Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар



бет22/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Педагогика ғылымының қызметтері.Дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пәндік сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық және технологиялық міндеттер.
Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:
-сипаттау немесе түсіндіру - озат эрі жаңашыл педагогикалық тәжірибені зерттеу;
- анықтау (диагностикалық) - педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс-әрекеттерінің нәтижелілігі немесе тиімділігін және оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу;
- болжау (прогноздау) - барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұғастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу және оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.
Теориялық қызметтің болжау, болжастыру деңгейі педагогикалық құбылыстардың мәнін ашу, педагогикалық процестің түп – төркінінде орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынды іс-әрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректерге орай оқу және тәрбие теориясы анықталып, білім беру практикасына жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі құрылады.
Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:
- жобалау (проекттеу) - педагогикалық іс-әрекет пен оның мазмұны әрі сипатын қалыптастыру және реттеуге нұскау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті әдістемелік мате-риалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар) жасауға байланысты:
- жаңалау - тәрбие және білім беру тәжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне еңгізе, пайдалану;
- ықпал таныту (рефлексивтік) және реттеу-түзетулер еңгізу (коррекциялық)- ғылыми зерттеу нәтижелерінің оқу-тәрбие ісіне болған әсер-ықпалын бағалау және одан соңғы ғылыми теория мен тәжірибелік іс-әрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу-түзетулерді іске асыру.
Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған әлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның әлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірдемүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен және жеке адамның ынта-ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы әлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі білім (образование) деп аталады. Білім мәні - әр адамның өте күрделі өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру және оны жоғары моральдық және азаматтық мұраттар рухында тәрбиелеу.
Сонымен, әлемде кең таралған педагогикалық ойдың дамыған екі бағыты танылған - үлкендердің бедел - абыройына және балалардың бағыныштылығына негізделген әкімшіл (авторитарлы) ағым, шәкірт құқығы мен еркіндігін құрметтеуші - гуманистік ағым. Олардың арасында-сан қилы педагогикалық бағыттар өрбіген. Әлемнің ізгілікті педагогикасы өзінің гуманистік таңдауын қабылдады.
Педагогика - кең аукымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу және тәрбие мәні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кеңтармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тәрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді.
2. Кез-келген ғылымның тек өзiне ғана тән түсiнiктерiн оның негiзгi категориялары деймiз. Педагогика ғылымының да өзiне тән негiзгi категориялары бар. Олар: бiлiм беру, тәрбие және оқыту. Осы негiзгi ұғымдардан яғни оқыту ұғымынан оқу, сабақ беру, ал, тәрбие ұғымынан өзiн-өзi тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу және т.б. ұғымдар келiп шығады. Сондай-ақ, педагогика ғылымында жиi қолданылатын басқа ғылымдардан енген ұғымдар да баршылық. Олар: дамыту, әлеуметтендiру және т.б.
Ендi осы ұғымдарға талдау жасайтын болсақ, бiлiм беру категориясы ең күрделi де жоғары категория болып табылады. Өйткенi, бiлiм беру категориясы тәрбие мен оқыту категорияларын қамтиды, әрi ол уақыт ұзақтығы жағынан да үлкен болып келедi. Сонымен қатар, бiлiм беру категориясы адамның бiлiмiн, тәрбиесiн, тiптi мамандық деңгейге жетудегi үздiксiз процестi ұзақ мерзiмде қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет