Тұқымның өнуі кезінде белокты заттарының айналысы. Белоктың айырылуы мен синтезі, аммиак пен аспаргиннің маңызы. Органикалық заттардың тұқым өну кезіңіндегі жалпы (толық) айналысы.
Белок заттарының ыдырауын өсімдіктің тұқымын қараңғы жерде өсіріп, жарық нәтижесінде болатын синтез процесін болдырмау арқылы оңай бақылауға болады.бұл кезде өсімдік тұқымындағы белоктың барлығы қарапайым түрге көшпей дән құрамындағы 2/3 бөлігі ғана еріткіш түрге көшеді. Ал одан артық бөлігі өркен ашыққан күннің өзінде де, жер бетіндегі өсімдік мүшелерінің көлемі артқанмен де ыдырамаған түрінде қалады. Мысалы, Д.Н. Прянишниковтың /1895/ жоңышқа өсімдігіне жүргізген тәжірибесінде тұқым өнгеннен 10 күннен кейін де барлық белоктың 54%, 20 күннен кейін - 40%, 30 күннен кейін - 33%, 40 күннен кейін өсімдік өте күшті ашыққанның өзінде де - 32% белок бастапқы қалпында қалған. Бұл көрсеткіштер өсімдік күшті ашыққанның өзінде де белоктың протоплазма құрамындағы біраз бөлігі бөлінбей сақталатындығын көрсетті. Протоплазма құрамында қалған белок күрделі белоктар яғни протоплазма, әсіресе ядро құрасындағы белок пен нуклеин қышқылынан тұратын нуклеопротеидтер, ал бұл кезде қор түріндегі белоктар ыдырап үлгерген.
Тұқым өну кезінде белок заттары күшті айналысқа ұшырайды, бұған байланысты протеаз ферменттерінің белсенділігі артады.
Акад. А.Н. Бах пен А.И. Опариннің анықтаулары бойынша: протеаз ферменттерінің белсенділігі тұқым өнгеннен 3-ші күні 6 есе, 6 күннен кейін 30 есе, 8-ші күні 45 есе артқан.
Белоктардың тұқым өну кезінде айналысқа ұшырауының физиологиялық маңызы, ол белоктардың жылжығыш түрге айналып тұқымнан өсуші ұрық бөліміне көшуі. Белок суда әлсіз ериді, кейбіреулері тіпті ерімейді де. Белоктың суда ерігенімен ірі молекулалы болғандықтан клетка қабықтарынан, плазмалық жарғақтардан өте алмайды. Сол себепті белок молекулалары амин қышқылдарына айналады. Оның үстіне белоктың мұндай жылжығыш түрге айналуынан басқа қор түріндегі белоктардан бөлінген амин қышқылдары қайта белок молекулаларын түзгенде жаңа белоктар түзіледі, яғни бір белок түрі екінші белок түріне өз бетінше айналмайды, міне сол себептен белок молекуласы амин қышқылдарына дейін айналуы қажет. Кейбір белок молекулаларынан түзілген амин қышқылдары белок молекуласын түзбей онан әрі қарай дезаминаза ферментінің әсерінен гидролизденеді. Бұл кезде аммиак және азотсыз қосындылар түзіледі, бірақ аммиак өсімдік клеткасында көп мөлшерде жиналмай, өркен денесінде синтездеуге ұшырайды.
Аспарагин және глютамин белоктың ыдырау өнімдері болумен қатар, аммиак пен көміртегі тізбектерінен құралған күрделі синтез өнімі де. Дәл осы жағдайлар Д.Н. Пряшнишниковтың классикалық еңбектерінде толық дәлелденді.
Өсімдік денесіндегі азотты қосылыстар /амин қышқылдары, белоктар/ құрамындағы азот тотықсызданған түрінде болады. Сондықтан өсімдік қабылдаған “NO3” азоттың тотыққан түрі өсімдіктің тамыры түктері арқылы азот тыңайтқыштарынан қабылдап оны “NН3”-ке дейін тотықсыздандырады. “NO3”-тің бір ионын “NН3”-ке дейін тотықсыздандыру үшін сутегенің 8 атомын жұмсауы керек. Ал ол сутегін тыныс алуда тотығуға ұшыраушы органикалық қосылыстан алады.
Н NO3 + 8Н NН3 + 3Н2О
Б ірақ бұл процесс бірден өтпейді, ең алдымен NO-3 NO-2-ге дейін көшеді, ал ол процесс өте жылдам жүреді яғни NO-3-тің NO-2-ге айналуы.
Достарыңызбен бөлісу: |