жоғары, устьице кешендерінің бір өлшем бірлігіндегі (1мм
2
) саны көп
болатындығы дəлелденген. Жапырақ тақтасы майда, немесе жақсы
жетілмеген, болмаса ылғалы жеткіліксіз ыстықта
жапырақтарын тастайды
(төгіліп қалады). Көптеген табиғи астық тұқымдас өкілдерінің жапырақтары
түтік тəрізді ширатылады немесе шеттері (жиектері) қайырылады.
Эпидермисі қалың кутикалалы, кей жағдайда эпидермисі көп қатарлы,
жапырақ тақтасы етженді, қалың, беті жылтыр болады. Инсоляция қарқынды
жағдайда жапырақ беті қалың, киіз түкті (өзара шатасқан) сұр немесе ақшыл
түсті, балауызды болып қалыптасады.
Ксерофиттердің ұлпаларын түзуші клеткалары майда, клеткааралықсыз,
тығыз орналасқан. Жапырақтарының мезофилі изолатеральды типті, ондағы
борпылдақ паренхима əлсіз, устьице кешендері
тек төменгі эпидермисте,
олар эпидермиске көміле (оның деңгейінен төмен) орналасқан.
Ксерофиттердің сабақтарындағы арқаулық ұлпалар (колленхима мен
склеренхима) жақсы жетілген, паренхималарының сүректенуі жоғарғы
деңгейлі, діңдік мүшелерінің паренхималануы төменгі деңгейлі.
Достарыңызбен бөлісу: