Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Жеке тұлғамен, топпен, қауыммен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс



бет6/83
Дата19.01.2022
өлшемі194.91 Kb.
#454674
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
ӘПЖТ Лекция

2.Жеке тұлғамен, топпен, қауыммен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс

Әлеуметтік қызметкерге  кәсіби міндеттерін атқару және әлеуметтік қызметті орындау мен ұйымдастыру  үшін психологиялық білім қажет. Әлеуметтік қызмет кердің кәсіби функцияларының арасынан ең маңыздысы  психологиялық  қолдау көрсету. Делдалдық функциясын орындау барысында әлеуметтік қызметкер басқа маңызды мамандармен байланысады (психолог, психотерапевт, психиатр, педагог, социолог, заңгер).

Әлеуметтік қызметкердің психологиялық іскерлігі болуы  қажет, біріншіден, психотерапевт, психолог мамандарымен үнемі қатынаста болып, олармен тіл табыса білу, екіншіден, әлеуметтік проблемалардың психологиялық, психиатрия лық  жағдайларын айыра білу, клиентті осыған сай мамандыққа бағыттау, үшіншіден, мұқтаж болған алғашқы  әлеуметтік көмек көрсету, төртіншіден, адамдармен үнемі қатынаста бола келе психологиялық мәселелерді  шешу.

Әлеуметтік жұмыс практикасында ортаңғы орында клиентпен жеке  жұмыс 

істеу жатады. Әлеуметтік қызметкердің көмегін қажет ететіндер ішінде өз мәселесін шеше алмайтын адамдар  аз емес (қарттар, мүгедектер, жалғыз басты адамдар,т.б.). Оларда ережеге сай  өздерінің тенденциялары болады: агрессия, депрессия, аутизм. Әлеуметтік жұмыс пен психологияның  объектісі - адам. Адам әлеуметтік қарым-қатынастың объектісі  ғана емес, оның субъектісі де болып  табылады.

Әлеуметтік әрекеттердің объектісі индивид болса, қоғамдық және тұлғалық позицияда пассивті орын алады. Психологияда бұл өз өміріндегі стратегиясында детерминацияға ұмтылуы, өз еркімен шешім қабылдаудан  бас тартуы, мінез-құлық стереотипі, монопараметрлік  өмір сүру, экстремалдылығынан көруге болады. Нағыз белсенділік, өзіндік даму тенденциясы, өзіндік актуализациясы, мақсаттылықты, креативтілікті тек тұлға ғана көрсете алады, тек болашақтағы әлеуметтік әрекеттердің субъектісі ретінде ғана. Тұлғаның әлсіреуі, адамның жеке субъектісі белгілі бір тәуелділікті қойып оның өзін-өзі қорғауға, өзіндік жетілу қабілетіне кедергі келтіреді. Өзінің субъектілігін жүзеге асыру мүмкіндігіне байланысты, проблемалар қатары туындайды. Сонда психологияның да, әлеуметтік жұмыстың да басты мақсаттарының бірі адам дамуындағы тежеулерді, проблемаларын шешуге, өзгергісі келетіндерге көмек көрсету, әлеуметтік  субъектілік пен өмірлік күшін көрсетуге жағдай жасау болып табылады. Мұны көптеген жолдармен жүргізуге болады. Психологиялық практиканың аспектілері әлеуметтік жұмыспен байланысты сұрақтарға басты көңілді аударады.

Әлеуметтік жұмысқа психологиялық  білімнің қажеттілігі жасөспірімдермен, жастармен, өзіне-өзі қол  жұмсаған, «дағдарыстағы психикалық күйге» түсетін адамдармен ұйымдық  жұмыстарда әдістерді  кең қолдануына байланысты.

Барлық осы әрекеттерді  әлеуметтік қызметкер білуі тиіс индивидтерде, жанұяларда, қандай өзгерістер болып жатыр және олар қайда тұрып  жатыр, мұндай өзгерістердің әлсіреуінің  себебі қандай т.б.

Әлеуметтік жұмыс практикасының  келесі бағыттары маңызды белгілерге ие:


  • Психодиагностикалық;

  • Психологиялық кеңес;

  • Психологиялық және техникалық құралдарды клиентпен өзара

байланыста пайдалану.

Психодиагностика -  психологиялық  диагноз қоюмен байланысты психикалық білімнің бір  бөлімі. Қазіргі заманғы психодиагностикадағы психикалық диагноз терминінің түсінігі тек қана дамудың немесе кез-келген қалыпты психикалық көмек көрсетуде ауытқушылықтарды ғана емес, нақты  бір объектінің психикалық күшін  анықтау (индивид, жанұя, топтар), сол немесе басқа психикалық функциялар немесе түрлер дің нақты процестерін  жатқызады.

Әлеуметтік жұмыс практикасында  маңызды  психологиялық әдістер мен тәсілдерді көрсетуге болады. Психологиядағы көптеген мүмкіндіктерді әлеуметтік жұмыстағы тұлғаға ықпал  етудің әр түрлі тәсілдерін қолданады. Психодрама – ( әдіс, 1920 жылы Д.Морено негізін салған). Онда адамның ролінде кейіпкер ойнайды, оның  мәселесін шешуде тірек болады. Психодрама- топтық жұмыс әдісі барлық бағытталған. Д.Морено психодрама кестесін жасап шығарды:


  • Режиссер - қоюшы (арнайы дайындаған психолог, психотерапевт)

ойынды қажетті арнаға бағыттайды.

  • Протагонист - драманың ең басты рөлде ойнайтын адамның мәселе-

сін талқылаудан өткізу.

  • Көмекші ойыншылар - ойындағы қызметтестер, кез келген рольді

орындайтын протоганистерді  немесе режиссерді тағайындау.

центрі, яғни қатысушылардың өз ыңғайына сай орналасуы. Сыныпта, пәтерде, жастар лагерінде сонымен қатар сахнаны құру - психодраманың маңызды бөлімі. Әлеуметтік жұмыс практикасының алдында бүгінде клиентке ықпал  ету техноло гиясында, қажет еткендерге көмек көрсетуде әртүрлі техникалық әдістер ді қолдану тапсырмасы тұр. Бұл әлеуметтік жұмыс пен психологияның арасындағы негізгі бағыттарының бірі болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет