Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігін арттыру
Өсімдіктерге әр түрлі тәсілдермен әсер ете отырып, олардың құрғақшылыққа төзімділігін қалыптастыруға және арттырыуға болады. Өсімдіктер қоректік элементтермен неғұрлым толық қамтамасыз етілсе, олар суду салмақ бірлігіне соғұрлым аз жұмсайтынын неміс ғалымы А.Арланд анықтады.
П.А.Генкель өсімдіктерді егу алдында құрғақшылыққа қарсы шынықтыру әдісін ұсынды. Ол өсімдіктердің неғұрлым жас, тұқымның бөрте бастауы фазасында шынықтыруға ойдағыдай көнетініне негізделген. Бұл кезде ылғалдау және онан соң құрғату тұқымды құрғақшылыққа неғұрлым төзімді етеді. Шынықтырылған өсімдіктердің зат алмасу қарқыны едәуір жоғары, олар тіпті құрғақшылық кезінде және одан кейін де өздерінің синтездеуші қабілетін сақтайды., мұндай өсімдіктердің цитоплазмасы жоғары температура мен суынан айырылуға неғұрлым төзімді келеді. Мұндай өсімдіктердің фотосинтезі мен тыныс алуы шынықтырылмаған өсімдіктерге қарағанда едәуір қарқынды өтеді. Шынықтырылған өсімдіктер ылғал жетіспеушілігі кезінде де барынша мол өнім береді.
Лекция № 14
Тақырыбы: Өсімдіктердің көміртегімен қоректенуі. Фотосинтез.
(1 сағат)
Жоспары:
1.Фотосинтез туралы жалпы ұғым және оның маңызы.
2.Фотосинтез туралы ілімінің даму тарихы.
3.Фотосинтездік аппарат.Жапырақтардың анатомиялық құрылысы.
а) негізгі
1.Якушкина.Н.И. Физиология растений. М. 1993г
2.Полевой.В.В. Физиология растений.М. 1991г.
3.Кенесарина.Н.Ә.Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1988ж
4.Жатқанбаев.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. 1988 ж.
5.Қалекенұлы.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. Қазақ университеті.1996ж.
6.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 1996 ж.
7.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, Ғылым баспасы, 2002 ж.
8.Уалиханов.Г, Есмағұлов.Қ. Өсімдіктер биотехнологиясының негіздері. Алматы .Респ. баспа кабинеті, 1999 ж.
9.Жатқанбаев.Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы негіздері. Алматы 2004 ж.
10.Медведев.С.С. Физиология растений. Изд –во СПБГУ, 2004 г
11.Якушкина. Н.И, Бахтенова.Е.Ю. Физиология растений. М.Владос, 2005 г.
б). қосымша:
12.Папорков.М.А, Клинковская.Н.И. Милованова.Е.С.Учебно –опытная работа на пришкольном участке. М.1980 г.
13.Физиология и биохимия сельскохозяйственных растений (под ред. Третьякова.Н.Н).М.
2000 г.
14.Практикум по физиологии растений (под.ред. Иванова.В.Б.).М, 2001г.
15.Кенжеев.Қ. Өсімдіктер физиоллогиясының практикумы. Алматы. 1989ж.
Лекция мақсаты: Фотосинтез бен танысу.
Лекция мәтіні: Фотосинтез дегеніміз – хлорофил арқылы игерілген жарық энергиясы жәрдемімен анорганикалық заттардан органикалық заттар синтезделетін тотығу – тотықсыздану реакциясы.
Жарық (hv)
6CO2 + 6H2O C6H12O6+6O
хлорофилл глюкоза
Достарыңызбен бөлісу: |