Лекция №1 Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және физиологиялық дамуы пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері



бет2/12
Дата15.09.2024
өлшемі51.89 Kb.
#503643
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Психоло физио. дамуы лекция тезис

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясы ғылымы қандай мәселелермен шұғылданады?
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясы ғылымы нені зерттейді?
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясы ғылымы қандай пәндермен байланысты?
4.Балалар психоло Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясы гиясы ғылымының дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды білесіз?
5. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясының даму заңдылықтары деген не?


Әдебиеттер:
1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.
2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011
3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014


Лекция №2
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және физиологиялық дамуы пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері.
1.Психологиялық жас кезеңдеріне бөлу.
2. Жас дамуы мен ерекшеліктері.
1.Балалар психологиясы жалпы психологиядан тарайтын даму психикасы туралы білімге сүйенеді. Мысалы, балалар психологиясын зерттеудің, оның іс-әрекеті, психикалық үдерістері мен жағдайлары, жеке басының қасиеттері сияқты жағдайларды бөліп көрсету, олардың бұрын жалпы психологияда бөліп көрсетіліп, сипатталғандығынан ғана мүмкін болады.
Балалар психологиясы жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясының жетістіктерін, әсіресе баланың жүйке жүйесі мен жоғарғы жүйке қызметінің дамуы туралы мәліметтерді үнемі пайдаланып отырады.
Баланың психикасының даму заңдылықтарын зерттегенде балалар психологиясы басқа ғылымдардың ғылыми мәліметтерінің негізіне сүйенеді.
Балалар психологиясы табиғат пен қоғамдағы құбылыстар дамуының заңдылықтарын ашатын сананың қоғаммен сабақтастығын дәлелдейтін философия, диалектикалық материализм негізіне сүйенеді.
Бала психологиясы саласындағы білім педагогиканың ғылыми негіздерінің құрамына кіреді. «Егер педагогика адамды барлық қарым-қатынаста тәрбиелегісі келсе, – деп жазды К.Д.Ушинский, – ол ең алдымен оны да барлық қарым-қатынаста білуі тиіс».
Балалар психологиясы тек балдырғандардың психикалық дамуын, психологиялық дамудың әрбір сатысын сипаттайтын негізгі компоненттерді зерттейді. Яғни, балалардың бойының өсуін, салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін, жоғарғы нерв жүйесінің құрылымы мен жетілуін, ішкі секреция бездерінің қызметін, оның өзгерісін анатомиялық-физиологиялық негізіне сүйене отырып зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет