңа енгізілімдер, оның жеке компоненттерін, сондай-ақ жалпы білім беру жүйесінің, білім беру ортасына қалыпты элементтер енгізетін, сипаттамаларын жақсартатын мақсатты бағытталған прогрессивті өзгерістер.
Акмеологияда білім беру жүйесінің жеке қоры есебінен, сондай-ақ қосымша күштердің - жаңа құралдардың, жабдықтардың, технологиялардың, капитал тартылудың және т.б. есебінен жүзеге асырылады.
Акмеологияда педагогикалық жүйелердің интенсивті және экстенсивті жолдарының қосылуы «интеграциялық қағидаларды» жүзеге асыруға мүмкіндік береді, олар әртүрлі жоспарлы, әртүрлі деңгейлі педагогикалық жүйелер мен олардың компоненттерінің тоғысуынан құралады. Интеграциялық қағидалар, ойластырылған,
«сыртқы» іс-шаралар ретінде көрінбейді, бірақ терең қажеттіліктер мен жүйені білуден туындайтын мойындалған қайта құрушылар болып табылады. «Жетілмеген» жерлерін заманауи технология- лармен нығайту арқылы педагогикалық жүйенің жалпы тиімділігін арттыруға болады.
Білім беру бағытына сәйкес педагог мамандарды даярлау тәжірибесі Г.Қ.Ахметова, педагогтердің зерттеу мәдениетін қалыптастыру З.А.Исаева, болашақ мамандардың креативтілігін қалыптастыру Б.А.Оспанова, А.С.Швайковский, Қ.М.Нағымжанова студенттің креативтігін қалыптастыру мақсатында инновациялық технологияларды пайдалану Г.Қ.Нұрғалиева, жоғары мектеп дидактикасының дамуы Т.С.Сабыров, Е.Ө.Жұматаева, жоғары оқу орнындағы оқыту мәселелерін Болон үдерісі талаптарына сай басқару Н.А.Асанов, С.Ә.Әбдіманапов еңбектерінде зерделенген.
кәсіби әрекетке, белгісіз жағдайлар мен педагогикалық шығарма- шылыққа дайындау арасындағы; болашақ мұғалімдердің акмеологиялық дайындығын қалыптастырудың сапасын көтерудің объективті қажеттілігі мен осындай мүмкіндіктің жүзеге асуын қамтамасыз ететін тиімді шарттардың негізделмеуінің арасындағы қарама-қайшылықтардың бар екендігін көрсетеді. Oсы қарама- қайшылықтар болашақ мұғалімдерді келешекте «акме» деңгейге жеткізетін креативті тұрғыдағы дайындығын жетілдірудің теориялық және тәжірибелік негіздерін айқындайды.
Білім берудің дамуында төмендегідей негізгі тенденцияларды атап көрсетуге болады: білім берудің бірыңғай жүйесінен мемлекеттік, мемлекеттік емес жоғары оқу орындарынан, колледждерден, гимназиялардан, жалпы білім беретін мектеп- терден, орта арнаулы және т.б. тұратын конгломератты білім беру мекемелеріне ауысуы; оқыту мазмұнының өзі әртүрлі болуы; оқу жоспарларының еңбек нарығы қажеттілігіне бейімделуі; оқыту сапасын бағалаудың жаңа формасына ауысуы.
Акмеологияның даму тенденцияларын зерделеу жоғарыда аталған екі бағыттың да бір бірімен өзара байланысты жүргізіл- гендігін көрсетеді. Ол заманауи қоғам жағдайында білім берудің даму тенденцияларын төмендегіше көрсетуге мүмкіндік береді: еліміздегі және шетелдік тәжірибелерді игеру, республикамыздағы ізгілендіру мақсаттарын және дәстүрлі құндылықтарды жүзеге асыру негізінде білім беруді дамыту; жинақталған алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер мен заманауи білім беру жүйесін одан әрі дамыту мәнін түзетін инновациялық идеялармен оқыту, мамандар даярлау арасындағы сабақтастықты сақтау; қоғам, еңбек нарығы талап ететін сәйкестікте жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастырудағы білім беру сұранысын қанағат- тандыру; білімгерлердің өзін шығармашылық тұрғыдан дамытуы үшін жағдаяттар жасауға бағытталған білім берудің барлық құрылымы мен деңгейінде басқаруды демократияландыру; оқыту нәтижелеріне бағдарланған білім беру үлгілерін қалыптастыру.
Білім беру адамды дамытуға бағытталған үдеріс. Ғылымның дамуында туындайтын қарама-қайшылықтар жаңа ғылымды құру құралдары арқылы шешіледі. Осы тұрғыда акмеология ғылымы пайда болған.
Акмеологияның білім беру жүйесіндегі дамуын жүзеге асыру интенсивтендіру арқылы, білімгерлердің дамуын қамтамасыз ететін
оқыту мазмұны, әдіс-тәсілдер, ұйымдастыру формаларын дамыту негізінде қамтамасыз етілген.
Елбасы Білім және ғылым министрлігіне жоғары оқу және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орындарында «Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістік негіздері» атты оқу курсын енгізу жөнінде тапсырма берген. Осыған сәйкес, жоғары білім беру бағытындағы студенттерді даярлау жүйесінде «Акмеология: жеке және әлеуметтік жетістіктер негізі» пәнін ендіру үдерісі жүріп жатыр. Бұл пән кәсіби әрекетте және өмірдің басқа да салаларында табыс биігіне жетуді мақсат ететін тұлғаны дамыту, бәсекеге қабілетті сапалы адам капиталын құруды қамтамасыз ететін міндеттерді қарастырады.
«Акмеология: жеке және әлеуметтік жетістіктер негізі» пәні білім беру бағытындағы студенттерді даярлау жүйесінде маңызды орын алады. «Акмеология: жеке және әлеуметтік жетістіктер негізі» оқу, ғылыми пән, тұлғаның жеке-дара дамуының жоғарғы сатысына жету жолында практикалық психологиялық іс-әрекеттерді педагогикалық ағарту және оқыту әдістемесі ретінде қарастырылады.
«Акмеология: жеке және әлеуметтік жетістіктер негізі» пәнінің мақсаты адамның жеке-дара дамуының жоғарғы сатысына жету мүмкіндігін қамтамасыз ететін заңдылықтар мен механизмдерді зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |