Лекция 1 Өсімдіктер экологиясының Ғылым ретінде қалыптасу тарихы. ӨСімдіктер экологиясы пәНІ



Pdf көрінісі
бет4/25
Дата12.02.2023
өлшемі0.52 Mb.
#469441
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Лекция 1 сімдіктер экологиясыны ылым ретінде алыптасу тарихы

Экологиялық факторлар дегеніміз - организм ‰шін қажетті
немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтері. Табиғаттағы
экологиялық факторлар жиынтық к‰йінде әсер етеді. Организмдер болса
факторлардың әсеріне әр т‰рлі реакция (жауап) береді. Мәселен, ащы
суда тіршілік ететін организмдер ‰шін тұз және минералды заттар шешуші
роль атқарады, ал тұщы су организмдер ‰шін қажеті шамалы.
Шөл-шөлейтті жерлердегі өсімдіктер ‰шін жоғары температура,
ылғалдық аздығы қолайлы фактор болса, ал орман өсімдіктеріне бұл
қолайсыз факторлар болып табылады. Міне, осы жағдайлар мен
факторлар оларға организмдердің бейімделуі ұзақ жылдар бойы
қалыптасқан тарихи дамудың жемісі деп білесіз. Нәтижесінде өсімдіктер
мен жануарлардың т‰бегейлі қалыптасқан географиялық белдемелері
айқындалады.
Факторлар ‰ш негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық
және антропогендік. 
Абиотикалық факторлар дегеніміз - Организмдерге әсер ететін
бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар- химиялық ( атмосфераның
құрамы, теңіз және тұщы сулар, шөгінділер, т.б.) және физикалық 
(температура, қысым , ылғал, жел, радиация, т.б.) деп бөлінеді. Сол
сияқты жердің рельфі, геологиялық және геоморфологиялық құрылымы,
ортаның сілтілік немесе қышқылдығы , космостық сәулелер, т.б.
факторлар организм ‰шін әр т‰рлі деңгейде әсер етеді.
Биотикалық факторлар дегеніміз - тірі организмдердің бір -
біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте
к‰рделі процестер жиынтығы. Өйткені тірі организмдер бір-бірімен
қоректену, бәсеке, паразиттік, жыртқыштық, селбесіп тіршілік ету
арқылы алуан т‰рлі қарым-қатынас болады. Аталған қарым-қатынастар
өсімдік пен өсімдік, жануар мен өсімдік немесе жануар мен жануар
арасында болуы м‰мкін.
Антропогендік факторлар дегеніміз - қоршаған ортаға тигізетін
адам баласы іс-әрекетінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы
өзінің материалдық игілігі ‰шін табиғат байлықтарын игеруге мәжб‰р
болады. Нәтижесінде ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, авто 
көліктер, ауыл шаруашылығы салалары дами т‰седі. Ал олардан
зиянды әрт‰рлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды


қосынды заттар айнала қоршаған ортаға тарайды. Зиянды заттардың
көпшілігі табиғатта айналымға т‰спей, жинақталып б‰кіл тіршілікке
кері әсерін тигізе бастайды. Яғни, атмосфера ауасының ластануы, су
айналасының бұзылуы, жердің құнарсыздануы, қуаңшылық, өзен-
көлдердің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе
құрып кетуі, адам баласының денсаулығының бұзылуы және жалпы
биосфера шегіндегі бұрын - соңғы болмаған климаттық өзгеру
құбылыстары ‰дей т‰седі. Соңғы жылдары антропогендік факторлардың
табиғи ортаға және жалпы биосфераға айқын біліне бастады. Осыған
орай , адам баласының іс-әрекеті бақылауға алынып табиғат тепе-
теңдігінің бұзылмауына жол бермеу жолдары ғаламдық проблемалар
деңгейінде қарастырылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет