Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар



бет25/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Методология. Өте кең мағынада - бұл іс-әрекет құрылымы, оның логикалық ұйымдастырылуы, әдістері мен құралдары жайлы ілім.
Ғылым методологиясы - ғылыми танымды құру принциптері, формалары мен әдістері жайлы ілім, шындықты революциялық түрлендіру құралы .
Келтірілген методологияның жалпылама анықтамаларын канонизациялаудың қажеті жоқ, өйткені, олар методология атқаратын функциялардағы айтарлықтай ерекшеліктерді көрсетпейді, методологияның қай түрге жататынын /нормативті немесе дескриптивті/ ескермейді.
Нормативті методологиялық білім. - белгілі бір іс - әрекет түрлерінің мазмұны мен кезегін белгілейтін ережелер және нормалар түріғіде болады.
Ол, төмендегідей негізгі үш функцияны атқарады: біріншіден -проблеманың мазмұндық тұрғыдан да, формальдық тұрғыдан да дұрыс қойылуын қамтамасыз етеді; екіншіден - қойылған міндеттер мен проблемаларды шешу үшін белгілі бір құралдарды береді; үшіншіден - зерттеулерді ұйымдастыруды жақсартуға мүмкіндік береді.
Дескриптивті методологияның негізгі міндеті - танымның даму тенденциялары мен формаларын, оның әдістері, категориялық және ұғымдық құрылысы тұрғысынан әрбір нақты кезеңге байланыстыра зерттеу болып табылады.
Қарастырылған функциялардың әртектілігі, олардың қандай да бір шекара шеңберіндегі бір нысана арқылы орындалмайтынын, әр түрлі нысаналар арқылы және әр түрлі формада орындалатынын көрсетеді.
2. Педагогиканың әдіснамасы бұл педагогикалық теориялардың негіздері мен құрылымы, білімдердің жүйесі, педагогикалық құбылыстармен үрдістерді зерттеу амалдары және білім алу амалдарының түрлері туралы білімдер жи жиынтығы.
Педагогика әдіснамасының деңгейлері:
1. Логикалық гносеологиялық;
2. Ғылыми мазмұндық;
3. Дүниетанымдық;
4. Гносеологиялық.
Әдіснама үшке бөлінеді:
Жалпы әдіснама; арнайы әдіснама; жеке әдіснама
Жалпы әдіснама қоршаған әлем құбылыстары мен соның жағдайында адамдарды оқыту мен тәрбиелеуүрдісіне диалектикалық амал тұрғысынан келу. Жалпы әдіснама әлем дамуының жалпы заңдары туралы сол ғылым зерттейтін феноменнің алатын орнымен ролі туралы неғұрлым дұрыс және нақты көзқарасты қамтамасыз етеді.
Арнайы әдіснама адам психикасы мен санасының, оған педагогикалық және тәрбиелік ықпалдың мүмкіндіктері туралы көзқарасты қарастырады. Арнайы әдіснама немесе нақты ғылымдардың әдіснамасы ғылымға зерттеуші феноменінің қызмет етуіне, дамуына, қалыптасуына қатысты өзінің заңдылықтарын нақтылауға мүмкіндік береді.
Жеке әдіснамаға мінезқұлықтық құбылыстармен үрдістерді зерттеудің әдістері мен ұстанымдары және т.б. кіреді. Жеке әдіснама түрлі құбылыстарды нақты ғылымда зерттеу әдістемесін, оны талдау нысанын, пәнін, амал тәсілдерін және әдістерінің жиынтығын білдіреді.
Э.Г.Юдин пікірінше, әдіснамалық білімнің төрт деңгейі белгілі:
Философиялық деңгейге ғылымның категориялдық тізбегі мен танымның жалпы ұстанымдары кіреді.
Жалпы ғылыми деңгейге ғылымның көбінде қолданылатын теориялық тұжырымдамалар жатады.
Нақты ғылыми деңгей нақты пәнде қолданылатын процедура, ұстаным, әдістердің жиынтығы.
Технологиялық деңгей зерттеу әдістемесі мен техникасы жатады.
Педагогикадағы әдіснамалық амалдар:
1. Тұлғаға бағдарланған амал
2. Құзырлылық амал
3. Жүйелілік амал
4. Тұтастық амал және т.б.
Сондықтан, методология мен методологиялық білімнің әр түрлі типтері мен деңгейлері туралы айтуымыз қажет.
Ең жоғары деңгейді философияльщ методология құрайды. Оиың мазмұны танымның жалпы принциптері мен ғылымныц жалпы алғандағы категориялық құрылысынан тұрады. Методологияның осы саласы гана философиялық білімге жатады да, философияға тэн әдістер арқылы түзіледі. Сонымен бірге оны философияның қандай - да бір ерекше бөлімі түрінде түсінбеуіміз керек, бұл жерде методологиялық функцияны философиялық білімнің тұтас жүйесі орындайды.
Методологияның философиялық деңгейі - нақты жағдайда нормалардың, "рецепттердің" - немесе техникалық әдістердің қатып қалған жүйесі түрінде емес /оны бұлай түсіндіру ғылыми танымның догмаға айналуына алып келер еді/, танымдық іс - әрекеттің алғы шарттары мен бағдарлар жүйесі түрінде болады. Бұған, мазмұндық алғы шарттармен бірге /ғылыми ойдың дүниетану негіздері, дүниенің философиялық "бейнесі"/, ғылыми ойлаудың жалпы формалары, оның тарихи анықталған категориялық құрылысына жататын формальды алғы шарттар да кіреді.
Методологияның екінші деңгейі - зерттеулердің жалпы ғылыми принциптерінің, әдістері мен формаларының деңгейі ретінде белгіленеді.
Бірақ, бұл деңгейде туатын проблемалар сипаты барлық немесе кез - келген ғылым саласына тікелей қатысты деп түсінбеу керек. Олардың спецификасына нақты нысаналық мазмұнға араласпау, сонымен бірге, ғылыми таным процесінің кейбір жалпы белгілерін, оның дамыған формаларында түсіндіру кіреді.
Келесі деңгей - "нақты ғылыми методология", яғни, ғылымның қандай - да бір арнаулы саласында қолданылатын әдістердің, зерттеулер мен процедуралық принциптердің жиыны. Мысалы, кәсіпке баулу методологиясына - өндірістің әрбір саласының проблемаларымен бірге, психолого - педагогикалық ғылымдар тудыратын мәселелерді қарастыру жататыны түсінікті.
Жоғарыдағы деңгейлердегі методологиялық құралдарды іске қосуды - оларды механикалық түрде көшіру деп түсінбеуіміз керек.
Әрбір нақты жағдайда бұл құралдар өздеріне сәйкес нысаналық бейнеленуі тиіс.
Методологияның тертінші /соңғы/ деңгейіне - зерттеу әдісі мен техникасын жатқызады, яғни, біртекті және шындықтағы эмпирикалық материалды алып, оны алғашқы өңдеуден өткізгеннен соң олар білім массивіне қосылады. Бұл деңгейдегі зерттеушінің методологиялық білімі, өзіне тән, ғылыми іс - әрекет тәртібін тікелей реттейтін функциясына байланысты барлық уақытта анық нормативті сипатта болады.
Әртүрлі деңгейдегі методологиялық білімнің атқаратын функциясына қарай мамандануына байланысты, методологияны күрделі сатылы жүйе ретінде қарастырамыз.
Бұл жерде философиялық деңгей - барлық методологиялық білімнің мазмұндық негізі ретінде орындалады. Бұл деңгейде танымдық белгілер қалыптасады, ғылыми теориялардың, әдістердің нақты шекаралары анықталады, ғылыми ізденіс нәтижелеріне дүниетанымдық түсінік беріледі.
Нақты ғылыми зерттеуде философиялық білім - методологиялық білімнің басқа деңгейлерімен өзара байланыста жұмыс істейді.
Аталған методологиялық ұғымдар мен олардың функциялары, ғылым методологиясын , іс - әрекет танымының негіздерінің және әдістерінің жүйесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
4. Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді.Теория-таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен құру тәсілі болып табылады.Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әректті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл – осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекетті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологилық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Алайда зерттеушінің әдіснамалық тұжырымына жалғыз философия мен оның гнесеологиялық негіздері ғана әсер етпейді. Зерттеушінің әдіснамалық концепциясы, көбінесе ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы болып табылады, өйткені ол психологиялық-педагогикалық ғылымға және оның тарихына бағытталады. Осыған орай, әрбір әдіснамалық концепция психологиялық-педагогикалық теориялар негізінде құрылып, соларға сүйенеді, өйткені ол осы тұжырымға жақын және оның ең басты құрылымдары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет