Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Лекция №8 Әлеуметтік педагогтың қызметтері



бет18/83
Дата19.01.2022
өлшемі194.91 Kb.
#454674
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83
ӘПЖТ Лекция

Лекция №8

Әлеуметтік педагогтың қызметтері
Лекция жоспары:

1.Денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік педагог

2.Пенитенциарлық мекемелеріндегі әлеуметтік педагог
Лекция мәтіні:

1.Денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік педагог

Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді денсаулық сақтау субъектілері - денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді.

Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді мынадай денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді:

1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар;


2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдар;
3)қайтадан қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдары;
4) паллиативтік көмек және мейірбике күтімі ұйымдар;
5) АИТВ/ЖИТС алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары.

      Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер:


      1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) өмір сүру сапасын жақсарту мен арттыру, басқа азаматтармен бірге қоғам өміріне қатысудың тең мүмкіндігін туғызу мақсатында өз денсаулығына өздерінің жауапкершілігін арттыру арқылы жақындарымен қоса пациенттердің өздерін белсенді қатыстырып, медициналық-әлеуметтік технологияларды қолдану арқылы аурулардың алдын алуға, денсаулығын қалпына келтіруге, сақтауға және нығайтуға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер;

2) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаны (отбасын) әлеуметтік-психологиялық бейімдеу әрі қоғамда оңалту мақсатында психологиялық ағарту, психологиялық профилактика, психодиагностика, түзету жұмыстарын жүргізу, консультациялық және ақпараттық көмек көрсету арқылы әлеуметтік-психологиялық қолдауды көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер;


      3) физикалық мүмкіншіліктері мен ақыл қабілеттерін ескере отырып, қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаны (отбасын) педагогикалық түзетуге және оқытуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) тиісті деңгейде өмір сүруін қолдау мен жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық қызметтер;


      5) денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтер көрсету мен құқық мәселелері бойынша құқықтық ағартуды, ақпараттық-құқықтық көмек көрсетуді, консультация беруді және әлеуметтік-құқықтық қорғауды көздейтін әлуметтік-құқықтық қызметтер;

6) жеке мұқтаждықтан туындайтын қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) тұрмыс-тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;

7) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғалардың (отбасылардың) еңбек дағдысын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері;

8) бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізу және оларға өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаларды (отбасыларды) тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтер.

Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылады және адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін қолжетімді, арнаулы әлеуметтік қызметтер мыналарды қамтиды:

1) консультация беру (жеке және топтық);

2) үйге жиі бару, белсенді көмек көрсету және бақылау (патронаж бен әлеуметтік сүйемелдеу);

3) "сенім телефоны" бойынша көмек (консультация беру) көрсету;

4) қолдау топтарын құру, тренинг өткізу, ынталы топтармен, өзіне-өзі көмек көрсету және өзара көмек көрсету топтарымен жұмыс жүргізу.
      Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну қоса денсаулық жағдайын, жас және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып одан әрі жеке және кешенді жоспар құру арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттілігін бағалау мен белгілеу негізінде жүзеге асырылады.
      Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде әлеуметтік жұмысқа волонтерлер, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері тартылады.
      Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметкерлер өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсеткенде медициналық ұйымдар арасында сабақтастық сақталу керек.

Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет