Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Лекция №9 Тұлғамен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі



бет20/83
Дата19.01.2022
өлшемі194.91 Kb.
#454674
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   83
ӘПЖТ Лекция

Лекция №9

Тұлғамен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі
Лекция жоспары:

1. Тұлғаны диагностикалау әдістемесі



2.Әртүрлі категориядағы балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі
Лекция мәтіні:

1. Тұлғаны диагностикалау әдістемесі

Диагностика - оқушының даму үрдісі мен нәтижесін талдау. Психологиялық-педагогикалық диагностика - бұл оқу-тәрбие жұмысын оңтайландыру мақсатында оқушының жеке-психологиялық ерекшелігін және балалар ұжымының әлеуметтік-психологиялық мінездемесін зерттеуге бағытталған бағалау тәжірибесі. Адамды барлық жағынан тәрбиелеу үшін, оны барлық жағынан білу керек. Мектептегі, сыныптағы тәрбие үрдісінің нақ осы кездегі даму ерекшеліктерін анықтау. Оқушы тұлғасының дамуына бәрінен аз әсер ететін тәрбие үрдісін ұйымдастырудың неғұрлым тиімді педагогикалық құралын, формасы мен амалдарын анықтау. Тұлға мен ұжым дамуының мүмкін жолдарын болжау, тәрбие үрдісінің болашақта мүмкін күйі мен оның нәтижесін (балалар тәрбиелілігі тенденцияларын, ұжымның даму динамикасын) көре білу.

Диагностикалық әдістемені таңдаған кезде мыналарды ескеру керек: сынып оқушыларының жас ерекшелігін; балалар ұжымының қалыптасу деңгейін; сынып жетекшісі мен оқушылардың қарым-қатынас ерекшелігін; балалар мен ересектердің бір-біріне деген сенім көрсету дәрежесін.

Диагностикалық әдістемелермен жұмыс істеу ережесі мынадай:

1. Диагностикалық әдістеменің мазмұны күтілетін нәтижеге бағытталуы керек. 2. Диагностиканың мазмұндық сипаты болуы шарт және зерттеушілік қызметке кең жол ашуы керек. 3. Диагностикалық зерттеудің нәтижесі сынып ісіне қатысы жоқ адамдардың талқысына салынбауы керек. 4. Кез-келген нәтиже сынып оқушыларының игілігі үшін қызмет етуі керек. 5. Педагогикалық диагностиканың қажеттігі оқушыларға түсіндіріліп айтылуы керек.

Деректерді алудың негізгі әдістері: Бақылау, Әңгіме, Эксперимент, Сауалнамалар, Сұқбаттар, Тесттер. Олардың мақсаты: тұлғаның белгілі бір сапасын, қоғамдық пікірді, бір нәрсеге оқушының қатынасын айқындау; тәрбие жұмысының түрлі формасы үшін мазмұнды материал жинау; тәрбиеленушінің өзіндік ерекшелігін зерттеу.

Тәрбиелілік деңгейін айқындаудың амалдары: сипаттамалық амал, мұнда тұлғаның жекелеген қырлары, мінез-құлқы мен шынайы тәртібі сипатталады. Функционалдық амал, оның негізіне тәрбиеленушінің түрлі әлеуметтік рөл мен қоғамдағы функцияны орындауға даярлығы алынады. Мотивациялық амал, тұлғаның бағыттылығын зерттеу, оның әрбір қылығының ар жағында сыртқы бақылаудан тыс жасырын мотивтер жатқанын не жатпағанын анықтау қажет.

Тәрбиелілікті диагностикалаудың төрт деңгейі: жоғары деңгей: тұлға қарым-қатынас пен әрекет етуде өзіндік әрекетімен ерекшеленеді, өзін-өзі дамытуға қабілетті; жеткілікті деңгей: балада мінезінің ішкі реттеуіштері негізінен қалыптасқан, бірақ оған сын сағаттарда көмек қажет; төменгі деңгей: тұлға өз дамуында тоқтап қалған, педагогикалық қолдаусыз өзін-өзі жетілдіруге қабілетсіз; қанағаттанарлықсыз деңгей: ала-бөтен мінез-құлыққа бейім, өзін-өзі бұзушы тұлға.

Тәрбиелік жағдаят: Педагогикада мінез-құлықты диагностикалауда тиімді амалдарды қолданады. Мысалы, тәрбиелік жағдаят әдісі: 1) талап етілетін сапа деңгейін диагностикалауға қол жеткізеді; 2) сол сапаны тәрбиелейді. Тәрбиелік жағдаят - бұл табиғи немесе алдын-ала жасалынған жағдай, онда тәрбиеленуші әрекет етуге мәжбүр болғандықтан, өзінің қандай да бір деңгейін көрсетеді. Соңғы жылдары педагогикада проблемалық жағдаяттар ойластырылуда.

Проблемалық жағдаят: Жасанды жасалған жағдаятта бала проблемаға кезігеді де, оны өз деңгейінде шешеді. Мұндай жағдаяттың: тексеру, тәрбиелік, бақылау, бекіту, тәрбиеші ойластырмаған, бірақ пайдалы, тәрбиеші ойластырмаған, бірақ зиянды немесе кедергі келтіретін деп аталатын түрлері де бар. Тәрбиелік жағдаяттың зерттеу нысаны: оқушылар тұлғасының дамуы; сынып ұжымының қалыптасуы; сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының сынып өміріне қанағаттанушылық сезімі.

Тәрбие үрдісінің тиімділігі дегеніміз - бұл алға қойылған мақсат пен тәрбие практикасында қол жеткізген нәтижені салыстыратын теңестіру. Тәрбиенің негізгі мәні оның дамытушылық ықпалында, сондықтан бала тұлғасында болып жатқан өзгерістер ғана білім мен тәрбиенің тиімділігін куәландыра алады.

Сыныптың тәрбиелік үш мүмкіндігі:

ұйымдастырушылық - оқушылар ұжымы өзінің қоғамдық пайдалы әрекетін өздері көрсетеді, идеялық-тәрбиелік - оқушылар ұжымы идеялық-адамгершілік сенімдерді тасымалдаушы болып қалыптасады, ынталандырушы - оқушылар ұжымы өзінің мүшелерінің тәртібі мен олардың өзара қарым-қатынасын реттеуші болып барлық қоғамдық пайдалы істердің адамгершілік құндылықтардың ынталандырылуының қалыптасуына ықпал етеді.

Тәрбие үрдісінің нәтижесі: Тұлғаның қол жеткізген тәрбиелілік деңгейі. Тәрбиелік деңгей: оқушының қоршаған әлеуметтік орта мен жалпы қоғаммен өзінің қарым-қатынасын реттей алуға дайындығы. адамның қоғам мен ұжымға, адамдар мен өзіне деген қарым-қатынасы жүйесі, оқушының өмір жолын таңдауы мен білім алуын жалғастыруға дайындығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет