Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет пен жұмыстың нормативті-құқықтық негіздері



бет9/83
Дата19.01.2022
өлшемі194.91 Kb.
#454674
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83
ӘПЖТ Лекция

3. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет пен жұмыстың нормативті-құқықтық негіздері.

Әлеуметтік педагог өз жұмысында: ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, БҰҰ «Бала құқығы туралы» Конвенциясын, ҚР «Бала құқығы туралы» Заңын, ҚР «Неке және Отбасы туралы» Заңын, ҚР «Даму мүмкіндігі шектеулі қолдау туралы» Заңын, «Әлеуметтік педагог» Ережесін және басқа да білім беру мәселесі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс. Егеменді мемлекеттің басты проблемаларының бірі бала құқын қамтамасыз ету, себебі мемлекеттің өміршеңдігі, болашағы балаларға байланысты. Бұл проблема көптеген мемлекеттерде қиын шешілетін мәселенің бірі болып саналады, сондықтан ол өркениетті, халықаралық сипат алып отыр.

Бүгінгі таңда халықаралық құқықтың бала құқын қорғау бойынша құрылымы құрылып және жұмыс жасауда.Халықаралық бала құқын қорғау деп баланың үйлесімді және жан-жақты дамуы үшін және оны мемлекеттік заң шығару деңгейіне көтеруге дейін әсер ететін және нашар дамыған мемлекеттердің балаларына көмек көрсететін мемлекет пен мемлекеттік емес халықаралық ұйымдастырылып өзара келісімге келген жүйені айтуға болады.

1989 ж БҰҰ Бас Ассамблеясына бала құқығының дүние жүзілік Конституциялық Бала құқы туралы Конвенция қабылданды.Өркениетті адамзат бұл құжатты қабылдауға дейін бірнеше құжаттар қабылдаған болатын. 1948 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясына бала құқы туралы Женева декларациясы, 1959 ж Бала құқы туралы Декларациясы. БҰҰ Конвенциясы заңдық құжат ретінде Декларация Ережелерін одан әрі тереңдетеді. Оны қабылдаған мемлекеттерге балаға қатысты әрекеттері үшін құқықтық жауапкершілік артып, заңдық кепілдемелер мен нормалардың жетілген түрін ұсынады.Конвенцияның мақсаты - бала мүддесін, қызығушылығын барынша қорғау. Конвенция негізгі төрт талап қояды, ол бала құқын қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.



ҚР-ның бала құқығы туралы заңы 2002 жылы 8 тамызда №345 қабылданған,10 тарау, 53 баптан тұрады. Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау, олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту, әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтары негізінде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйеніп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген негізгі құқықтары мен мүдделерін іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Атап айтқанда 2-тараудың 7-ші бабы бойынша: «ҚР орталық және жергілікті атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өкілеттіктері» көрсетілгендей: «тәрбие, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесі мен спорт, әлеуметтік қызмет көрсету және отбасын әлеуметтік қорғау саласында балалар мүдделеріне орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жатады».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет