2.Әлеуметтік-педагогикалық технологиялардың типтері.
Қызметті технологияландыру әлеуметтік саладағы ең кешенді құбылыстарға жатады. Технологиялық көзқарас - қазіргі әлеуметтік-педагогикалық қызметтің ажырамас қасиетті бөлігі болып табылады.
Әлеуметтік саладағы технологиялық көзқарастың ерекшелігі, онда қоғам тұтасымен алынады, яғни қоғамдағы жекелеген қатарлары мен топтары, адамдар арақатынасындағы қатынастар немесе олардың ойлары мен сезімдері.
Әлеуметтік технология - бұл объект және субъектінің қатынастарына емес, айтарлықтай дәрежеде субъект - субъект қатынасына негізделген технологиялық процестің бірден - бір түрі болуы ықтимал. Кәсіби көмек көрсетілетін әлеуметтік процестің қатысушысының әрекетінсіз, индивидтің жанұяның, топтың әрекетінсіз және келісуінсіз әлеуметтік технологияларды қайта құру мүмкін. Осыған байланысты, әрбір индивид өзі үшін және жақындары үшін әлеуметтік технолог болып табылады деп айтуға болады. Ол жүргізілетін қайта құруларға әрекет ете отырып немесе олардан бас тарта отырып, әлеуметтік басқару органдары қызметінің мақсаттары мен қызмет құралдарын бөлісе отырып немесе оған қандай да бір басқа мақсаттар мен қызмет құралдарын қарсы қоя отырып әр түрлі деңгейлердегі әлеуметтік технологияның жүзеге асырылуына қатысады .
Сондықтан да болар, кез-келген әлеуметтік технологияда қандай да бір фундамент, маңызды блок болады - әсер ету объектісі болып табылады.
Әлеуметтік технологиялық фундаменттің екінші бір маңызды блогы - процестерді операцияландыру және процедураларының бірлігі.
Әлеуметтік технологиялық фундаменттің үшінші блогы - әлеуметтік технологиялардың жоғары субъективтік мазмұны әсер етуді өндіретін тұлғаның және әсер етуді басынан өткеретін тұлғаның мәні. Осыған байланысты әлеуметтік жұмыспен айналысатын адамдарда тек дана теориялық білім емес, сондай-ақ клиенттермен өзара әрекет етудің амалдары мен дағдырылары болуы қажет.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың объектілері әр түрлі болып келеді, мүгедектер, балалар, девианттық бағыттағы жасөспірімдер, толық емес немесе көп балалы жанұялар және т.б.
Бұл мәселені тереңірек түсінуге, оның салдарларын болдырмауға әлеуметтік - медициналық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, т.б. факторлар көмектеседі. Сондықтан да мүгедек балаларға көмектесу технологиясы - үлкендер мен балаларға әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әлеуметтік-экологиялық моделіне негізделеді. Бұл модельге сәйкес, мүмкіндігі шектеулі адамдар қиыншылықтарды ауруына сәйкес немесе дамымауына сәйкес емес, сонымен бірге оны қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның олардың арнайы қажеттіліктеріне сай келмеуінен, қоғамдағы кері түсініктерден, адамдардың жақтырмай қарауларынан да болды.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстағы әлеуметтік технологиялар деңгейіне байланысты төменгідей болып бөлінеді:
- жай (маман еместердің де қолынан келетін);
- күрделі, белгілі бір салада жұмыс істейтін маманда белгілі бір
біліктіліктің болуын талап ететін;
- кешенді, әр түрлі салада жұмыс істейтін бірнеше маман да тиісті
біліктіліктің болуын талап ететін.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың мәні - әлеуметтік құқықтарды жүзеге асыруда балаға көмек көрсету. Әлеуметтік құқықтар өте көп шектілі болғандықтан және тұлғаның әлеуметтік қызмет атқаруын қамтамасыз ететіндіктен, әлеуметтік-педагогикалық жұмыс шешуге ұмтылатын проблемалар өте кең ауқымды және әр қырлы болып келеді, оған қоса нақты бір әлеуметтік жағдайда әлеуметтік проблемалардың әр түрлері мен типтері қиылысып отырады.
Ең алдымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс объектісі тек қана жекелеген тұлғалар емес, сондай - ақ олардың топтары болып табылады -жанұялар, еңбек және көршілес ұжымдар, жастар немесе кәсіби топтары, ұқсас қиындықтарды басынан өткеруші тұлғалардың бірігуі.
Достарыңызбен бөлісу: |