Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары


Өсімдік тұқымының өнуіндегі синтетикалық процестер және көмірсулар, майлардың айналысы



бет28/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Өсімдік тұқымының өнуіндегі синтетикалық процестер және көмірсулар, майлардың айналысы.

Тұқымның өнуі кезінде ондағы қор заттарының айналысы күрделі заттардың, мысалы: күрделі көмірсулар қарапайым қантқа, майлар, - май қышқылы мен глицеринге, белоктар – амин қышқылы мен аммиакқа гидролизденуімен аяқталмайды. Бұл заттардың бәрі қарапайым заттарға айналуынан кейін күрделі синтездік процеске ұшырайды. Бұлай болу себебі тұқымның өнуі тек қор заттарының кемуі, жұмсалуы ғана емес, сонымен қатар жас өркеннің мүшелерінің қалыптасуы үшін ол заттар қайта синтезделуі керек. Сонымен тұқымның өнуі нәтижесінде тұқым құрамындағы қоймадағы заттардың ыдырап одан кету нәтижесінде эндосперм мен жарнақтың көлемі кеміп, оның орнына жас өркеннің жаңа мүшелері құралып, оның көлемі артады. Тұқымның өнуінде жүретін гидролиз процесін бақылау онша қиынға түспейді, ол хлороформ немесе толуолмен ептеп өңдеп ферменттердің қызмет бағытын бақылауға болады. Ал тұқым өну кезінде синтездік процестің тұқымды езу арқылы толық тоқтатуға болады. Ал тұқым өну кезінде синтездік процесті бақылауға қиынға түседі, оның себебі синтез процесі жүрген кезде гидролиз процесі қабат өтеді. Сол себепті синтез процесін тұқым құрамындағы заттардың өзгерісіне қарай бақылаймыз.


Тұқым құрамындағы көмірсу заттарының ыдырауында синтез процесі басқа заттармен салыстырғанда жақсы анықталған. Глюкоза күрделі көмірсу заттарынан түзілетін клеткалардың тыныс алуына жұмсалатын негізгі зат. Егер өсімдік тұқымын қараңғы жерде өсірсек, қоректік жалпы қант заттарының мөлшері кемігендігін бақылауға болады. Мысалы, бидай тұқымының өнгеннен 2 күннен кейін құрамындағы 20 пайыз қант заты, 6 күннен кейін 35 пайыз, 9 күннен кейін 63 пайыз, 12 күннен кейін 81 пайыз қант затының мөлшері кеміген. Көмірсу заттарының ішінде әсіресе крахмал дәндерінің ыдырауы тездеп, оның орнына қарапайым қант мөлшері уақытша артып біраз күннен кейін бұл затта кемиді. Оның орнына клетчатка мөлшері өне бойы артып отырады. Бұлай болу себебі жаңа мүшелердің түзілуіне байланысты клетка санының көбейіп, клетка қабықтары түзіледі.
Қор заттары ретінде крахмал мол ұрықтар өне бастаған кезде крахмал гидролизденіп оның мөлшері азаяды. Оның азаюына қарай глюкоза көп жиналады. Кейіннен өніп келе жатқан ұрық өте екпінді тыныс алатындықтан глюкоза да тез кемиді. Бірақ оның есесіне клетка қабығын құратын клетчатканың мөлшері аса түседі. Ұрық өніп келе жатқан кезде қор заты майдың айналуы көмірсуларға (крахмалға) қарағанда күрделірек жүреді. Майлы заттардың тез гидролизденуі нәтижесінде глицерин мен май қышқылдарының мол жиналуы байқалмайды, майлы заттардың бұл ыдырау өнімдері тез өзгеріске ұшырап, олардың орнына қант заттары пайда болады.
Мысалы, күнбағар тұқымының өнуі кезінде оның құрамындағы заттар мына төмендегідей өзгерген:



100 күнбағар тұқымында

Өнуге дейін

4 күннен кейін

7 күннен кейін

14 күннен кейін

Май және май қышқылдары

4,0 г

3,2 г

1,5 г

0,55 г

Қант

0,3 г

0,08 г

0,55 г

0,21 г

Мысалы, күнбағардың ұрығының өнуі кезеңіндегі, оның химиялық құрамының өзгеруі мынадай болған:


Өсімдікте май қышқылдардың ұрықтың өну кезінде қантқа айналуы және пісіп келе жатқан (ұрықта) жапырақтан ағып келген көмірсулардың майлы заттарға айналуы оңай жүреді. Ұрық өнген кездегі белокты заттардың ыдырауының физиологилық маңызы, белокты жылжымалы формаға (түрге) айналдырып, оны қор зат қоймасынан жаңа пайда болып келе жатқан жас мүшелерге көшіру. Сонымен бірге белоктың әр түрлі өзіне тән амин қышқылдарының комбинациясынан тұрады. Ал қорлы белок ыдырап одан қайта түрлі белок молекулалары синтездеуге мүмкіндік туады. Майдың гидролиздік өнімдері тез биохимиялық өзгерістен қант заттарына айналады.
Алғашқы кезде қант затының тез кемігенін, оның жылдам жұмсалатынын байқауға болады. Ал кейінірек қант затының мөлшері май затының мөлшері кему себепті артады. Соңғы кезінде майдың 80 пайыз дерлік жойылуымен қатар қант затының да мөлшері кеміген. Өсімдік тұқымында глицеринді табуға болмайды, ол тез қант затына айналады. Өсімдік денесінде май заттарының қант заттарына көшуі немесе майлы дәндердің пісіп толуы кезінде, керісінше қант заттарынан май заттарының түзілуі өте жеңіл өтеді. Бұл процесті қолда жүргізу әлі күнге дейін табылған жоқ, әрі өсімдік денесінде өту химиясы толық шешілмеген.
Проф. С. Л. Иванов зерттеуі нәтижесінде май заттарының қантқа айналуын былай көрсетеді:


Май қышқылы окси қышқылдары
М ай Қант
Глицерин альдегидтер

Бұл процесс өсімдік және жануарлар денесінде өте жеңіл өтеді, ал қолдан жүргізу бірнеше жанама рекция нәтижесінде ғана өтеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет