Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары


Матасу - ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы. Мысалы



бет44/50
Дата12.12.2022
өлшемі221.83 Kb.
#467061
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50
Лекция №1 Лекцияны та ырыбы т iл бiлiмi ж не оны салалары

Матасу - ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы. Мысалы: ме+нің қалам+ым, сіз+дің қалам+ыңыз, о+ның қаламы. Мұнда бағыныңқы сөз ілік септік жалғауында тұрып, анықтауыш қызметін атқарады да, басыңқы сөз тәуелдік жалғауында тұрады. Әрине, бірі - ілік жалғауында, екіншісі - тәуелдік жалғауында тұрғаннан кейін бұлардың екі сыңары да есім сөз болатындығы өзінен-өзі түсінікті.
Меңгеру - сөз тіркесі құрамындағы басыңқы сөз (етістік) бағыныңқы сөздің (зат есімнің) атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұруын керек ететін байланыс. Мысалы: киім+ді тазалау, ауыл+ға бару, үй+ден шығу, жолдасы+мен кездесу.
Қабысу - сөз тіркесі кұрамындағы бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысу. Мысалы: ағаш үй, ақ орамал, он дәптер, білген кісі, барлық адам (Бағыныңқы-басыңқы сыңарлардың қай сөз таптарынан екеңдіктеріне көңіл аударыңыздар).
Сөз тіркестерінің жалғаусыз байланысуының тағы бір түрі бар. Оны жанасу деп атайды. Егер қабыса байланысқан сөз тіркесінің басыңқы сыңары зат есім болса (мысалы: үй, орамал, дәптер, кісі, адам), жанаса байланыскан сөз тіркесінің басыңқы сыңары — етістік болады. Мысалы: кеше келу, жапалақтап жауу, қатты сүйсіну, екі жеу, сылқ-сылқ күлу.
Жанасудың кабысудан тағы бір ерекшелігі - қабысу тек қатар тұру арқылы байланысса, жанасу қатар тұрып та, алшақ түрып та байланыса береді. Мәселен, малшылар жайлаудан кеше келді дегеңді малшылар кеше жайлаудан келді, кеше малшылар жайлаудан келді деп, "кеше" сөзінің сөйлемдегі орнын ортасына, басына ауыстырсақ та, кеше келу деген сөз тіркесінің байланысы бұзылмайды.
Сөйтіп сөз тіркесі — кемінде екі не одан да көп дербес сөздің бағыныңқы - басыңқы байланыстың негізінде жасалған синтаксистік бірлік екен. Синтаксистік сөз тіркесінің күрделі сөзбен де, фразеологиялық сөз тіркесімен де, толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркесімен де сырттай ұқсастығы болғанымен, олардың бір- бірінен айырмашылықтары бар.
Енді синтаксистік сөз тіркестерінің түрлеріне келелік. Құрамына қарай сөз тіркестері: 1) жалаң сөз тіркесі, 2) күрделі сөз тіркесі және 3) аралас сөз тіркесі - болып үшке бөлінеді. Бұлай бөлуде сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің саны емес, оның қандай байланыстардың (айталық, қабысу, матасу т.б.) негізінде жасалғандығы ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет