MS-DOS операциялық жүйесі
Жоспар:
-
MS-DOS операциялық жүйесі.
-
CD, MD, RD командалары.
-
DIR, CLS командасы.
-
COPY, REN, COPY CON командалары.
-
TYPE, DEL командалары.
-
VER, TREE, TIME, DATE командалары.
1. MS-DOS операциялық жүйесі.
Осы уақытқа дейін каталогтарға, файылдарға қатысты көптеген операцияларды WINDOWS жүйесінің қосымшалары арқылы және NC қабықшасы арқылы орындап келдік. WINDOWS жүйесі, NC қабықшасы пайда болғанға дейін бұл операциялар қалай орындалып келді, компьютер жұмысын басқаратын операциялық жүйе қандай болады.
Көп уақытқа дейін әлемде кең тараған операциялық жүйе Microsoft фирмасының дайындаған MS-DOS дискілік операциялық жүйесі болып келді. Бұл жүйені
WINDOWS 95, 9х, 2000 операциялық жүйелері ауыстырды.
MS-DOS операциялық жүйесінің командаларымен жұмыс істеуді жеңілдету мақсатында NC, DN, т.б. қабықшалар пайда болды.
MS-DOS жүйесін әліде кейбір жағдайларда пайдаланады. Microsoft Windows 98 операциялық жүйесінде Сеанс MS-DOS деген программа бар. MS-DOS жүйесі іске қосылғанда экран қара түсті болып тұрады да, с:> шақыруы көрініп тұрады. Қандайда бір операцияны орындау үшін команданың барлығы клавиатурадан теріліп отыруы қажет. Бұл жұмысты күрделендіріп жібереді. Сондықтан NC, DN қабықшалары пайда болады. Одан соң дамын талаптарын қанағаттандыратын, MS DOS-тың (жалғасы) жұмысына қарағанда жеңіл басқарылатын Microsoft Windows операциялық жүйелері пайда болады.
2. CD, MD, RD командалары.
Каталогты алмастыру. CD, CD.. командалары.
Каталогтармен жұмыс істеу кезінде бірінші деңгейлі каталогтан ішкі каталогқа өту не керісінше әрекет жиі кездеседі. MS DOS- та ағымдық каталогтан ішкі каталогқа өту командасы - СD, ал ағымдық ішкі каталогтан бірінші деңгейлі каталогқа өту командасы
–СD… . Мұндағы қатар орналасқан екі нүкте (..) – ағымдық каталогтан бір деңгей жоғары болатын каталогтың қысқаша белгісі мысала,
-
С: ағымдық дискісінде жазулы DOS каталогына өту. (DOS –ты ағымдық ету) командасы:
С:\> CD DOS
-
С:\ DOS ағымдық каталогынан С:\ каталогына қайтып өту командасы:
С:\ DOS> CD..
Бұл кезде командалық жолда С:\> шақыруы қайта көрінеді.
3) F:\ STUDENT\ TREN\ PROF ағымдық каталогынан бірден
F:\ каталогына, яғни түбірлік каталогқа өту үшін
F:\ STUDENT\ TREN\ PROF> CD \
Жаңа каталог ќ±ру. MD командасы.
Атауы латын альфабитінің бас әріптері мен цифрлардан тұратын жаңа каталог ќ±рып, оны ішкі каталогтар тізіміне тіркеп қоюға болады. Каталог ашу командасы –MD (Make directory – каталог құру). Мысалы,
-
С: дискісінде жаңа каталог, айталық KURS каталогын ашу командасы мынадай:
С:\> MD KURS
Бұл кезде С:\- те жазулы каталогтар тізіміне KURS каталогы тіркеліп қойылады да, командалық жолда С:\ KURS> шақыруы көрінеді.
-
С:\FOTON > ағымдық каталогының ішкі каталогы ретінде INFOR каталогын ашу командасы.
С:\FOTON > MD INFOR
Бос каталогты жою. RD командасы.
Алғашқыда бос болатын KURS сияқты каталогты түрлі файлдармен толтыра беру
мүмкін қажет болмаса, бос каталогты RD командасы арқылы алып тастауға да болады. (Remove Directory- каталогты алып тастау). Жоғарыдағы мысалдағы бос KURS каталогын алып тастау үшін
С:\> RD KURS
RD командасы бойынша бос емес каталогты алып тастау үшін алдын ала атаулары осы каталогта тиеулі файлдарды толық өшіріп алу керек. (түбірлік және ағымдық каталогтарды өшіру мүмкін емес).
3. DIR, CLS командасы.
DIR – ағымдық каталог мазмұнын экранға шығару командасы. Бұл команданың бірнеше берілу түрлері бар, Мысалы
1. С:\> dir
Бұл команданың орындалу нәтижесінде ағымдық С: каталогының мазмұны бір бағанда бәрі бірден көрінеді.
2) С:\> dir / D
-каталог мазмұнын экранға парақтап шығару. Ол каталогтың экранға сиятын бірінші бөлігін экранға шығарады да, компьютер жұмысын уақытша тоқтатады. Оның келесі бөлігін экранға шығару үшін кез-келген клавишті басса болғаны.
3) С:\> dir / W
Каталог мазмұнын экранға 5 бағанға бөліп шығару.
4) С:\> dir / W / P
Каталог мазмұнын экранға 5 бағанға бөліп парақтап шығару.
5) С:\ BASIC> dir *. BAS
ағымдық С:\ BASIC каталогындағы .BAS типті файлдарды экранға сипаттамаларымен шығару.
CLR – экранды тазалау командасы.
(Clear SCREEN – экранды тазалау)
Команданың берілу түрі:
С:\> CLR
4. COPY, REN, COPY CON командалары.
COPY командасы. Файл мен файлдар тобын көшіру және текстік файл құру үшін пайдаланылады. (COPY – көшіру). Бұл команда бойынша файлдарды бір дискіден екінші бір дискіге, бір каталогтан екінші бір каталогқа көшіруге не бір каталогта оған басқа ат беріп, көшірмесін алуға болады.
Команданың берілу мысалдары:
1) BASIC каталогының барлық файлдарын С: дискісінен А-ға көшіру:
С:\>С:\> COPY BASIC A: \ BASIC
2) С:\ BASIC каталогында жазулы ESEP. BAS файлын A:\ BASIC каталогына жазу: С:\ BASIC> COPY ESEP. BAS A:\ BASIC \ ESEP. BAS
3) С:\FOTON каталогында жазулы kazega. com файлын С:\ DOS каталогына көшіру:
С:\FOTON > copy kazega. Com C: \ DOS\ kazega. Com
4) С:\ BASIC каталогына ендірілген Ornek1.bas файлының сол каталогта Ornek2.bas аты берілген көшірмесін алу:
С:\ BASIC> COPY Ornek1.bas Ornek2.bas
5) С:\FOTON каталогында жазулы f1.txt және f2.txt файлдарын ретімен f3.txt файлына біріктіру:
С:\FOTON> COPY f1. txt + f2. txt f3. txt
Бір дискіде жазулы файлдарды түгелімен екінші дискіге көшіру үшін DISKCOPY командасын беруге болады.
Мысалы, барлық файлдарды А: - дан В-ға көшіру командасы:
А:\ diskcopy А: В:
REN командасы файлдың орнын ауыстыру, атын өзгертіп, басқа ат беру үшін пайдаланылады. (rename – атын өзгерту, басқа ат қою)
REN және COPY командаларының берілу түрлері ұқсас. Мысалы, REN командасын пайдаланып, C:\ BASIC каталогына ендірілген Ornek1.bas файлының атын Ornek2.bas атына өзгерту командасы мынадай:
С:\ BASIC> REN Ornek1.bas Ornek2.bas
Бұл команданың орындалу нәтижесінде дискідегі алғашқы Ornek1. bas файлы жойылып кетеді де, сол мазмұнды Ornek2. bas файлы пайда болады. (Ал COPY командасының берілуі кезінде Ornek1.bas файлы жойылмайды).
COPY CON – MS DOS жүйесінде текстік файл құру командасы. Команданың берілу үлгісі:
[а.к] > copy con <файл аты>
( [а.к]- ағымдық каталог)
Тексті клавиатурадан теру кезінде әр жолды теріп болған соң Enter клавишін басу керек. Тексті теруді аяқтаған соң оны дискіге жиеу үшін
1) CTRL + Z 2) Enter
командаларының ретімен берілуі тиіс. Мұның біріншісі терілген текстің соңын белгілеу нұсқауы. Оны F6 клавишін басу арқылы орындау да мүмкін.
5. TYPE, DEL командалары.
TYPE – MS DOS жүйесінде дискіде жазулы файл мазмұнын экранға шығару командасы. (type – көрсету)
Оның берілу түрі:
[а.к]- type <файл аты>
DEL командасы арқылы каталогқа ендірілген бір файлды, файлдар тобын не барлық файлды өшіруге болады. (delete – жою, өшіру). DEL командасының аргументінде маршрут, өшірілетін файлдың аты не атаулар шаблоны болу мүмкін. Мысалы:
1) C:\ BASIC каталогында жазулы esep. bas файлын өшіру.
C:\ BASIC > del esep. bas.
2) C:\ BASIC каталогынан атаулары үш символдан тұратын, OR – дан басталған .BAS типті барлық файлдарды өшіру:
C:\ BASIC > del OR?. Bas
3) C:\ - те ашулы бос емес BASIC каталогын оның ішкі файлдарымен қоса өшіру:
C:\ > del Basic
Бұл кезде жүйе “каталогтын барлық файлдары жойылады? Сіз сенімдісіз бе (Y/N)?” сұрағын экранға шығарады. Оған жауап ретінде Y клавиші басылса болғаны. (Y – YES (Иә) не N – NO (жоқ) – каталогты жоймай көру қайту).
Соңғы командадағы өшірілетін С:\ BASIC каталогы жаңа ашылған, яғни файл атаулары ендірілмеген каталог болуы да мүмкін.
(CD, CD.., MD, RD, COPY, REN, COPY CON, TYPE, DEL командаларының берілуінің оңайтылған тәсілдері бар). Алдағы тақырыптарда тоқталамыз.
6. VER, TREE, TIME, DATE командалары.
VER – машина жұмыс істейтін MS-DOS вариантын экранда көрсету (version- версия, вариант)
TREE – каталогтар ағашын экранға шығару (tree – ағаш)
TIME – жүйелік уақытты экранға шығару.
Команда берілген кезде экранда “сағат, минут, секунд” үлгісінде жүйелік уақыт көрсетіледі де, пайдаланушыдан жергілікті уақытты ендіру сұралады. Оны көрсетілген үлгіде енгізу керек, ол ендіру қажет болмаса, Enter клавишін баса салу жеткілікті.
DATE – жүйелік программа бойынша календарлық күнді “ай - күн - жыл” үлгісінде экранға шығару.
Бұл команда орындалған соң көрсетілген үлгіде жаңа мезгілді енгізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |