Лекция №1 Сандық анализ пәні және әдістері


Дәлдігі жоғары әдістерге сипаттама (СӨЖ)



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата22.02.2024
өлшемі332.91 Kb.
#492918
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Лекция 1 АХ2 1204-12

Дәлдігі жоғары әдістерге сипаттама (СӨЖ). 
Аспаптық (инструментальные) зерттеу әдістері жатады, жалпы физика-химиялық
әдістер өте дәл, жетілдірілген заманауи аспаптарды пайдалану арқылы қоспа 
құрамындағы зат мөлшерін, құрылымын анықтайды, соған сәйкес қолдану мүмкіндіктері 
анықталады. 
Қазіргі таңда кең қолданылып келе жатқан әдістерді көрсету, және жұмыс істеу 
принциптерін талдау 
- Оптикалық әдістер бойынша 
-Электрохимиялық әдістер бойынша 
-Хроматографиялық әдістер бойынша 
4. Зерттеу сынамалары. Орташа сынама алу. 
Химиялық қоспалардың құрамына сандық анализ жүргізуде белгiлi бiр бiрлiкпен 
көрсетiлген өлшенетiн шаманың сандық мәнiн анықтау, өлшеу қажет. Химиялық анализ 
барысында заттың метрологиялық сипаттамасын алып, олардың белгiлi стандарттық
нормаға сәйкестiгiн анықталады. 
Заттың сапалық және сандық сипаттамасын нормалау нормативтi-технологиялық
құжаттардың стандартизация жүйесiмен жүргiзiледi: олар Мемлекеттiк стандарт – МеСТ 
(ГОСТ), технникалық талап -ТТ (ТУ) (техническое условие). Әрбір зерттеу, анықтаулар 
жүргізетін ұжымда қолдануға рұхсат етілген нормативтi-техникалық құжаты бар болуы 
керек. 
Сандық анализ жүргiзгенде әдiстiң дұрыстығы, қайталанғыштығы маңызды. Ол – 
химиялық реакциялардың, аналитикалық приборлардың, өлшеуiштердiң метрологиялық 
параметрлерiмен тығыз байланысты. Сондықтан, барлық аналитикалық приборлар 
(қондырғылар) жыл сайын, белгiлi уақыт аралығында мiндеттi мемлекетiк тексеруден өтiп 
отырады.
Анализ барысында: 
1. 
Зат, зат қоспаларының, материалдардың сынағын алып, анализге дайындау. 
а) алғашқы сынақ (генеральная проба) 
б) лабораториялық
в) аналитикалық 
Сынақ құрамында анықталатын зат және негiзi (основа) болады. 
Анықталатын зат бiрнеше болуы мүмкiн. 
Мысалы, болат: Fe, Cr, C. т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет