Лекция №1 Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және физиологиялық дамуы пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері



бет8/12
Дата15.09.2024
өлшемі51.89 Kb.
#503643
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Психоло физио. дамуы лекция тезис

Эксперимент әдісі. Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс – психологиялық эксперимент. Эксперимент кезінде зерттеуші балаға түрлі іс-әрекет жасауға жағдай жасайды және іс-әрекет түрлерін де өзгертіп отырады, олардың алдына белгілі міндет қояды.
Эксперимент әдiсiн жүргізудің тиімді жақтары:
- Зерттеушi зерттелiп отырған психикалық құбылыстарға өз тарапынан жағдайлар туғызады;
- Алынған деректердi қайта-қайта алуға мүмкiндiгi бар;
- Экспериментте бөлек көрсеткiштердi қысқа және қарапайым түрде белгiлеуге болады, бiрақ зерттеу протоколы анық болуы керек.
- Протоколдың сараптамасы бақылау нәтижелерiне қарағанда жеңiлiрек, өйткенi эксперимент нәтижелерi бiр типтi және бiр ағыммен өтедi.
Эксперимент әдiсiн жүргізудің тиімсіз жақтары:
- Зерттеушiнiң өз ыңғайына қарай эксперименттi жүргiзсе, зерттеудiң шынайлығы болмайды. Бала өз кемшіліктерін білдіргісі келмей жасанды қылықтар көрсетеді немесе ұялып, еркін ашыла алмайды;
- Дайындалған сұрақтарға балалардың берген жауаптарынан зерттелiнiп отырған баланың тұлғалық қасиеттерi байқалмайды;
- Эксперимент зерттеушiден арнайы дайындықты, яғни техникалық дағдыларды, вариациялық статистиканың қарапайым тәсiлдерiн талап етедi:
- Әр түрлi құралдардың көмегiмен зерттелiнiп отырған балалардың жауаптары сигнал арқылы берiлгенімен, зерттелушi балалардың мiнез-құлығына көңiл аудара қоймайды.
Әдетте мұндай эксперименттер табиғи деп аталады. Мектеп жасына дейінгі балаларға қолдануында лабораториялық және табиғи эксперименттер арасында ерекше айырмашылық жоқ. Қандай жағдай болса да балалар өздерін қызықтыратын іспен айналысулары тиіс.
Лабораториялық эксперименттезерттеу арнайы құрылған бөлмеде өткiзiледi. Зерттеу үшiн әр түрлi құрылғылар мен құралдар қолданылады. Бұл жағдай балаға өте қызықты да таныс емес. Оның жасандығы баланың зерттеушiнi көре алмағандықтан көрiнедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет