өсіп даму, жетілу
кемелдену
қартаю
Дамып жетілу немесе кәмелетке келу дегеніміз ең алдымен жастардың жыныстық жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы. Яғни тұқымын жалғастыруды қамтамасыз ету. Сонымен қатар әлеуметтік қызметтерді атқару рухани және мәдениет қазыналарын жасау, еңбек ету қабілеттері жатады.
Өсу мен дамудың барлық адамға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:
1.Өсу мен даму гетерохронды болады, яғни, біркелкі болмайды
2.Мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі
3 Өсу мен даму баланың жынысына байланысты
4.функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің
биологиялық беріктігі немесе мықты болуы
5.Өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның
жағдайларына тәуелділігі
6.Өсу мен дамудың акселерациясы
Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытындағы физиологиялық ерекшеліктер, акселерация
Адам өмірінде өсу мен даму бірде жылдамдап бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез өседі, ал қыста нашар немесе түнде бой көбірек өседі,күндіз аз өседі. Мұны өсу мен дамудың Г е т е р о х р о н д ы л ы ғ ы деп атайды. (Гетерос-әртүрлі, хронос- уақыт)
Жасты кезеңдеу. Әрбір жас кезеңіне сипаттама
Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады.
1965жылы сәуір айында Мәскеу қаласында Бүкіл дүние жүзілік симпозиум болды. Симпозиум жұмсына КСРО, Англия,Болгария,Польша,Чехославаки және Швеция елдерінің белгілі физиолгтары, гигиенисттері, дәрігерлер, генетик, психолг ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге созылған жемісті талас пікірлерден кейін жас кезеңдерін бір ізге салу мақсатымен симпозиум шамамен 12 сатыдан тұратын схема ұсынды.
Жас туған сәби алғашқы 10күн
Емшектегі сәби 10күннен 1 жасқа дейін
.Алгашқы балалық шақ 1жастан 3жасқа дейін
Бірінші балалық шақ 4жастан7жасқа дейін
Екінші балалық шақ қыздар 8-11жас, ұлдар 8-12 жас
Жеткіншек немесе жасөспірімдер қыздар 12-15 жас, ұлдар 13-16жас
Кәмелеттік немесе жігіттік, бойжеткендік қыздар 16-20 жас, ұлдар 17-21 жас
Кемеліге келу немесе ересектік мерзімнің 1-шіжартысы әйел 21-35жас, ерлер 22-35жас
Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы әйел 36-55жас, ерлер 36-60 жас
Егде жас әйел 55-74 жас, ерлер 60-74 жас
Қариялар немесе кәрілік 74-90жас
Ұзақ өмір сүрушілер 90 жастан ары қарай
Осы жас кезеңдерін әрбір үйелмен,мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және мектептер басшылыққа алады. Демек тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені адам жасының табиғи негізі жас сатылары мен биологиялық жетілу шақтары.
Бақылау сұрақтары
1.Жас кезеңдерін жіктеудің қажеттілігі
2.Баланың өсу қарқынының кезеңдері және оның пайда болу себептері
3.Өсу мен дамудың акселерациясының белгілері және олардың анықталуы
4.Өзгеру мезгілі,оның ерекшеліктері
Достарыңызбен бөлісу: |