Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Лекция №6 Әлеуметтік-педагогикалық технологиялар ұғымы



бет13/83
Дата19.01.2022
өлшемі194.91 Kb.
#454674
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   83
ӘПЖТ Лекция

Лекция №6

Әлеуметтік-педагогикалық технологиялар ұғымы
Лекция жоспары:

1. Әлеуметтік-педагогикалық технологиялар ұғымы және олардың ерекшеліктері.

2.Әлеуметтік-педагогикалық технологиялардың типтері.

3.Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің әдістемесі.


Лекция мәтіні:

1. Әлеуметтік-педагогикалық технологиялар ұғымы және олардың ерекшеліктері.





Кез келген қызмет көрсету саласында технологияны игеру, оны тәжірибеде қолдану кәсіби маманға қойылатын талап болып табылады. Сондықтан әлеуметтік қызмет саласында жоғары кәсіби білімді маманды дайындау бағдарламасы әлеуметтік жұмыс технологиясы мен әдістерін негізгі оқу пәндерінің бірі ретінде қарастырады.

«Әлеуметтік технология», «әлеуметтік жұмыс технологиясы», «әдіс», «әлеуметтік жұмыстың әдістері» ұғымдарына және олардың өзара байланысына тоқталып өтейік.

Технология (грек тілінен techne - өнер, шеберлік, logos - оқу, үйрену) - өңдеу құралдары мен тәсілдері туралы және объектіні сапалы қайта қалыптастырудағы білім жүйесі.

Алғашқыда технологияның анықтамасы тек қана өндірістік саладағы іс-әрекеттерге, яғни табиғи өнімді игеруге бағытталды. Ал қазіргі уақытта технология ұғымының мағыналық кеңістігі айтарлықтай кеңейді және мазмұны да зерттеу объектісіне әлеуметтік процестер технологиясын қосу арқылы толықты.

Материалдық өндіріс саласында технология ұғымы көпжылдық қалыптасқан дәстүрге байланысты теоретиктер мен практиктер тарапынан ешқандай күдік, сенімсіздік тудырған жоқ, ал әлеуметтік саланы технологизациялау, яғни «әлеуметтік технология» ұғымы қоғамда көп уақытқа дейін қолдау тапқан жоқ.

Технология - адамдардың басқаруы мен технологиялық құралдарды пайдалану арқылы өнім алу процесі десек, «Әлеуметтік технология» мақсат көздеген практикалық әрекетте белгілі объектіні өзгерту, транформациялау үшін қолданылатын құралдар жүйесі, жиынтығы.

Технологияларды қолдану арқылы жобалауда нәтижеге жетуге болатыны туралы кепілдік болады.

Әлеуметтік технология- негізіне тексерілген, дәлелденген әлеуметтік білімдер алынады. Әлеуметтік технологиялардың міндеті- нақты үрдістің даму жолын бағалап, бақылау, оған сипаттама беру, нәтижені бағалау құралын анықтау, даму кезеңдерін ойластыру бойынша әлеуметтік моделін, версиясын құру.

«Әлеуметтік технологияның» екі мағынасы бар. Біріншіден, әлеуметтік технология - әлеуметтік объектіге нәтижеге жетуді мақсат көздеген ықпал ету үрдісі. Екіншіден, әлеуметтік технология - әлеуметтік объектілерге мақсат көздеген ықпал етуді зерттейтін спецификалық теория, нәтижелі ықпал ету әдіс-тәсілдерін қарастырып белгілейді. Әлеуметтік объекті әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік әрекеттесу, әлеуметтік топ, әлеуметтік институт, әлеуметтік мекеме болуы мүмкін.

Үрдісті технологизациялау ұғымына түсінік. Кез келген әлеуметтік технологияларды еңгізу мақсатты түрде нәтижеге жетуді көздейді, бұл процесс технологизациялау арқылы жүзеге асады. Технологизациялаудың ережесі:1) процесті қалыптастыру; 2) мақсатты белгілеу; 3) әлеуметтік процесті оптимизациялау; 4) әлеуметтік процестің тұрақтылығын қамтамасыз ету; 5) өзін өзі реттеу механизмін жасау; 6) жағымды қажетті жағдай жасау.

Сонымен, әлеуметтік технология - ол әлеуметтік ықпал ету мақсатында әрекеттесуді орнату үшін қажетті әдіс, әдістемелерді қарастыру, ұсыну.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет