Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары



бет31/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Лекция мақсаты: Өсімдіктерге су өтуі.
Лекция мәтіні: Тамырдың сіңіру қабілеті. Тамыр жүйесінің әр түрлі бөліктері қоректік заттар мен суды түрліше сіңіреді. 1873 жылы Ю. Сакс тамыр өсуінің үш аймағын атап көрсеткен болатын. Олар: бөліну, созылу және дифференциация аймағы. Тамыр түкшелері соңғы аймақта ғана болады және олар қоректік затты жақсы сіңіреді. Бөліну және созылу аймағында өткізгіш жүйе болмайды. Мұндай жүйе тамыр түкшелері аймағында ғана болады, сондықтан бұл аймақ өсімдіктің жер бетіндегі мүшелерін қоректік заттармен қамтамасыз ете алады. Тамырдың бөліну және созылу аймағы да топырақтан тұз сіңіреді, бірақ олар тұзды өздерінің өсуі үшін пайдаланады. Топырақтан сіңірілген заттың тамыр жүйесінің өзінде-ақ өңделіп, өзгерген түрінде жер беті мүшелеріне берілуі мүмкін. Т амырдың ерекше, синтездеуші қызыметі бар екені белгілі. Азотпен қоректендіру жеткіліксіз болғанда топырақтан сіңірілетін нитраттар мен аммоний тамырдың өзінде-ақ өңделіп, органикалық заттардың құрамына кіреді. Бидай, күнбағыс, жүгері, сора, томат, қияр және картоп тамырларында синтезделген азотты заттардың 15%-дан 20%- ға дейінгі мөлшері амин қышқылдарының үлесіне келеді. Темекі өсімдігіндегі никотин сияқты арнаулы зат жапырақта емес, тымырда синтезделеді. Каучукты өсімдіктер мен қант қызылшасында негізгі өнімдер тамырда түзіледі. Тамыр топырақтан қорек тік заттар мен суды сіңіру және оларды өсімдіктің жер бетіндегі мүшелеріне жеткізумен бірге арнаулы синтез қызыметін де атқарады.Топырақ температурасы, өсімдіктің сумен қамтамасыз етілуі және тамырдың зат бөліп шығаруы сияқты орта жағдайлары тамырдың сіңіріу қабілетіне күшті әсер етеді. Тыныс алу нәтидесінде өсімдіктің тамыр жүйесі топыраққа едәуір мөлшерде көмір қышқыл газын бөліп шығарады, бұл газ суда ери келе, судың ерітушілік қабілетін күшейтіп, топырақ иондарының өсімдіктерге сіңімділігін артырады. Өсімдік тамыры кейбір органикалық қышқылдарды, ферменттер мен қаттарды бөліп шығарады. Тамырдың бөліп шығаратын заттары топырақтағы қоректік заттарды пайдалану мүмкіндігін арттырады. Топырақтағы микробтардың көп бөлігі тамырдың ризофера деп аталатын өсу аймағы төңірегінде болады. Өсімдікпен бірлесе тіршілік етуші микробтар өсімдіктерді В витаминдерімен, пенициллин, стрептомицин сияқты әр түрлі заттармен қамтамасыз етеді. Тамыр маңы аймағында микробтардан басқа алуан түрлі саңырауқұлақтарда тіршілік етеді. Саңыракқұлақ гифалары өсімдіктердің тамырын шырпай отырып, кейде жасуша ішіне өтеді де, микориза түзеді. Микориза түзуші саңырауқұлақтар өсімдіктерге бірқатар қоректік заттардың қиын сіңірілетін түрлерін сіңіруге мүмкіндік береді.

  • 2 –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет