Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет43/50
Дата12.12.2022
өлшемі221.83 Kb.
#467061
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50
Лекция №1 Лекцияны та ырыбы т iл бiлiмi ж не оны салалары

Бақылау сұрақтары:
1. Сөзжасамның қандай тәсілдері бар?
2. Аналитикалық тәсіл арқылы сөздер қалай жасалады?
3. Синтетикалық тәсілге қандай белгі тән?
4. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туыны сөздерге қандай белгі тән?
Қажетті әдебиеттер
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы: Мектеп, 1964. –398 б.
2. . Қазақ тілінің грамматикасы. –Алматы: Ғылым, 1967. –263 б.
3. Ысқақов А. Қазақ тілі. Морфология. –Алматы: Мектеп, 1974. –407 б.
4. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. –Алматы: Ғылым, 1989. –268 б.
5. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. Астана, 2002, -784 б.
6. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2001. – 213 б.


Лекция №26
Лекцияның тақырыбы: Сөз тіркесінің синтаксисі.
Лекцияның мақсаты: Сөз тіркесінің байланысу формалары мен жасалу тәсілдері, тіркестің түрлері жайлы мағлұмат беру.
Лекцияның жоспары:
1. Сөз тіркесі, оған тән белгілер.
2. Сөз тіркесінің түрлері.
3. Сөз тіркесінің байланысу формалары мен жасалу тәсілдері.
Лекцияның мазмұны
Сөз тіркесі сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуынан пайда болады. Сөз тіркесі жасалу үшін, оның кұрамындағы сөздер мағыналық және грамматикалық жағынан байланысты айтылуы шарт. Бір - бірімен байланысты десек, ол байланыс екі түрлі болады. Бірі – мағыналық жағынан, екіншісі - грамматикалық жағынан байланысты болады. Мағыналық жағынан байланыс деп - сөздердің сөз табы ретіндегі жалпы категориялық мағынасын, ал грамматикалық жағынан байланыс деп - бір сөздің басқа бір сөзге грамматикалық жағынан бағыныштылығын айтамыз. Яғни сөз тіркесіндегі сөздер белгілі бір грамматикалық формада тұрып, олардың бірі - бағыныңқы (тәуелді), екіншісі - басыңқы (ұйтқы) жағдайда байланысады.
Сөз тіркесіндегі басты рольді оның басыңқы сыңары атқарады. Басыңқы сөздің қай сөз табынан болуының үлкен мәні бар. Өйткені сөз тіркесінің құрылымы оның құрамындағы ұйтқы сөздің қай сөз табына қатысты болуына қарай айқыңдалады. Мәселен, басыңқы сөз зат есім болса, ол өзінің алдында тұрған анықтауыш сөздермен, яғни сын есім, сан есім, есімдік, есімшелермен тіркеседі. Мысалы: ақылды адам, бес кітап, бұл бала, барар жол, т.б. Бұл сын есімдер басыңқы сыңар бола алмайды деген сөз емес. Сын есімдер де басыңқы сыңар бола алады. Бірақ сын есімдер басыңқы сыңар болғанда өзінің алдындағы есімдердің атау мен іліктен баска септіктердің бірінде тұруын талап етеді. Мысалы: ақылға бай, тастан қатты, қулыкты көргіш. Етістіктер ұйтқы (басыңқы) сөздер ретінде өзіне бағынышты зат есімдермен де, үстеулермен де, көсемшелермен де, еліктеу сөздермен де тіркесе береді. Мысалы: тауға шығу, ерте тұру, қадала қарау, бұрқ-бұрқ қайнау.
Сонымен, сөз тіркесін құрастырушы сөздер бір-бірімен синтаксистік байланысқа түседі екен. Ол синтаксистік байланыстың тіл-тілде бірнеше түрі бар. Олар: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.
Киысу деп — басыңқы сөз бен бағыныңқы сөздің бір-бірімен жекелік-көптік жағынан, септік жағынан, род жағынан байланысуын айтамыз. Мысалы: орыс тілінде высокая гора - высокие горы, высокой горы — высоких гор. Немесе: он играл — она играла.
Қиысу орыс тілінде сөз тіркесіне де, сөйлемге де қатысты болса, қазақ тілінде ол тек сөйлемге қатысты. Мысалы: Мен келдім, сен келдің.
Қазақ тілінде қиысу — сөз тіркесінің байланысы емес, ол бастауыш пен баяндауыштың байланысы. Ендеше оны предикативтік байланыс деп атау керек.
Қазақ тілінің екінші ерекшелігі - септік жалғаулары арқылы байланысуды қиысу демейді, оны матасу, меңгеру деп екі түрге бөліп қарастырады. Мысалы: менің кітабым (матасу), кітаптан оқу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет