Лекция № Заманауи білім беру жүйесіндегі акмеологияның даму тенденцияларының негіздері



бет3/3
Дата18.06.2023
өлшемі467.82 Kb.
#475182
түріЛекция
1   2   3
Акмеология 1

Пән міндеті: кемелденген адамдардың жоғарғы жетістіктерге, шыңдарға жету жолындағы жасампаз іс-әрекеті үрдісінде шығармашылық әлеуетін (потенциалын) өзіндік жүзеге асыру заңдылықтары жөнінде түсініктерді беру; шыңдарға жетуге көмектесетін және бөгет болатын объективті және субъективті факторларды ашу; жеке және әлеуметтік жетістіктерге жетудің заңдылықтарын анықтау; студенттердің мотивациясын және өзіндік білім алу, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі қадағалау және өзін-өзі жетілдіру, іс-әрекетін өзіндік түзету және өз бетімен қайта құру дағдыларын қалыптастыру; таңдалған мамандық контекстінде студенттердің қабілеттері мен тұлғалық қасиеттерін дамыту.
«Акмеология: жеке және әлеуметтік жетістіктер негізі» пәнін меңгеру нәтижелеріне қойылатын талаптар: кемелденген адамдардың жоғарғы жетістіктерге, шыңдарға жету жолындағы жасампаз іс-әрекеті үрдісінде шығармашылық әлеуетін өзіндік жүзеге асыру заңдылықтары жөнінде түсініктерді білу; шыңдарға жетуге көмектесетін және бөгет болатын объективті және
субъективті факторларға ие болу; жеке және әлеуметтік жетістіктерге жетуге қабілеттілік; мотивацияға ие және өзіндік білім алу және тұлғаның өзін-өзі жетілдіру әдістерін қолдауға қабілеттілік; таңдалған мамандық контекстінде студенттердің қабілеттері мен тұлғалық қасиеттерін жетілдіру дағдыларын қолдана білу сияқты құзыреттіліктерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
Оқыту нәтижелерін қалыптастыру негізінде жоғары білім берудің төрт негізгі мақсаттарын назарға алу қажет: болашақ маманды еңбек нарығына сәтті енуіне даярлауды; өмірге дайындау және белсенді өмірлік позицияны қалыптастыруды; жеке дамуын қамтамасыз етуді; озық білімдердің кең базаларын дамытуды және қолдау көрсетуді.
Болон үдерісіне негізделген білім беру нәтижелерін қалыптастыру қазіргі кезде білім беру жүйесін дамытудың тенденциясының негізі ретінде қарастырылуда.
Білім беру нәтижесін ғылыми-педагогикалық еңбектерді зерделеу нәтижесінде төмендегідей етіп көрсетуге болады: білім беру ортасын қалыптастырудың бір құралы болып табылады; студентке негізделген білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді; білім беру үдерісін оқытушы студентке не үйретеді деген мәселеден бастамай, керісінше студент не біліп шығады? Нені меңгеріп шығады? деген мәселеге басымдылық бере отырып жүргізуді талап етеді.
Сондықтан оқытушы тарапынан дайындалған пәннің мақсаты мен білім беру нәтижелері бір мағынаны білдірмейді. Студенттерге өздерінен не күтетіндігі жайлы ой тастайды; білім беру нәтижелері жалпылама сипатта болуы керек. Ерекше үлгідегі білім беру нәтижесі шынайы болмайды; бір модуль үшін дайындалатын білім беру нәтижелерін бірнеше сөйлеммен беруге болады (6-8 сөйлемнен аспауы керек); кез-келген адамға түсінікті болуы керек; студент үшін білім нәтижесінің маңызды екендігін білдіруі керек; бағалайтын деңгейде болуы керек; егер білім беру нәтижесі ұзақ мерзімді болатын болса, оны көрсету керек (кәсіптік этика, өмір бойы білім алу, т.б.); сабақ (пән) білімгер деңгейіне (бакалавр, магистратура немесе докторантура) сай болуы керек.
Білім беру жүйесіндегі мақсаттардың алғашқы сызбасының авторы американдық ғалым Б.Блум болды. Ол (1956 жыл) бiрiншi таксономияның бiр бөлiгiн жарыққа шығарды.
Білім беру нәтижелері білім (есіне сақтау, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау қабілеттері), білігі (еліктеу (имитация), қолмен істеу қимылдары, дәлме-дәлдік, сөйлеу мүшелерінің әрекеті, натуралдау қабілеттері), аффективті (эмоциональды- құндылық, қатынас/тәлім-тәрбие) қабылдау сипатында мазмұндалады.
Білім беру жүйесіндегі акмеология тұрғысынан төмендегідей ерекшеліктерді атап көрсетуге болады:

  1. Білім беру мақсаты: жеке тұлғаны және ойлаудың әр түрлі формаларын дамыту.

  2. Педагогтың рөлдік позициясы: жеке тұлғаға бағдарланады.

  3. Білімгердің рөлдік позициясы оқу үдерісінің субъектісі.

  4. Педагогтың стилі: демократиялық.

  5. Білімгердің инициативасы.

  6. Педагог пен білімгердің өзара әрекетінің жетекші формасы: білімгер белсенділігінің жоғары деңгейі.

  7. Жеке тұлғаның өзара әрекетінің сипаттамасы: конфликттілік деңгейі төмендейді, қарсыластықты әріптестік ығыстырады, ынтымақтастық орын алады.

Білім беру нәтижелеріне бағдарланған даярлық акмеологияда мұғалімнің азаматтық бағдарлануына, толық мәнді дамуына мүмкіндік береді.


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1.Акмеология туралы ұғымға анықтама беріңіз.
2.Акмеология негізгі ерекшеліктеріне тоқталыңыз
3.«Акме» ұғымы берілген түсініктемелерді талқылыңыз.
4.Акмеологияның шығу тарихына тоқталыңыз.
5.Өзіңізді акмеологиялық тұлға ретінде қарайсыз ба?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет