- 2 -
Өсімдіктердің қолайсыз температуралық жағдайларына төзімділігі. Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі.
Өсімдік организіміне жоғары температураның (ыстықтың ) әсерін зерттеу жұмыстары 19-шы ғасырдың 70-жылдарынан –ақ басталған болатын. Мысалы, Сакс (Sachs, 1864) әр түрлі өсімдіктердің өзіне тән ең жоғарғы (максимум) температуралық деңгейі болады деп көрсетті. Көптеген өсімдіктер +51 С ыстыққа 10минуттен артық төтеп бере алмайды., бірақ +49+50 С ыстыққа ұзағырақ уақыт шыдайды деп тұжырымдады.
Кейінірек, өсімдіктердің көпшілігі үшін ең жоғарғы температуралық деңгей бұған қарағанда төменірек болатындығы анықталды. Мысалы, картоп өсімдігі 42,5С ыстыққа бір сағаттан артық шыдай алмай, залалданатындығы байқалды. Зерттелген өсімдіктерді ыстыққа төзімділік деңгейіне қарап, төмендегідей 6 топқа бөлді:
Көлеңкеде өсетін саумалдық (Oxalis asetosella), шытырлақ (Impatiens parvifora), т.б. –температуралық максимумы+40,5-42.50С.
Су өсімдіктеріне жататын элодея (Elodea callitrichoides)-+38,50С, валлиснерия (Vallisneria)-+41,50С.
Біршама көлеңкелеу жерде өсетін шыршай (Geum urbanum), сүйел шөп (Cyelidonium majus), қырыққұлақтардың, т.б. өсімдіктерде ең жоғары температуралық деңгейі +45-460С шамасында болады.
Ең жоғарғы температуралық деңгейі+480С шамасында болатын қалампыр гүлдерінің біраз түрлері, андыз, т.б. ашық, қуаңшылық аймақтарда өсетін өсімдіктер.
Қоңыржай аймақтарда өсетін (мезофиттер) қара алқа (Solanum nigrum) және сасық мендуана (Datura stramonium)-+49,5 және +470С; қарамықша (Agrostemma githago)+44-450С.
Ыстыққа өте төзімді жасаңшөптер (суккулент) +48,5-54,50С ыстыққа шыдай алады.
Өсімдіктердің салқындыққа (төмен+температураға) төзімділігі.
Шығу тегі жағынан оңтүстік өсімдіктердің көпшілігі төмен, жағымды (+) температураның ( 1 ден 100С-қа дейінгі аралықта) әсерінен де зақымданады. Қоңыржай аймақ өсімдіктері бұндай салқындыққа төзімді, қалыптағыдай өсіп-өнуін тоқтатпайды. Олар арпа, сұлы, зығыр, сиыр жоңышқа сияқты өсімдіктер жатады. Мысалы, егістікті калий тыңайтқыштарымен қамтамасыз ету, ауаның ылғалдылығының жоғарылауы және жарықтың жақсы түсуі өсімдіктердің төзімділігін біршама күшейтеді. Тиімді әдістердің біреуі – шынықтыру болып есептеледі. Ол үшін өсімдіктің өнген тұқымдары бір ай бойы тәулігіне 12 сағ ішіде 0 ден -50 С дейінгі жағдайда, қалған мерзімде +15-200 С жағдайда сақталады. Өсімдіктердің төзімділігін жылу сүйгіш өсімдіктерді салқындыққа төзімделуі өсімдіктерге телу арқылы да жоғарылатуға болады (мысалы, қауынды асқабаққа).
- 3 -
Топырақ тұздылығы және тұзға төзімділік туралы жалпы ұғым.
Тұзды топырақтар жер шарындағы мемлекеттердің көптеген аймақтарын алып жатады. Жалпы құрылықтың шамамен 25% тұзды аймақтар үлесіне тиеді. Тұзды топырақтардың көп бөлігі, негізінен, Орта Азия мемлекеттерінде орын алады. Осы мемлекеттердің суармалы аймақтары (егістігінің), шамамен 65%-тейі азды-көпті тұзды топырақтардан тұрады. Соның ішінде Түркменстанда –89%, Өзбекстанда –70%, Қазақстанда –65%, Тәжікстанда –30%, Қырғызстанда –25%.
Достарыңызбен бөлісу: |