Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Лекция №27 Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті жобалау мен жоспарлау



бет73/83
Дата19.01.2022
өлшемі194.91 Kb.
#454674
түріЛекция
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   83
ӘПЖТ Лекция

Лекция №27

Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті жобалау мен жоспарлау
Лекция жоспары:

1. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті жобалау.

2. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті жоспарлау.
Лекция мәтіні:

1. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті жобалау.

Әлеуметтік жобалау әлеуметтік басымдық әрекеттер болуы тиіс, өйткені ол белгілі бір әлеуметтік ортаны идеалдарға сәйкес қайта жаңғырту қызметін атқара алады деп түсіндіреді. Сонымен қатар, олар әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың ғылыми контекстін жасаудың өзектілігін ұсынады.

«Жобалау» деген ұғымның өзі оның басқару қызметіне тән екендігін анықтайды, оның алға қарай қозғалыс бағытын білдіретін мәні, сонымен қатар, мақсатқа сай жүріп өтуге тиіс аралықты анықтайтын, алдын ала болжай алу қызметі. Жобалаудың басқа басқару амалдарынан ерекшелігі – әрекеттің нәтижелілігі мен тиімділігі мақсатты «алға қоймастан» бұрын белгіленетіні. Сондықтан, жобалау – қайта құру туралы ойға алынған ниет пен оны құрастыруды, орындауды, нәтижелері мен салдарларын біртұтас етіп біріктіру қызметі.

Педагогикалық жүйелер әлеуметтік жүйелердің ішіндегі болашақпен тығыз байланысты маңызды құрылым болғандықтан оның қызметі мен мазмұны әлеуметтік үдерістердегі өзгерістерді басқаруға ықпал етеді.Соған орай, педагогикалық жүйелерді институцияландыру, технологияландыру, жаңаша ұйымдастыру ең әуелі қоғамдық дамуды жүзеге асырудың басты бір жолы ретінде жобалау түрінде орындалуы тиіс. Басқару әрекеттерін ұйымдастыруда жобалаудың инструменталдық қызметі айқын көрінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет