Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет7/50
Дата12.12.2022
өлшемі221.83 Kb.
#467061
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Лекция №1 Лекцияны та ырыбы т iл бiлiмi ж не оны салалары

Дауысты дыбыстар


Тiлiмiздегi дауысты дауысты дыбыстарды ''вокализмдер'' (лат. т. bokalis-дауысты, ''сөздiң жаны'' деген мағынаны бередi) деп атайды.
Қазақ тiлiнiң байырғы сөздерiнiң құрамында тоғыз дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә, о, ө, е, ұ, ү, ы, i. Қазiргi қазақ тiлiндегi дауысты дыбыстарды ескерсек, мұнымен шектелiп қалуға болмайды. Қазiргi тiлде 11 дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә, о, ө, е, ұ, ү, ы, i, у, и. Дауыстылар iштей 3 топқа бөлiнедi:
1. Тiлдiң қатысына қарай:
а) Жуан (гуттураль) дауыстылар: а, о, ұ, у, ы;
ә) Жiңiшке (палаталь) дауыстылар: ә, ө, ү, i, е, у, и.
Жуан дауыстыларды айтқанда, жiңiшкелермен салыс-тырғанда, тiл сәл артқа қарай тартылады, жiңiшкелердi айтқанда тiл сәл iлгерi жылжиды.
2. Ерiннiң қатысына қарай:
а) Ерiндiк (лабиаль) дауыстылар: ө, о, ү, ұ, у;
ә) Езулiк дауыстылар: а, ә, ы, i, е, и болып бөлiнедi.
Ерiндiк дауыстыларды айтқанда ерiн дөңгеленiп, сүйiрленедi де, езулiктердi айтқанда ерiн екi жаққа қарай тартылып, езу жиырылады.
3. Жақтың қатысына қарай:
а) ашық дауыстылар: а,ә;
ә) жартылай ашық дауыстылар: о,ө,е;
б) қысаң дауыстылар: ұ,ү,ы,i,и,у.
Бақылау сұрақтары:
1. Тiл дыбыстарының түрлерiн ататңыз.
2. Тiл дыбыстарына тән белгiлерді атаңыз.
3. Дауысты дыбыстардың зерттелуi жайлы не білесіз?
4. Дауысты дыбыстар қалай жiктеледі?.
5. Дауысты дыбыстардың қолданылу ерекшелiктерi жайлы түсінік беріңіз.
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Фонетикалық құбылыстардың әдеби тілдегі көрінісі (эссе)
Қажетті әдебиеттер
1. А.Байтұрсынов. Тiл тағылымы. А., 1992, 325-б.
2. М.Серғалиев. Қазақ тiлi. А., 1992.
3. С.Мырзабеков. Қазақ тiлiнiң дыбыс жүйесi.А.,1999,28-40 б.
4. К.Аханов. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. А.,1991.


Лекция №5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет