Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары



бет3/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Жоспары:
1.Көмірсулар.
2.Ақуыздар.
3.Липидтер.
Қолданылған әдебиеттер
а) негізгі
1.Якушкина.Н.И. Физиология растений. М. 1993г
2.Полевой.В.В. Физиология растений.М. 1991г.
3.Кенесарина.Н.Ә.Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1988ж
4.Жатқанбаев.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. 1988 ж.
5.Қалекенұлы.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. Қазақ университеті.1996ж.
6.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 1996 ж.
7.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, Ғылым баспасы, 2002 ж.
8.Уалиханов.Г, Есмағұлов.Қ. Өсімдіктер биотехнологиясының негіздері. Алматы .Респ. баспа кабинеті, 1999 ж.
9.Жатқанбаев.Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы негіздері. Алматы 2004 ж.
10.Медведев.С.С. Физиология растений. Изд –во СПБГУ, 2004 г
11.Якушкина. Н.И, Бахтенова.Е.Ю. Физиология растений. М.Владос, 2005 г.
б). қосымша:
12.Папорков.М.А, Клинковская.Н.И. Милованова.Е.С.Учебно –опытная работа на пришкольном участке. М.1980 г.
13.Физиология и биохимия сельскохозяйственных растений (под ред. Третьякова.Н.Н).М.
2000 г.
14.Практикум по физиологии растений (под.ред. Иванова.В.Б.).М, 2001г.
15.Кенжеев.Қ. Өсімдіктер физиоллогиясының практикумы. Алматы. 1989ж.
Лекция мақсаты: Көмірсулар, Ақуыздар, Липидтер мен таныстыру.
Лекция мәтіні: Өсімдік жасушасының химиялық құрамы аса бай және алуан түрлі.
Академик В.И. Вернадский жер қыртысындағы элементтердің барлығы да (тіпті сирек кездесетін элементтер де) өсімдіктерде белгілі мөлшерде кездеседі деп санайды. Алайда тірі заттың құрамына бар болғаны 22-27 элемент кіреді.
Тірі затқа жасуша қабықшасының ішкі көлемінде тұратын барлық сұйық, қоймалжың протопласт жатады. Оның қабатында органоидтер: вакуоль, цитоплазма, ядро, т.с.с. орналасқан. Тірі зат құрамына кіретін элементтерл\ді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа көміртек, сутек, оттегі, азот, фосфор, күкірт жатады. Ион түрінде кездесетін элементтер: натрий, калий, магний, кльций, хлор. Үшінші топқа микроэлемнттер кіреді: темір, мыс, қалайы, мырыш, марганец, кобальт, иод, молибден, ванадий, никель, хром, фтор, селен, шақпақ тас,бор, мышьяк. Көрсетілген элементердің 16-сы барлық организімдерде кездеседі. Жалпы табиғатта кездесетін элементтер саны 92 болса, тірі зат құрамына кіретін 22-27 элементтерді биоэлементтер деп атайды. Бұл элементтер өзара әрекеттесе тұрып, күрделі органикалық заттар түзеді. Тірі заттың құрамына кіретін молекулаларды биомолекула деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет