Лекция: 15 сағ. СӨЖ: 15 сағ. ОбсөЖ 15 сағ. Барлық сағат: 45 сағ



бет2/10
Дата24.02.2016
өлшемі1.05 Mb.
#15228
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сырдария” университеті





“Педагогика және экономика” факультеті




“Педагогика және психология кафедрасы”

Педагогика тарихы “ пәні бойынша 050119 мамандығының студенттері үшін



ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Жетісай - 2005



Лекция сабақтарының жоспары.
Кредит №1

1 – тақырып.

Ежелгі және орта ғасырлардағы тәрбие.
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Педагогика тарихының пәні, мақсаты, міндеттері.

  2. Алғашқы қауымдық құрылыстағы тәрбие.

  3. Ертедегі Грециядағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ойлар.

  4. Ередегі Рим мемлекеттеріндегі тәрбие және педагогикалық ойлар.

  5. Монастырь және Собор мектептеріндегі білім беру.


Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қ Бержанов, С. Мусин. Педагогика тарихы. Алматы-1986ж.

2.Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.

3.Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.

4.Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.

5.Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті.

Педагогика. Алматы-2003ж.
Мақсаты: Тәрбие- адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс екендігі

жөнінде кең көлемде түсінік беру, еңбектің әсері туралы білімдерін

қалыптастыру.

Тірек ұғымдары: Мемлекеттің, жекеменшіктің, отбасының шығуы, алғашқы

қоғам, рулық қоғам, мал бағу, егін салу, қол өнер кәсібі.

Шығыс мәдениеті, Аттика, Спарта, Афины, грамматист,

Кифарист, риторика т.б.




  1. Педагогика тарихының пәні, мақсаты, міндеттері.

Педагогика тарихының мақсаты - тәрбиенің шығу тегін, педагогика ғылымының дамуына үлес қосқан ұлы ғұлама – педагогтардың еңбектері мен педагогикалық көзқарастарын кейінгі ұрпаққа беру.

Ол өте күрделі және сан қырлы. Педагогдық мамандық иесі адамның ең алдымен терең және жан- жақты ғылыми білімді болуын, мамандық шеберлігі шыныққандықты, адамгершілік сапаларды, мықты еріктік қасиеттерді келешек ұстаздардың бойына қалыптастыру. Адамгершілік тәрбие беретін болғандықтан педагогикалық білім беру ісі жалпы адамтану ғылымының негізі болып табылады. Мұғалім қоғам мәдениетіне жетекші болып, жеке тұлғаның мәдениетті тәрбиеленуіне басшылық жасап, өзінің мәдениеті, әлеуметтік құқын көрсете білгенде ғана, ол қазіргі заманның талабына сай өз борышын ақтап, үлгісі іске үлкен үлес қоса алады. Педагогикалық білім жүйесін қайта құру мәселесі қоғам біліктілігін дамытып педагогика ғылымының мәнін, ролін арттырып, істі жаңаша бастауды талап етеді.

Тәрбие адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс. Ол алғашқы

қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болады. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері зор болды.

Еңбек процесінде ересектермен күнделікті қарым – қатынас жасауда, бар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет – ғұрпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардың өміріндегі салт – сананы сақтауға үйренді.


  1. Алғашқы қауымдық құрылыстағы тәрбие.

Алғашқы қоғам тапсыз болды, тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамда ер балалар ер азаматтармен бірге қару – жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты. Алғашқы қоғам дамуының белгілі сатысында мал бағу, егін салу, қолөнер кәсібі пайда болды. Ертегі, ойын және өлең ол дәуірдегі мінез – құлық тәрбиенің құралына айналды. Әскери тәрбиенің алғашқы элементтері садақ ату, найзаласу, салт атқа міну т.б. шыға бастады. Жеке меншіктің, құлдықтың және отбасының шығуына байланысты алғашқы қауым ыдырай бастады. Қоғамды билеуші топтар: дін басылары, көсемдер, ақсақалдар пайда болып, олар еңбекке баулу тәрбиесімен білімге үйрету тәрбиесін бөле бастады.

3.Ертедегі Грецияда (Спарта мен Афиныда) тәрбие.

Адам қоғамы дамуының белгілі сатысында алғашқы қауым орнына құлдық қауым пайда болды. Солтүстік Африкада Египеттен бастап Оңтүстік Азияда Қытайға дейінгі ертедегі Шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болыа, ертедегі мәдениет дамыды. Қытай, Индия, Египет , Кіші Азия жерінде алғашқы мектептер құрылып, онда үстем таптың балалары тәрбиеленді. Шығыс мәдениеті ертедегі Греция және Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізді. Ертедегі Греция бірнеше құл иеленуші ұсақ мемлекеттен құралды. Ішіндегі ірілері Аттекия орталығы Афины, Лакония орталығы Спарта болды.

Спартада құлдарды көптеп қанауға негізделген егін шаруашылығымен кәсіп етті. Спартада үстем тап балаларына әскери тәрбие берілді. Құл инленушілердің балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік тәрбие мекемелерінде тәрбиеленді. Бұл мекемелерде дене тәрбиесіне ерекше мән берілді. Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суыққа, шөлге, қиындыққа шыдамды етіп жаттықтыру, әскери жаттығуларға үйрету жүргізілді. Спарта тәрбиенің мақсаты қатаң тәртіпке құлдарға деген қайырымсыздыққа тәрбиелеу болып табылды.

Афинада IV-Vғылым мен мәдениет дамыды. Құл инленуші қоғамда қыз балалар отбасында тәрбиеленіп, үй жұмыстарына үйретілді. Ер балалар 7-ден 14 жасқа дейін грамматист және кифарист мектептерінде оқыды. Грамматист мектебінде оқуға, жазуға және санауға үйретті. Кифарист мектебінде музыкаға, әнғ тақпақ айтуға жаттықтырды. 14 жасында ер балалар палестра яғни күрес мектебіне көшіріліп, онда 2-3 жыл д/ш жаттығушыларының жүйесімен таныстырылды, жүзуге үйретілді. Бай отбасылардың балалары әрі қарай гимназияда философия, саясат және әдебиетпен танысып, мемлекеттік басқару ісіне араласу үшін дайындық алды. Құл иеленушілерден басқа жай халықтың өз балаларын мектепке оқытуға мүмкіндігі болмады.

Көрнекті грек филосфы Платон тәрбиенің мемлекеттер тарапынан ұйымдастыру керек деп есептеді. өзінің педагогикалық пікірінде ол спортта және афина тәрбиесін ұштастыруға тырысты. Платон мемлекет дамуы тәрбиенің қоғамдық болуын жақтады. 3 тен 6 жасқа дейінгі берілген тәрбиелердің басқаруымен уақытын ойын алаңдарында өткізуі тиіс деп санады. Атақты грек филосфы және ғалым Аристотель мемлекеттің түпкі мақсаты барлық адамдарға тәрбие беру деп білді және тәрбие беруді мемлекеттік іс деп санады. Ол қоғамдық тәрбие мен отбасындағы тәрбиенің өз ара байланысты болуын жақтады.Аристотель алғашқы рет баланың дамуын кезеңдерге бөлді.Аристотель тәрбиенің әр түрлі салаларының байланысты болуын жақтады.

4. Ередегі Рим мемлекеттеріндегі тәрбие және педагогикалық ойлар.

Феодалдық қоғамда үстемдік етуші сословиялар феодалдар мен дін иелері болды. Феодалдық қоғамның негізгі тірегі – дін мекемелері.Орта ғасырда Қытай мен Индияда Таяу Шығыс пен Европада ересектер мен жастарды оқыту мәселесі діни ұйымдардың қолында болды, білім діни мазмұнда берілді.

Иранды, Сирияны, Палистинаны, Египетті,африканың солтүстік жағалауын VII –VIII ғасырда арабтар жаулап алып ірі мемлекет құрды. Бұл мемлекет Қытай мен, Индиямен,Европамен экономикалық байланыс жасады. VIII – ғасырда арабтар Пиремей жарты аралын жаулады, соның нәтижесінде Батыс Европада жерінде мұсылман мектептер ашылды. IV – ғасырда Рим империясы Батыс және Шығыс империя болып екіге бөлінді. Батыс империя бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлінді, шығыс империя Визиянтия деген атпен мың жылдай сақталды.

Визиянтия мәдениетінің шығыс Европа жеріне таратуда славияндар үлкен роль атқарды.

Алдымен манастырь мектептері, кейін сабор мектептері ашылды. Маностырь және сабор мектептерде мұғалімдік қызметті діни қызметкерлер атқарды.Феодалдардың балаларына берілетін тәрбие әскери болды.

XII -XIII ғасырда Батыс Европадағы мемлекеттер арасында экономикалық байланыс кеңіді,қолөнері мен сауда дамыды, университеттер ашылды.

XII –ғасырда Италияда, Францияда, Англияда т.б. елдерде XIV ғасырда Чехияда, Польшада ашылды.

Арабтар жаулап алуының нәтижесінде ислам дініне бағынған халықтарда мектеп және дініне бағынған халықтарда мектеп және медреселер ашылды. Мектептегі негізгі міндеттер болды құрамның тексін оқуға үйрету еді. Балалар алдымен араб тіліндегі барлыққ әріптің атын білуге тиіс болды. Оқудың негізгі әдісі жаттау болды. Кейбір медреселер де орта біліммен қатар, жоғары білім де берілді. Алдымен медреседе арабтың әдеби тілін меңгеру міндеттері.Әр халықтың ана тілі оқытылмады. Медреседе екі бағытта білім берді (дін және заң).

Дін және заң қызыметімен шұғылданатындар негізгі сүйенетіндері құран болды. Медреседе оқу үшін тапсырма өте көп берілді. Медреседе үстем таптың балалары ған оқыды. Мұсылман мектептерінде болды қорқытып ұстау, ұрып жазалау үлкен орын алды. Медресе жаратылыс сабағынан білім беріледі, математика аз оқытылды.

Қол өнерін, табылатын жөніндегі ғылымдық медицинаны математиканы игеру мектептен тыс жүргүзілді .

Әскери және тәрбйесіспорт ойындары арқылы жүргізілді. Орта ғасырлық шығармалардың ішінде педагогикалық мазмұнда жазылғандарда кездеседі. Соның бірі – ескі тәжік тілінің диолектісінде жазылған XI –ғасырда “Кабус - наме” халық педагогикасы ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан – ұрпаққа беріліп жастарды тәрбиелеуде үлкен қызмет атқарды. Мектеп пен медреседе оқығаны үшін балаларға ақы төленді. Бірте-бірте мектептерде ана тілінде ғылыми білім беретін пәндерді оқытуда жаңа әдістерді қолдану орын ала бастады.

5. Монастырь және Собор мектептеріндегі білім беру.

Қайта өрлеу дәірінде сауданың, қаланың дамуымен бірге тоқыма өндірісі өркендеді, капиталистік өндірісі дамыды, буржуазия табы туды. Қайта өрлеу дәуірінде математика, астраномия, механика, география, жаратылыс ғылымдары дамыды.

Қайта өрлеу дәуірінде Англияның социал утописі Томас Мор педагогикалық ойдың көрнекті өкілі болды (1478 – 1535). Томас Мор еңбекшілердің тұрмысының нашар екендігін көрсетіп, Англиядағы қоғамдық құрылысты батыл сынады. Томас Мор қоғамдағы үстем таптың өкілдерінен құтылу керек деп санады. Мор дене тәрбиесіне үлкен мән берді. Томас Мор жаппай бастауыш білім беруді, әйелдердің ерлермен бірдей білім алуын жақтады.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Алғашқы қоғам дамуындағы тәрбиенің роліне сипаттама жасаңыз.

  2. Грамматист және кифарист мектептеріндегі балалар оқытудың қай түріне үйретілді?

  3. Ежелгі грек философтарының педагогикалық ой – пікірлері.



2 - тақырып

ЯН АМОС КОМЕНСКИЙДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРЫ
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Тәрбиенің рөлі, оның мақсаты мен міндеттері

  2. Табиғатқа сәйкестілік принципі.

  3. Мектеп оқуының жүйесі, білім берудің мазмұны.


Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қ Бержанов, С. Мусин. Педагогика тарихы. Алматы-1986ж.

2.Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.

3.Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.

4.Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.

5.Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті.

Педагогика. Алматы-2003ж.

6. Л. И. Литвина История дошкольный педагогики. Москва 1989ж.



Мақсаты: Я. А.Коменскийдің педагогикалық көзқарастары, еңбектері,

жөнінде теориялық білімдерін жетілдіру.



Тірек ұғымдары: Богемалық туыстар, Священник, Туыстық, Дидактика,

Табиғатқөа сәйкестілік принципі.




  1. Тәрбиенің рөлі, оның мақсаты мен міндеттері

XVI ғасыр мен XVII ғасырдың аралығындағы жаңа педагогиканың негізін қалаушы ұлы чех педагогы Ян Амос Каменский (1592 – 1670) 1592 жылы 28 наурызда туылды.

Бұл кезде XV ғасырдың бас кезінде болған тарихтағы аса зор ұлт – азаттық гусит қозғалысының әсері әлі де бар еді. Соның ықпалымен шаруалар мен қолөнершілердің қалың бұқарасы демократияшыл көзқарастағы адамдармен “Чехтық” немесе “ Бумегалық туыстар” атты қауымдарын құрды.

Ян Амос Коменскийдің әкесі осы қауымның мүшесі еді, ал өзі кейінірек сол қауымның көсемі болды.

Қауымның көмегімен ол латын мектебін, кейінірек университер бітіреді.

1620 жыл чех басқыншыларымен күресте жеңіліске ұшырауына байланысты ұлы пеадагогтың отаны өзінің дербестігін жойды, ең үлкен күйзеліске кезікті. Ян Амос Коменскийдің қымбат бағалы кітапханашы мен қолжазбалары отқа жағылды және барлық отбасынан айрылды. Отанынан айрылған отбасы мүшелері Польшаға келіп паналады.

Ян Амос Коменский 1631 жылы “Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі” – деген оқулығын жазып шығарды. Білім беру тарихындағы тұңғыш оқулық жедел 15 елдің тіліне аударылып, мектептерге кеңінен тарады.

1632 жылы Ян Амос Коменскийдің есімін дүние жүзіне танытқан “Ұлы дидактика” еңбегі жазылып бітті. Осы еңбектерімен атақты ғалым және педагог ретінде әйгіл болған Ян Амос Коменский 1641 жыл мен 1654 жылдың аралығында әдейі шақырумен Англияда, Швецияда және Венгрияда болып, мектеп реформаларын әзірлеу ісіне, оқулықтар және оқыту әдістемесін жасаумен айналысты.

1648 жылы ол шетелден Лешноға келіп, кешікпей “Чех туыстық” қауымының басшысы болып сайланды. Осы жылдары оның “Әлемді суреттеп бейнелеу” – оқулығы, “Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары” және “жастарға арналған мінез – құлық ережелері” – деген пеадгогикалық шығармалары аяқталды. “Әлемді суреттеп бейнелеу” - өмірдің әр саласынан мәлімет беретін энциклапедиялық кітап ХІХ ғасырға дейін балаларға арналған негізгі мектеп оқулығы болып келді.

1656 жылы Швед – поляк соғысы кезінде “Чех туыстығының” ең ақырғы панасы Лешно қаласы өртенді. Өмірінің соңғы жылдарын ұлы педагог Амстердамда өткізді, оның “Ұлы дидактикасы” 1657 жылы осында бастырылды.

Ян Амос Коменский 1670 жылы Амстердамға таяу жердегі Наарденде қайтыс болды.

Орта ғасыр мен жаңа дәуірдің, феодалдық және капиталистік фоомацияларының аралығында өмір сүрген Ян Амос Коменский көзқарасы сол дәуірдің еекгеліктері мен қайшгылықтарына байланысты қалыптасты.

Ян Амос Коменский шығармаларына, әсіресе оның дидактикасына XVI – XVII ғасырдағы жаңа философиялық әсіресе ағылшын материализмін бастаушы Бэкон (1561- 1620) философиясының әсері болды.

Ян Амос Коменский дидактикасында реалистік те, материалистік көзқарастар болды, дидактиканың принциптерін материалистік сенсуализм тұрғысынан түсіндірді.

Сенсуализм – сезімдік қабылдауды таным процесінің негізні формасы деп санайтын философиялық бағыт. Бірақ оқу мен тәрбиенің жүйелерін құруда маңызды болып саналатын проблемасын шешуде оның көзқарасы екі жақты болды.

Ян Амос Коменский ақиқаттың бір саласы - логикалық, оның көзі - діни сапа. Ақиқаттың екінші саласы – табиғатты танудан шығады. Табиғат жер бетіндегі байлықтың, бақыттың көзі, бұл көзді ретті иемдену үшін табиғатты білу керек, ол үшін білім қажет деді. Қайта өркендеу дәуірінің әсерімен Ян Амос Коменский адамға, оның ақылы мен күшіне сенушілікті бірінші қатарға қойды, оның ақылы “Ақиқатында бүкіл дүниеде зор” – деген тұжырымға келді.

Ян Амос Коменский “Әлем тәлкегі және жүрек жұмбағы” – шығармасында өткір сатира түрінде өз кезіндегі қоғамдық құрылысты әшкереледі.




  1. Табиғатқа сәйкестілік принципі.

Ян Амос Коменский өз заманындағы білім беру жүйесіне, мектеп құрылысына мектептің жаңа түріндегі идеяны қарсы қойды. Ол өмірге пайдалы, іске қажетті білімдерді оқытуды талап етті. Сондықтан мектептің мақсаты – ақылды адамды тәрбиелеу, бұл мақсатқа жетудің бірден бір жолы – деді. Ян Амос Коменский – жас жеткіншектерге тәрбие және білім беру. “Адам болуы үшін ол білімді алуы тиіс”. “Білімділер нағыз адам” – деді.

Бүкіл тәрбие ісі Ян Амос Коменскийше табиғатқа тән, жалпы заңдылықтарға сәйкес болуы тиіс. Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде алып қарап, тәрбие ісін адамның табиғатына сәйкес, оның табиғи қабілеті мен қасиеттерін дамытуға бағыттап жүргізу керек деп кеңес берді. Осы талап оның бүкіл педагогикалық іліміне енді және мұны ол тәрбие мен оқытудың жалпы принципі ретінде санады. Кейінірек Ян Амос Коменский анықтаған бұл идея педагогикада “Табиғатқа сәйкестік принципі” – деп аталды.

Ян Амос Коменский адам өзінің жетілуінде жалпы табиғатқа қатысты заңдарға тәуелді деп есептеді, осыған сәйкес құқрылатын тәрбиенің, білімнің және оқытудың жалпы принципін іздестірді.

Табиғатқа сәйкестік принципі” оқудағы схоластикамен догматизмге қарсы күресте мәнді болды. Ол құрғақ жаттау мен догматизмге қарама – қарсы оқытудың бала табиғатына, оның мүмкіншіліктеріне сәйкесті болуын талап етті.



Схоластика - өмір тәжірибесінен аулақтаған, көз алдындапғыдан басқаны көрмейтін адам . Батыс Европада және орта ғасыр және Жаңа замандағы діни философиялық ілім.


  1. Мектеп оқуының жүйесі, білім берудің мазмұны.

Оның ойынша адам ақылының шыңдалатын шеберхана сияқты орны – мектеп. Мектеп – “барлық адамды барлық нәрсеге үйрететін” - адамгершіліктің шеберханасы. Мектеп – оқушылардың “адамгершілігін”, “ақылын” тәрбиелеудегі білім мен оқытуды ұйымдастыратын орталық. Ол адамның өзіп жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отырып бір – бірімен байланысты құрылған оқудың 4 – сатылы кезеңін, осыларға сәйкес 4 – түрлі мектеп оқуының жүйесін ұсынды.



  1. Баланың туғанынан 6 жасқа дейінгі кезеңінде әр үйде – “Ана мектебі”.

  2. 6 – 12 жасқа дейінгі балалар үшін әр бір қауымда – “Ана тілі” мектебі.

  3. 12 – 18 жастағы жастар үшін - әрбір қалада латын мектебі.

  4. 18 – 24 жатағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болуы керек деді.

Ян Амос Коменский XVII ғасырдың өзінде біртекті мектеп жүйесі жөнінде демократиялық принцип ұсынды.

Ян Амос Коменский оқудың мақсаты – ғылыми білімді меңгеру және өмірег пайда келтіру деп білді.

Ян Амос Коменский өзінің тамаша шығармасы “Ұлы дидактиканы” барлық халық жастарын бүкіл білім салаларына жаңа жолмен, оңай және ұғымды етіп оқыту үшін жазды, онда өзінің алдына оқытудың жолын жаңа негізге салу мақсатын қойды.

“Ұлы дидактикада” төмендегідей 4 дидактикалық сұраққа жауап берілді:



  1. Қалай жақсы оқытып, тәуір оқуға болады.

  2. Оқыту мен оқудың жеңілдігі.

  3. Оқыту мен оқудың негіздері.

  4. Тез оқудың ережесі мен тәсілдері.

“Ұлы дидактиканың” арнаулы тарауларында оқыту ісіне қойылатын басты дидактикалық талаптар:

  1. Оқытуға қолайлы уақыты таңдау.

  2. Оқушыларды сабақ оқуға ынталандыру.

  3. Материалды біртіндеп күрделендіру.

  4. Анық пайда келтіретін нәрсені ғана оқыту.

  5. Саналы түрде меңгеретін нәрседен басқаны жаттатпау.

  6. Бала табиғатын ескеріп отыру: оның меңгере алатын нәрсесін ғана оқыту.

  7. Материалды меңгерту үшін мүмкіндігінше сыртқы сезімдерді де қатыстырып оқыту.

Ян Амос Коменский “Ұлы дидатикасында” педагогикалық ойды және мектеп оқуын ілгері дамытуда ерекше роль атқаратын дидактикалық принциптерді анықтады. Оқудың көрнекілігі, сналы оқу, оқудың жүйелі болуы, сатылы оқу, оқудың оқушы шамасына сай болуы , оқудың негізді болуы.

Ол көрнекілік принципін психологиялық талаптармен байланыстырды.

1. Дүние тану әдетте сыртқы сезім мүшелеріне байланысты, өйткені түйсікте болмаған нәрсе,ойда боуы мүмкін емес, осыған байланысты оқыту ісін заттар туралы құрғақ сөзден бастамай, нәрсенің өзіне бақылау жасатудан бастау керек.


3 – тақырып

ДЖОН ЛОКК ПЕН ЖАН - ЖАК РУССОНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Қарастырылатын мәселелер:

1. Джон Локктың педагогикалық көзқарастары.

2. Джон Локктың жұмысшылардың балаларын тәрбиелеудегі демократияға

қарсы көзқарасы

3. Жан – Жак Руссоның пдагогикалық теориясы.

4. Табиғи және еркін тәрбие теориясы.


  1. Руссо әйел тәрбиесі жөнінде


Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қ Бержанов, С. Мусин. Педагогика тарихы. Алматы-1986ж.

2.Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.

3.Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-2004ж.

4.Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.

5.Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті.

Педагогика. Алматы-2003ж.

6.Л. И. Литвина История дошкольный педагогики. Москва 1989ж.


Мақсаты: Джон Локк пен Жан Жак Руссоның педагогикалық көзқарастары

мен идеяларына кең түрде тү.сінік беру.



Тірек ұғымдары: Буржуазиялық революция, Сенцуализм, Гуманистік бағыт.
1. Джон Локктың педагогикалық көзқарастары.

XVII ғасырда Англияда өндіріс төңкерісін әзірлеген буржуазиялық ревалюция болды. Бұл ревалюция феодаолдық құрылысқа қарсы бағытталды да, жаңа заманның, яғни капиталистік шаруашылықтың жүйесі мен бурхуазиялық үстемдіктің орнай бастағандығын көрсетті. Бірақ бұл революцияның ерекшелігі сол – ол буржуазиялық революциялардың бастамсы еді, сондықтан ол іри бастаған феодаолдық қоғамның негізінде дамыды. Ол кезде ірі әлі машиналы капталистік өндіріс те пролетарият та жоқ еді. Революция буржузия мен феодалдалдардың арасындағы ымырамен аяқталды. Осындай тарихи жағдайлар Джон Локкттың саяси - әлеуметтік, философиялық және педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына әсер етті.

Д.Локк буржуазиялық отбасында өскен, адвокаттың баласы. Оксфорд университетін бітірісімен 1658 жылдан бастап, сонда сбақ берді, кейінірекжаратылыстанумен әуестенді, медицинаны зертеді. Д. Локктың философиялық көзқарастарының қалыптасуына Бэкон мен Декардтың шығармалары күшті әсер етті. Ол таным теориясымен зерттей отыра, Бэкон негізін салған ағылшын материализмін ілгері дамытты. Өзінің “Адам ақылы ждөніндегі тәжірибе ” (1960 ) деген негізні философиялық еңбегінде идеялардың адам туысынан пайда болмайтындығын дәлелдеуге тырысты.

Д.Локктың ойынша, бала жаны табиғатынан ақ тақта сияқты тап – таза болады. Идяеларлың туысынан пайда болмайтындығы жөніндегі Локктың ойлары адамның дамып жетілуіндегі тәрбиенің мәнін жоғары бағалауа мүмкіндік береді. XVIII ғасырдағы материалистер өз күрестерінде Локктың пікірлеріне арқа сүйеді. Бірақ Локк табанды материалист бола алмады. Оның философиясы дуалистік (екі жақтылық) ерекшелікте еді.


2. Джон Локктың жұмысшылардың балаларын тәрбиелеудегі демократияға қарсы көзқарасы
Локк өзінің педаогикалық көзқарастарын “Тәрбие жөніндегі ойлар” (1693) және “Ақылды тәрбиелеу туралы” деген еңбектерінде баяндады. Ол адамның туысымен бірге бітетін идеяларға қарсы шыға отыра, адамды қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші мәнін мойындады.

Локктың ұсынған тәрбиесінің мақсаты - өз ісін ойластыра отырып сақтықпен жүргізе алатын, өз мүдделерінің реттілігін қамтамасыз ете алатын үстем таптың жас өспірімін тәрбиелеу.

Локк тәрбие арқылы қарапайым адамдардың балалары емес, дворян балаларын жетілдіруді, тәрбие арқылы оларға буржуазиялық іскерлік сапалар мен ерекшеліктер сіњруді арман етті. Локк ±сынѓан тєрбиеніњ негізінде Анеглия ‰кіметініњ басына келген жања буржуазиялыќ болашаѓы - ‰стем таптыњ жас µспірімін ќалыптастыру маќсаты болды.

Локк оќу – тєрбие ж±мысыныњ мектепте ж‰ргнізілуіне ќарсы болды.

Локк дене тєрбиесін басќак тєрбиелердіњ негізі деп есептеп, оныњ мєнін жоѓары кµтерді. Ол “Мыќты денеде мыќты рух” болады дей отыра, дене тєрбиесініњ µз заманына сєйкесті ж‰йесін ±сынды.

Локк адамгершілік тєрбиесін кењірек ќарастырды. Ол адамгершілік ќасиеттер мен сапалар ретінде адамдардаѓы кішіпейілділікке, ±стамдылыќќа, саќтыќќа жєне єділеттілікке ерекше мєн берді.

Локктыњ ойынша адамѓа ќажетті таѓы бір сапа – мінез – ќ±лыќтаѓы мєдениеттілік.

Локктыњ дєлелінше, адамгершілік тєрбиесініњ наќты тєсілдері мен ќ±ралдары мынадай принциптерге негізделуі тиіс.

Табиѓатќа сєйкестілік.

Бала табиѓатын жете зерттеу жєне балаѓа даралыќ ќатынас орнату.

Тєрбиедегі ќаталдыќты балаѓа с‰йіспеншілік білдірумен ±штастыру.

Локк ±сынѓан тєрбиеніњ жолдары мен ќ±ралдары:



  1. ‡лгі - µнеге кµрсету.

  2. Єдеттендіру.

  3. Балалармен пікір алысу жєне олардыњ єуестенушілік ынталарын ќанаѓаттандыру.

  4. Намыс жєне теріс ±ѓымдарына назар аудару.

Локк балалардыњ еркіндікке, бостандыќќа ынталы кѓлетіндігімен санасуды талап етті. Локктыњ пікірінше “Оќудыњ маќсаты – білім, ал білімніњ маќсаты – тєжірибе немесе басќаларѓа білім беру”. Локк практикалыќ мєні жоќ, ќ±рѓаќ білімдерге ќарсы болды.

Оќытудыњ єдістері жµніндегі мєселелерді ќарастырѓанда Локк ењ бірінші орынѓа баланыњ ойлауын тєрбиелеуді ќойды. ¤здігінше ойлау даѓдыларына ‰йрету – Локктыњ оќыту єдістерініњ негізгі принциптерініњ бірі.

Коменский сияќты Локк та оќуды к‰шпен зорлап ж‰ргізуге ќарсы болды.

Сонымен. Локк баланыњ д±рыс мінез – ќ±лќын ќалыптастыру, ќабілетитіктерімен µздігінше ойлауын дамыту, оныњ рухани жєне дене шыныќтыру жµніндегі тєрбие ж‰йесін зерттеді. Коменский мен Локктан іріктелген педагогикалыќ м±ра буржуазиялыќ реворлюция кезінде зор мањызѓа ие болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет