Жауап:
Шартты түсіндірме белгілер. Түсіндірмелі шартты белгілер жергілікті жер объектілерінің қосымша сипаттамасы үшін қолданылады.
Картада шартты белгілермен бірге толық, қысқартылған жазулар, сондай-ақ графикалық бейнелеуге болмайтын объектілердің сандық сипаттамалары, елді мекендер, өзендер, көлдер, таулар, сайлар және т. б. объектілер жеке атауларының жазулары да беріледі.
Көрнекілікті айқындау, оқуды жеңілдету және картаның мазмұнын байыту үшін жергілікті заттар мен бедерлер картада қандай да бір дәрежеде олардың табиғи түсін еске салатындай етіп түрлі бояулармен басылады. Мысалы, жасыл бояумен орман, бұталар, бақшалар, саябақтар; көк бояумен теңіздер, өзендер, көлдер және гидрографияның басқа объектілері; қарамен – жекеленген жергілікті заттардың шартты белгілері, сандық сипаттамалар және жазулардың көпшілігі, жолдар; сарымен – жақсартылған топырақты жолдар төсемі; қызғылт сары – тас жол төсемі; қоңырмен – жер бедері бейнеленеді.
Картаны оқи білу – барлық шартты көрсеткіштердің картадағы мәні мен мазмұнын жақсы түсіну.
(Движение по дорогам с помощью карты). Алдын ала картамен жақсылап зерделеп алып, қозғалыс маршрутын: жол сипатын, жол бойындағы құрылыстарды, көкжиек тұсына қатысты жалпы бағыт жолын, өтуі қиын тұстардың орналасуын және оларды айналып өтуге болатын жолдарды, жол айырығы мен жол қиылыстарын есте сақтау керек. Сонан соң картада қозғалыс дұрыстығын бақылау үшін қажетті маршрут бойынша негізгі бағдарлар тандалынып алынып, іріктеледі. Бүкіл марштурттың ұзындығы мен тандалып алынған бағдарлар арасындағы қашықтықтар өлшенеді және жазылып алынады. Қозғалыс уақытында карта бағдарланған болуы тиіс. Бір бағдардан келесі бағдарға ілгерілеп, картаны жергілікті жермен жүйелі түрде салыстырып отыру, жүріп өткен қашықтық пен бағдарлар бойынша қозғалыс дұрыстығын бақылау кез келген нүктеде таңдап алынған бағдарларға қатысты маршрутта өз тұрған жеріңді және қозғалыстың соңғы пунктін айқын білу үшін қажет.
Карта арқылы жолдан тыс жермен жүру (Движение вне дорог с помошью карты). Ол үшін жолдың әрбір бұрылысы жақсы танылатын жергілікті жер бағдарлары көрсетіле отырып, картада маршрут белгіленеді. Маршрут бағыты мүмкіндігінше жергілікті заттардың (орлар, байланыс желілері т.б.) тұзу сызықты бағыттарымен сәйкес келуі керек. Бір бағдардан келесі бағдарға ілгерілеу кезінде, жүріп өткен жолды карта бойынша жиі бағдарлап, оны жергілікті жермен сәйкестендіріп отыру керек. Карта бойынша жергілікті жер бедерін зерделеу. (Изучение рельефа местности по карте) — жазықтықтың горизонтальдық суреті бойынша ой жүгірте отырып, жер бетіндегі тегіс емес кеңістік көрінісін елестету және бедер (ылди құлдилығы, нүктелер биіктігі және т.б.) сипатын анықтау бойынша есептеу мен өлшеу жүргізу. Бедердің жалпы сипаттамасы горизантальдардың пішіні мен жиілігі бойынша үстірт шолумен анықталады. Осы белгілерді пайдалана отырып, бірінші кезекте негізгі су айырықтары (жоталар), аңғарлар мен сайлар нақтыланады. Бедер сипатымен жалпы таныстықтан соң, жүктелген міндетке сәйкес оны толықтай зерделеуге кіріседі, сондай-ақ қажетгі өлшеулер мен есептеулер жүргізіледі. Карта бойынша жер бетінің абсолюттік биіктік нүктесін горизонтальдар мен белгілер бойынша анықтауға болады. Горизонтальда жатқан нукте биіктігі осы горизонтальдың белгісіне сәйкес келеді. Егер нүкте горизонтальдар арасында орналасқан болса, онда оған жакын теменгі горизонтальдың биіктігін табады және осы көлемге горизонталь үстіндегі осы нүктенің артық шамасын қосады. Бұл артық шама әдетте көзбен интерполяциялау жолымен анықталады. Салыстырмалы артықтық (салыстырмалы биіктік) олардың абсолюттік биіктіктерінін айырмашылығы ретінде есептеледі. Ылди құлдилығы арнайы графика — жатыс шкаласы арқылы анықталады. Ол карта жақтауының оң жақ астына, сызықтық масштабтың оң жағына таман орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |