Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет2/50
Дата12.12.2022
өлшемі221.83 Kb.
#467061
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Лекция №1 Лекцияны та ырыбы т iл бiлiмi ж не оны салалары

Бақылау сұрақтары:

  1. Тiл бiлiмi және оның салалары.

  2. Тiл бiлiмiнiң ғылымдар жүйесiнде алатын орны және оның басқа ғылымдармен байланысы.

  3. Тiл бiлiмiнiң практикалық мәнi.

  4. Тiлге ғалымдар тарапынан қандай анықтама берілді?

  5. Тіл қандай қызмет атқарады?.

  6. Тiл мен ойлаудың арақатынасы қандай?

  7. Ойлаудың қандай аспектілері бар?

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Тілдің территориялық және әлеуметтік жағынан жіктелуі (конспект).
Әдебиеттер

  1. Ә.Хасенов. Тiл бiлiмiне кiрiспе. А, 1990, 1-34-беттер.

  2. К.Аханов. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. А, 1993, 1-38-беттер.

  3. Байтұрсынов А. “Тіл тағылымы” А., 1989. 

  4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктері. 1-10 томдар А. 1980.



Лекция №2
Лекцияның тақырыбы: Тіл және таңба


Лекцияның мақсаты: Тілдік таңбалардың өзге таңбалардан айырмашылығын меңгерту.


Лекцияның жоспары:
1. Тiлдiң таңбалық сипаты.
2. Тiлдiң құрылымдық және жүйелiк қасиеттерi.
3. Синхрониялық және диахрониялық лингвистика.


Лекцияның мазмұны
Тiлдiң таңбалық сипаты оның негiзгi ерекшелiктерiнiң бiрi болып саналады. Сондықтан лингвистер мен философтар бұған ертеден-ақ көңiл бөлген. Бұл туралы пiкiрлердi Б.Куртенэ, Фердинанд де Соссюр еңбектерiнен оқып көруге болады.
Фердинанд де Соссюр тiлдi таңбалар жүйесi деп есептейдi. Ол былай деп жазады: ''Тiл дегенiмiз идеяларды бiлдiретiн таңбалардың жүйесi, демек оны жазумен, мылқаулар үшiн жасалған әлiппемен, символ мәндi әдет-ғұрыптармен, сыпайылық формаларымен, әскери сиг-налдармен және т.б. салыстыруға болады. Тiлдi таңбалар жүйелердiң iшiндегi өте-мөте маңыздырағы. Сонымен, қоғам өмiрiнiң iшiндегi таңбалардың табиғатын зерттейтiн ғылым бар деп ойлауға болады,бiз оны ''семиология’' деп айтар едiк''.
Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Лингвистер бұл мәселеге ертеден бері-ақ назар аударып келеді. Фердинанд де Соссюр өзінің "Жалпы тіл білімінің курсы" (1916) атты еңбегінде тілді таңбалар жүйесі деп қарастырған және оны таңбалардың басқа жүйелерімен салыстырған. Таңбалар жүйесінің мынандай түрлері бар: жол бойының белгілері, әскери сигналдар, цифрлар (араб және рим), әріптер т.б. Бұларды шартты таңбалар деп атайды.
Тіл — таңбалардың ішіндегі өте-мөте маңыздысы. Ендеше, тілді де, оның элементтерін де (морфеманы, сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді) тілдік таңбалар деп білеміз. Мұндағы негізгі мәселе - таңба мен мағынаның байланысында.
Тілдік немесе тілдік бірліктердің таңбалық сипатына не жатады?
Біріншіден, тілдік бірліктер (сөздер) нені білдірсе де жалпылап білдіреді, екіншіден, сол білдірген (танытқан) нәрсесін тіркейді және оны сақтайды, сөйтіп оны келешек ұрпаққа жеткізеді. Яғни тілдің таңбалық сипатына тілдік бірліктердің үш түрлі қызметі жатады Олар: 1) атауыштық қызмет (затқа ат қою, белгілеу, тіркеу номнативті кызметі), 2) коммуникативтік қызмет (бір нәрсені хабарлау, пікір алысу қызметі), 3) эстетикалық қызмет (сезімге әсер ету - эмоционалдық, экспрессивтік қызмет).
Кез келген таңбаның екі жағы болады: бірінші жағы - формасы, екінші жағы - мазмұны. Мысалы, көшедегі бағдаршамның (светофордың) жасыл түсі - сол таңбаның формасы, ал "көшеден өтуге рұқсат" деген мағынасы - оның мазмұны. Тілдік таңбалардың да (бірліктердің де) дәл осындай екі жағы болады. Мысалы, бала, - лар/ -лер, -дың/-дің т.б. Бұл формалар мен мазмұндар тек сол таңбалар жүйесінде ғана мәнге ие бола алады; ол жүйеден тыс әлгіндей мағыналарды білдіре алмайды. Айталық, қазақ тілінің түбір морфемасы (бала) немесе аффикстік морфемасы (-лар) орыс тілінің, болмаса басқа бір тілдің жүйесінде ешқандай мәнге ие бола алмайды. Сондықтан да, біз "қазақ тілінің жүйесі", "орыс тілінің жүйесі" деген терминдерді жиі қолданамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет