Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Әлеуметтік педагогтың мамандандырылуына сәйкес әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті моделдеу



бет8/83
Дата19.01.2022
өлшемі194.91 Kb.
#454674
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83
ӘПЖТ Лекция

2.Әлеуметтік педагогтың мамандандырылуына сәйкес әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті моделдеу.

Әлеуметтік педагог мамандардың жұмыс ауқымын нақтылап алу аса маңызды. өйткені бұл мамандықты алған тұлғаның атқаратын қызмет ауқымын нақтылап алмайынша жұмыс барысында өз міндетін атқаруға кедергі болатын ахуалдар туындап қалуы мүмкін.

Сонымен әлеуметтік педагог мамандардың мектеп ішілік атқаратын қызмет ауқымына келетін болсақ, олар мыналарды қамтуы тиіс:

1.Оқушылар арасында әлеуметтік-педагогикалық диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыру. Мұндағы мақсат, бойында қандай да бір ауытқулары бар балаларды анықтау. Олар әр түрлі болуы мүмкін, мысалы, созылмалы ауруларға душар болғандар, тұқым қуалайтын аурулары бар, не болмаса, денесінде кемістігі бар балалар. Олармен бірге әсіресе мінез-құлқы мен жүріс-тұрысында ауытқулары бар не болмаса күмәнді балаларды айқындап алып солармен жұмыс ұйымдастыру.

Диагностикалау жұмысына мектеп психологын, дефектологты, дәрігерлерді, ата-аналарды т.б. қатыстыру оқушылар туралы толық мәлімет жинауға жол ашады. Айта кететін жайт, диагностикалау нәтижелерін құпия  ұстау аса маңызды, және ол  әлеуметтік педагогтың этикасына жатады.


  1. Мектеп оқушыларының ата-аналарымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс.

Мұнда әлеуметтік педагог барлық баланың ата-анасымен емес әлгі бойында ауытқулары бар балалардың ата-аналарымен әлеуметтік педагогикалық сауатын ашу, ақыл-кеңес беру, ақылдасып мәселені бірлесе отырып шешу секілді шараларды жүргізеді. Алай да әлеуметтік педагог жалпы      мектептегі  оқушылардың  ата-аналарына  арнап  дәрістер, семинарлар, кеңестер өткізуі қажет.

  1. Мемлекет тарапынан кейбір балаларға берілетін әлеуметтік көмектің оларға

жеткізілуі. Жалпы бұл мәселені әлеуметтік қызметкер атқарады, десек те оның жеткізілуі мен не нәрсеге жұмсалғандығын қадағалау мектептегі әлеуметтік педагог маманға жүктеледі.

  1. Мектептегі оқытушылар арасындағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыс. Бір

нәрсені анық айтуымыз керек, университет қабырғасында жүргенде педагогика пәндерін, тәрбиелеу әдістемесін студенттер толық меңгермейтіні, сол себепеті практикада олар өз өмір тәжірибелері мен алдыңғы буын педагогтардың тәжірибесіне сүйенеді.

  1. Сынып жетекшілерімен жұмыс. Әлеуметтік педагог диагностикалау және одан

кейінгі анықталған бойында қандай да бір ауытқулары бар балалармен жұмысты жалғыз өзі істегенімен оның нәтижесі болмай қалуы мүмкін. Мұнда ол сынып жетекшісі, ата-аналардың көмегі және кейде тіпті пән мұғалімдерінің көмегіне мұқтаж. Сол себепті әлеуметтік педагог олармен тығыз байланыс орнатуы маңызды.

6. Әлеуметтік педагог маманның аса маңызды қызметі  оқушылардың құжаттарын рәсімдеу. Мұнда ол мектептегі барлық оқушылар туралы мәліметті сынып жетекшілерінен жинап алуына да болады. Ал өзіне тиесілі, мысалы, бір сыныптан шыққан мінез-құлқында не жүріс-тұрысында ауытқуы бар оқушы туралы толық мәлімет оның қолында болуы міндетті. Мұны ол мектеп психологымен бірлесе отырып жинақтайды және рәсімдейді. Бұл құжатта оқушымен жүргізілген диагностикалау картасы, оның ата-анасы, араласқан ортасы, құрбылары, тұрған жері т.б.мәліметтер жинақталады .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет