Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар



бет62/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

-философиялық категория: "мән мен құбылыс", "байланыс", "жалпы және жалқы", "болмыс", "сана", " тәжірибе" және т.б.
-педагогиканың жалпы ұғымдары: "педагогика", "тәрбие", "педагогикаллық іс-әрекет", "педагогикалық .ақиқат" және т.б.
-дидактиканың жеке ұғымдары: "оқыту мен оқу". оқу пәні, оқу материалы", "оқу жағдайы", "оқыту құралы", "оқыту тәсілі", "мұғалім", "оқушы", "сабақ" және т.б.
-пән аралық ғылымдардың ұғымдары: психологиялық (қабылдау", "меңгеру", "ақыл-ойдың дамуы", есте сақтау", "іскерлік", "дағды"), кибернетика (кері байланыс", "динамикалық жүйе" және т.б.);
-жалпы ғылыми ұғымдар: "жүйе", "құрылым", "қызмет", "элемент", "тиімділік", "жағдай", "ұйым", "формалау" және т.б.
Педагогика терминімен қатар, ұзақ уақыт бойы сол мағынадағы дидактика" терминінің қолданылуы тарихи қалыптасқан жағдай. Бұл ұғым ең бірінші рет неміс педагогы Вольфганг Реткенің (Ратхия) (1571-1635) щығармасында оқыту өнері мағынасында қолданылған. ( оған ұқсас, "бәрін, барлығында оқытудың әмбебап өнері" мағынасында, чех педагогы Я.А. Коменскийдің 1657 жылы Амстердамда шығарылған негізгі еңбегі "Ұлы дидакикасында" дидактиканы түсіндіреді.
Әлемдік дидактиканың дамуына И.Ф.Гербарт, П.Г. Пестолоцци, А. Дистверг, К.Д. Ушинский, Д. Дьюи, Г Кершенштейнер В. Лай және т.б. зор үлес қосты.
Педагогика ғылымында оқытудың тәрбиелік және адам дамуының негізін ашатын және сипаттайтын теориялар жеткілікті. Бірақта солардың ішінде педагогикалық өнердің және олардың нәтижесінің қабылдануы мен ұғынуының психологиялық заңдылықтарын бейнелейтіндердің ғана әдіснамалық және теориялық маңызы бар.
Маңызды дидактикалық теориялар мен тұжырымдамалар қатарына жататындары: танымдық тұжырымдамаларды дамыту тұжырымдамасы (Г.И.Щукина, т.б.), дамыта оқыту тұжырымдамасы (Л.В.Занков, т.б.), ироблемалық оқыту тұжырымадамасы (М.И. Махмутов,т.б.), ақыл-ой әрекетін кезеңді қалыптастыру теориясы (П.Я. Гальперин, т.б.), білім беру мазмұны теориясы (Л.Я. Лернер, т.б.), мазмұнды толықтыру теориясы (В.В.Давыдов, т.б.), оқу процесін тиімдендіру теориясы (Ю.К.Бабанский), оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру теориясы (Т.И. Шамова, т.б.), оқыту әдістерінің теориясы (М.И. Махмутов, В.А. Онищук, т.б.), өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру теориясы (М.А.Зорина, М.К.Журавлев, т.б.), біртұтас педагогикалық процесс теориясы (Н.Д.Хмель, т.б.), оқытудың тұжырымдықтәсілі теориясы (В.Дьяченко, т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет