Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар



бет67/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Білім беру мазмұны дегеніміз-жеке тұлға қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгеруімен жүйелі білім алуы, іскерлік пен дағды қалыптастыру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту, таным арқылы көзқарасын қалыптастастыру. Нағыз білімді адам деп өзінің ақыл-ойы жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, қабілетті, өз пікірін дәлелдей алатын, жеке тұлғаны айтамыз.
Жеке тұлғаны әлеуметтендіру және тума қасиеттерге байланысты жеке тұлғаны қалыптастырады. Білімнің мазмұны мектептің негізгі мақсаты. Білім беру мазмұнының мәні әр пәннен ғылыми білімді қамтамасыз ету.
Педагогика тарихында қалыптасқан рухани мұралар білімнің негізгі мазмұны. Ғалымдардьщ пікірі бойынша білімділік сапа білім мазмұнының құндылығы.
Білім мазмұны туралы И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, В.С. Леднев, Б.М. Бим-Бада, А.В. Петровский т.б. еңбектерінде баяндалған.
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин білім беру мазмұнының теориялық тұрғыда білім іскерлік, дағды жүйесін түсіндіруде, шығармашылық іс-әрекет пен ерікті сезім тәжірибесін меңгеруді ұсынды. Бірқатар елдің педагоггары (АҚШ, Англия, Франция т.б.) жеке тұлғаға жалпы адамзаттық тәрбие беруді негізге ала отырып, оқу мазмұнына табиғи құбылыстардың және қоғамдық өмірдегі өзара байланысты түсіндіруде оқу пәндерін кіріктіруді негізге алып отыр.
Әртүрлі оқу пәндеріндегі материалдарды оқушылардың игеруі үшін оқу бағдарламасының негізі етіп пәнаралық байланысты басшылыққа алуда.
Ғылым мен техниканың, мәдениеттің даму деңгейіне сәйкес білім, мазмұнын анықтауда жастарды жалпыға бірдей біліммен қамтамасыз етуде оқу бағдарламасын және оқулықтарды жетілдіру міндетті.
Жаңа талаптарға сай мектептің міндетінің күрделенуіне байланысты білім мазмұныда өзгеруде, бірақ білім мазмұнын өзгертудегі маңызды мәселе теориялық негізі және стандартты басшылыққа алу. Қазіргі жалпыға бірдей білім беруде теориялық тұжырымдамаға сәйкес адамның қоғамдағы әлеуметтік мәні іс-әрекет өмірге бейімделеді. Азаматтың құндылықтары жоғары болуы қазіргі білім мазмұны әлеуметтік сұраныс, нақты тарихи қоғамдық экономикалық жағдайға байланысты анықталады. Қоғамның әлеуметтік тапсырысы білім мазмұнының жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру барысында терең білімді, қолынан іс келетін саналы, денесі, ақыл-ойы жағынан да жетілген азамат тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет