Тiл дыбыстары мынадай элементтерден тұрады:
а) Дыбыстың жасалуы. Дыбыстың жасалуы заттың вибрациялық қимылынан пайда болады. Қимылдың нәтиже-сiне орай әр дыбыстың өзiнiң ырғағы, күшi, әуенi болады.
ә) Дыбыс ырғағы. Дыбыс ырғағы 1 секунд iшiндегi дiрiлдiң мөлшерiне байланысты пайда болады. Дiрiл мөлшерi көбейген сайын, дыбыс ырғағы күшейе түседi, керiсiнше дiрiл азайған сайын, ырғақ та бәсеңдей түседi. 1 секунд iшiнде 16 дiрiл нәтижесiнде пайда болған дыбыс құлаққа естiледi. Сөз бен сөйлемнiң интонациясы мен әуенi осы ырғаққа байланысты болады.
б) Дыбыс күшi. Дыбыс күшi дiрiлдiң қарқынына байланысты болады. Дiрiл қарқыны көбейген сайын дыбыс күшi ұлғая түседi. Дiрiл көбейген сайын дыбыс жiңiшке шығады, ал азайған сайын дыбыс жуандай түседi.
Тiлдегi дыбыстар негiзгi тон және көмекшi тоннан тұрады. Бұл екi тон бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Көмекшi тон арқылы дауысты дыбыстар бiр-бiрiнен ерекшеленедi.
Тiл дыбыстары дыбыстау мүшелерi арқылы жасалады. Дыбыстау мүшелерi негiзгi үш топқа бөлiнедi:
1. Тыныс мүшелерi. Тыныс мүшелерiнiң бастысы – өкпе. Өкпе бiрде ауаны сыртқа теуiп (экспирация), бiрде iшке тартып (инспирация) отырады. Ауаны iшке тартқанда, кеуденiң бұлшық еттерi қабырғаны жоғары көтерiп, өкпенi кередi. Ал ауаны сыртқа тепкенде өкпе керiлмей, еркiн тұрады. Ауаның сыртқа шығуына байланысты тiл дыбыстары жасалады.
2. Тамақ мүшелерi. Тамақ кеңiрдектiң кеңейген жоғарғы тұсы. Оның сырт жағында жұтқыншақ болады, ал iшкi жағында дауыс шымылдығы болады.
Кеңiрдектiң арт жағында өңеш болады. Тамақ пен кеңiрдек ауа жүретiн жол, ал өңеш–тамақ жүретiн жол. Тамақтың iш жағында қырынан орналасқан екi бүршiк бар. Мұның сыртқы екеуi – жалған дауыс шымылдығы, ал астың-ғы екеуi –нағыз дауыс шымылдығы.
3. Қуыс мүшелер. Қуыс мүшелерге тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуыстары жатады.
Тамақ қуысы тамақтың жоғарғы жағында ауыз қуысының арт жағында болады. Оның дыбыс шығару қызметi 2 түрлi:
а) оның тарылуынан салдыр жасалады;
ә) тамақ қуысының көмегiмен дауыстылардың әуенi жасалады.
Ауыз қуысы да, мұрын қуысы да дыбыстарға жаңғырық қосып, резонаторлық қызмет атқарады. Дауысты дыбыстар-дың әр түрлi болып келуi жаңғырыққа байланысты.
Дыбыстау мүшелерiнiң бiр бөлегi жылжымалы болып келедi, олар құбылып тұрады. Бұлар – дыбыс жасаудағы актив мүшелер. Ендi бiр бөлегiнде мұндай қасиет болмайды. Олар – пассив мүшелер. Дыбыстардың барлығы дерлiк актив мүшелер арқылы жасалады. Ал пассив мүшелер тек көмекшiлiк қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |