Әрбір осы аталған тәжірибелер білім беру мазмұнының өзіндік түрі.
-табиғат, қоғам, техника туралы білім, ойлау және оны іске асыру қабілеті. Осы білімдерді меңгере отырып оқушы дүниенің шынайы бейнесін қалыптастыру, танымдық және іс-әрекетінде дұрыс әдіспен қамтамасыз етеді.
-белгілі іс-әрекет тәсілдерінің ішінде тұлғаның дағды, іскерлік білімді игеруі бұл тәжірибені кеңейте түсері анық. Жалпы практикалық-интеллектуальдық дағды іскерлік жүйесі осы тәжірибенің мазмұнын құрады. Өсіп келе жатқан жастар істерді меңгеру нәтижесінде әлеуметтік мәдениетін сақтауға қол жеткізуде.
-шығармашылық ізденушілік әрекет қоғамда пайда болған жаңа проблемаларды шешуде іске асады. Бұрыннан белгілі іс-әрекеттерді қалыптастырудың жаңа әдістері алған білімін-іскерлігін қазіргі жағдайда іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін өздігінен іске асыруды талап етеді. Бұл тәжірибе жас ұрпақтың қабілетінің дамуын және ары қарай мәдениетінің дамуына да өз әсерін тигізеді. Әрбір адамның қалыптасуының көрсеткіші ретінде белсенділігі және өзіндік дамуы кішкентай бала кезінен шығармашылықпен жұмыс істеу барысында қалыптасады, бірақ білім беру мазмұнында оны бағдарламаға енгізу қажет. Объектіге адамның іс-әрекетіне оның айналадағы қоршаған дүниеге деген басқа адамдардың талаптарына, тұлғаның белгілі бір объектіге байланысты сезімдік қабылдауына сәйкес құндылық қатынас тәжірибесі.
Қоршаған дүниеге қатынас нормасы өзі-өзіне көзқарасы, сенімі оған жағымды көзқарасты білдіреді. Бұл адам мінезіндегі қатынас жеке іс-әрекетте көрінеді. Оқушыға бұл тәжірибелерді игеру әлеуметтік тәжірибеде оның жеке басының тәжірибесінен жеке оқушылардың бірлескен іс-әрекетінен көрінеді. Барлық білім мазмұнының аталған компоненттері бірімен-бірі тығыз шартты байланысты. Білімсіз іскерлік мүмкін емес. Шығармашылық іс-әрекет білім мен іскерлікті тәжірибесінен көрінеді. Қарым-қатынас білімділік іс-әрекет тәжірибесінен көрінеді. Әлеуметтік тәжірибеде оқу мазмұнын игеруде адам қоғамда өздігімен істей білетін және оны өзгерте де алатын дәрежеде болу. Сондықтан да мектептегі алған білімін өмірде қолдануы. Жалпы білім мазмұны бір жағынан оқу-танымдық іс-әрекет жағдайында, екінші жағынан іс-әрекетті игерудің құралы болып табылады. Адамды оқытуда тұлғаның қажеттіліктерін өтеу оқу мазмұны больіп табылады. Мектептегі білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі көзі мәдениет пен әлеуметтік тәжірибе болып табылады. Мектепте білім беру мазмұнын қалыптастырудың жолы әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру, өнер-мәдениетпен таныстыру.
Адам іс-әрекетінің түрлері қоғамдық сана формалары, қоғамдық қатынас тәжірибелері, рухани құндылығы, материалдық жағдайы оқу барысында танымдық, коммунитивтік, бағдарлы-құндылық, көркемдік іс-әрекет. Білім мазмұны оқу материалдарын жинақтау, нақты тарихи, психологиялық-педагогикалық өңдеуден өтеді. Білім ол мектеп бітірушінің өмірге белсенді араласуын, құндылықтар мен қажеттіліктер тұрғысынан және тұлғаның санасымен жөне психологиялық қасиеттерінің даму міндетін шешуге сүйенеді. Білім беру мазмұнын қалыстастыру барысында баланың жеке басының дамуы, қызығушылығы, дарыны , ескеріледі. Оқушылардың қызығушылығын арттыратын (міндетті пәндерден басқа) өз қалауы бойынша оқу пәндерінің жалпы білім беру мазмұнының мақсатын белгілеу. Мектептегі білім беру мазмұнына әсер ететін фактор ретінде қоғамдағы жалпы білім беретін мектептің алдындағы мақсаты, өзінің тарихи даму жолындағы оқу процесінің, оқушылардың орта және барынша мүмкіндіктері және жеке түлғаның білім алудағы талап тілегі. Оқу процесінің өзінде қоғамның жеке бастың талап тілегі мен қызығушылығына сәйкес өндірістің, ғылым мен техниканың дамуы уақыт өзгеруіне байланысты білімнің мазмұныда өзгереді..
Халықтың білім алуға кұштарлығы білім беру қызметі, қосымша білім беру, дифференсацияланған оқыту. Біліммен қамтамасыз ету, мемлекеттік стандартқа сай міндетті түрде бағдарламаға сәйкес деңгейде білім беру мемлекеттің құзырына кіреді. Мектептегі білім мазмұнының принципі мен өлшемі оқу материалының мазмұны пәнге байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |